Лекция №5. Тақырыбы: Қабылдау


Қабылдаудың негізгі тәсілдері мен теориялары



бет2/4
Дата01.03.2023
өлшемі20,5 Kb.
#70793
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Қабылдау лекция

2. Қабылдаудың негізгі тәсілдері мен теориялары
Қабылдауға тән негізгі ерекшеліктер:
- Заттар мен құбылыстардың тұтастай бейнеленуі. Мысалы, алманы біз түсі қызыл, дәмі тәтті деп тұтастай қабылдаймыз.
- Физиологиялық негізі – бірнеше анализаторлардың қызметі (комплекстік). Мысалы, біз теледидардан сериал немесе жаңалық қарағанда көрі анализаторымыз арқылы қарап, есту анализаторымыз арқыры тыңдаймыз. Яғни бірнеше анализатор қызметі қатар жүреді.
- Қабылдауға үйрену. Себебі қабылдау туа пайда бола салмайды. Білім, тәжәрибе жинау барысында қабылдауға үйренеміз.
- Қабылдаудың негізі – қозғалыс. Қозғалыссыз қабылдау пайда болмайды. Мысалы, заттарды толық қарағанда көз көп қимыл жасайды. Оған дәлел: егер, арнаулы аспаптар арқылы көздің қозғалуын тоқтатса, көз көрмейді, сипап қабылдауда, қол қимылдары жетекшілік етеді.
Сыртқы дүниені бейнелеудің шындықты процесі бұл формалардан анағұрлым бай келеді. Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі кұрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъекті нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Біріктірудің мұндай түрі бір сезімдік қызмет аймағында да (суретке қарай, біз әр түрлі көру әсерлерін бір, бүтін бейнеге біріктіреміз, сондай-ақ бірнеше ссзімдік қызмет ауқымымен (апельсинді тану үшін біз көру, сипай сезу, дәм, бұларға қоса жеміс жөніндегі білімдерімізді байланыстырамыз) орындалуы мүмкін. Осындай психикалық біріктірудің нөтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз.
Бұрыннан белгілі заттарды (кітап, үй) танудың ешбір қиындығы жоқ – қажетті пікірге келу үшін адам қабылданатын объектінің бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаныс заттардың қабылданып, танылуы әлдеқайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру сияқты күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.
Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрскет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей кайталау). Сондыктан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырған жөн.
Сонымен бірге, қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъекті өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызу жөнінде ұйғарым қабылдайды. Былайша айтқанда, субъектінің танымдық іс-әрекеті көрнекілік пен ойластыру негізінде өтіп, қабылданатын объекті неғұрлым бейтаныс әрі күрделі болса, ондағы көрнекілік басымдау келеді.
Міне сондықтан да қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Және бір, маңызды жағдаят: заттың санада қабылдануы еш уақытта қарапайым, жәй деңгейде орындалуы мүмкін емес, ол психикалык іс-әрекеттің ең жоғары сатысы – тілмен тікелей байланысты. Адам затқа жай назар аударып, оның қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, соның арқасында заттың қасиеттері мен сапаларын тереңдете тани отырып, белгілі категориялар тобына қосады. Мысалы, адам уақыт корсететін механизмді қабылдай, танып, оны «сағат»сөзімен атайды, әрі осы механизм үшін онша қажетті маңызға ие болмаған сағаттың түрі, түсі, көлемі сияқты белгілерге мән берместен, оның негізгі қызметтік қасиеті – уақыт көрсетуге айыра зейін аударады.
Сонымен қатар, бір сәтте адам қабылданып жатқан затын белгілі категорияға жатқызып, сырттай ұқсас болған басқа категория заттарынан (барометр, компас) айырады. Осының бәрі субъектінің қабылдау іс-әрекеті өзінің психологиялық құрылымы бойынша бейнелі ой ісіне жақын екендігін дәлелдейді. Сонымен, қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдау теориялары (Г. Гельмгольц, И.М. Сеченов, Н.Н. Ланге). Эксперименттік феномонология әдісі. Қабылдаудың психофизикалық теориялары (Дж. Гибсон және Э. Гибсон, К.Х. Грехем, Х. Хелсон). Қабылдау және ішкі ыңғайлану (Д.Узнадзе).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет