Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір- қалыпты күйінде танып, білеміз. Көбіне заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғымас қалпында бейнеленеді.
Қабылдаудың мағыналылығы.Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.
Апперцепция.Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъектінің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігіапперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжірибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжірибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т. т. орай) әр түрлі қабылдайды.
Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат- мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы – иллюзия салдарынан жаңсақ пікірлер туғызатын жағдайларда болады.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау галлюцинация деп аталады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі: Маклаков А.Г. Общая писхология. М.-2008
2.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб Питер.-2005.
3.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. –М.:Изд-во МГУ, 1996
4.Берри Дж. Кросс-культурная психология. – Харьков: Гуманит. Центр, 2007.
5.Лебедева Н.М. Этническая и кросс культурная психология. М.: Макс-Пресс, 2011.
6. Мацумото Д. Психология и культура. СПб., 2002.
7. Берри Д, Пуртинга А., Сигал М., Дасен П. Кросс-культурная психология:
8.Исследования и применение/пер. с английского. Харьков: Гуманитарный центр. 2007.
9.Стефаненко Т. Г. Этнопсихология. М., Аспект Пресс, 2004.
10.Дуэйн Шульц, Сидни Элен Шульц. Казіргі психология тарихы. Астана. 2018.