Кіріспе
Пәннің мақсаты
|
Студенттерге тілдің қоғамдық мәнін, құрылымдық ерекшеліктерін, тіл көркемдігі жөнінде білім беру, тілдің фонетикасынан, лексикологиядан, сөзжасамнан, морфологиядан және синтаксистен, тілдің стилистикалық нормаларын, тіл мәдениетін игертуді мақсат етеді.
|
Пәннің міндеттері:
|
Пән тіл білімінің фонетика, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис салаларын қарастырады. Тіл дыбыстарының түрлерін, сөз таптарын, түрлену жүйесін, тыныс белгілерінің түрлерін, практикада қолдануын, тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындау жолдарын сипаттайды.
|
Күтілетін оқунәтижелері
|
1. - пәнді оқытуда бастауыш білім беру мазмұнын құрайтын салаларды тиімді интеграциялайды;
2. – пәнді оқытуда цифрлық ресурстарын таңдап АКТ-ны қолданады;
3.- білім алушыларды тілдік дағдыларға деңгейлеп дайындайды;
4.- технологияларды қолдану мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалайды;
5.- білім алушы тұлғасын қалыптастыру мен дамыту заңдылықтарын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан саралайды.
|
Оқыту әдістері мен технологиялары
|
- Оқытудың модульдік технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технолгиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы
-Ұжымдық оқыту әдісі;
- Проблемалық әдіс, эвристикалық әдіс;
- Жинақтау әдісі,материалдарды деңгейлеп беру әдісі т.б.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |