Ежелден қазақ аспаздығы өзіндік технологиямен ерекшеленеді. Қазақ халқының тұрмыстық ерекшелігі тағам даярлау әдісіне де өз ізін қалдырды. Дәстүрлі қазақ аспаздығында қаунатуға ерекше көңіл бөлінді. Осы процесс еттің жұмсақ және нәзік дімдерін алуға мүмкіндік береді, оған шырындылық пен хош иіс береді.
Ерекше орын өнімдерді ұзақ мерзім сақтауға берілді. Малды сою кезінде оны сақтауға тырысты, ол үшін етті тұздаған, қақтаған, кейде ыстаған, жеңсік астар негізінен жылқы етінен дайындалған-қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б.
Сүт және сүт өнімдері де кең қолданылды. Көшпенді жағдайда сақтауға ыңғайлы болғандықтан, сүт қышқылды өнімдерге ерекше көңіл бөлінді.
Нан көбіне шелпек , тандыр нан түрінде даярланған, соның ішінде бауырсақтар да кең қолданыс тапқан.Сусындар ішінде ең сүйіктісі қымыз, шұбат, айран болды., ерекше орын шайға берілді.
Қазақтың ұлттық тағамдарын жіктеу
Жалпы ұлттық тағамдар жөніне келетін болсақ, көшпенділіктен отырықшы тұрмысына көше бастағаннан бері ұлттық тағамдардың ассортименті де кеңейе бастады. Барлық қазақтың ұлттық тағамдарын қазіргі заманғы ерекшеліктерді ескере отырып төмендегідей жіктеуге болады:
– салқын тағамдар (салқын тағамдар және ет, балық, құс еті жеңіл тағамдары, салаттар): қазақша салат; «Алматы» салаты; «Шал,ам» салаты; қазы–салат; ет–салат; «Көктем» салаты; алма–салат; шомыр–салат; қазақша шалқан салаты; «Туған жер» салаты; қызанақ қосылған «Асқабақ» салаты; «жаздық» салат; сирақ–салат; «өкпе–бауыр» салаты; «Әсем» салаты; пияз қосылған жылқы еті салаты; қияр қосылған жая салаты; майонез қосылған ми; түрли еттер; құйрық–бауыр; шұжықтаған тауық; Алматыша үйрек; орамаланған қабырға; салқын әсіп немесе ми шұжық; қазақша орама; турамаланған төс; «Казахстан» ассортиі;түркістан ассортиі; Есік балық ассортиі; ауыл ассортиі;ысталған жылқы еті ассортиі;балқаш тістемесі; уылдырық салынған жұмыртқа; гарнирлі Каспий майшабағы;
– бірінші тағамдар (құма көжелер, тұз көжелер, сүт көжелер, мөлдір көжелер, салқын көжелер: сүйек сорпасы; қазақша тұз көже; каспийше балық тұз көжесі; жылқы етінің ыстамаларын қосқан тұз көже; құрт сорпа; қазақша қой еті бар күріш көже; жарма көже; тары көже; жүгері көже; бауырсақ сорпа; ащы сорпа; әр түрлі жармалар салынған қой басы еттерінен көже; субөнімдер сорпасы; ішек–қарын сорпасы; балық сорпа; кеспе– көже; ет–кеспе; үзбе көже; тұшпара көже; қою кеспе; сүт кеспе; қазақша көк сорпа; суық сорпа;
– екінші тағамдар (ет, балық, құс еттерінен, ет және балық өнімдерінен, жармалардан, бұршақтардан, жұмыртқа мен сүзбеден, ұн өнімдерінен дайындалатын тағамдар); қазақша кауап; бауыр–кауап; қой еті кауабы; ауыл кауабы; бүйрек кауабы; балық кауабы; қазақша бастырма; қой басы; қой етінің белдемесі; төстік; тықпаланған жамбас; көк турамалары салынған жауырын; қозы етінен қуырма; бұқтырылған ет; қазақша қуырдақ; сирақ қуырдағы; ет қуырдағы; құс еті немесе қоян етінен қуырдақ; картоп қосылған жылқы ыстамалары; әсіп; ми–шұжық; қой ішегі; қатық қосылған сирақ; алматы биточкилері; жастар котлетасы; медеу балапан еті; береке балапан еті; алма қосылған қырғауыл еті; палау; құс еті қосылған палау; мейіз палау; ыстама қосылған палау; мейіз және өрік қосылған палау; каспий палауы; асқабақ қосылған палау; қазақша ет; қазақша кеспе; жусай қосылған кеспе; субөнімдер қосылған кеспе; ет сықпа қосылған кеспе; құс еті қосылған кеспе; бүйрек қосылған кеспе; манпар; ет–кеспе; салмасы бар ет; піскен ет қосылған салма; ашымаған қамырдан дайындалған ет мәнтісі; ет және асқабақ салынған мәнті; асқабақ мәнтісі; балық тұшпарасы; ірімшік салынған мәнті; ашыған қамыр мәнтісі; ашыған қамырдан ет және асқабақ мәнтісі; қуырылған мәнті; тұшпара; балық тұшпарасы; субөнімдер пирожкиі; ет салмалы бәліштер; тандыр самсасы; асқабақ орамасы;
– тәтті тағамдар мен сусындар: алма–құймақ; жүзім құймақ; тары талқан; жент; қазыжент; құрғақ майсөк; бал қаймақ; бал қосылған ірімшік; қазақша демделген шай; көк–шай; шекер – шай; бауырсақтар; дәмді–нан; таба–нан; шелпек.
Жоғарыдағы жіктеуден көрінгендей қазіргі заманғы қазақ аспаздығында ұлттық тағамдардың үлесі шамалы. Көптеген қазақ аспаздығындағы тағамдардың рецептуралары жасалынбаған. Рецептуралары жасалынған тағамдардың энергетикалық, биологиялық және т.б. қасиеттерін зерттелінбеген.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары мынадай түрлерге бөлінеді:
Сүт тағамдары.