Лекция №7 Тақырып: Оптикалық теодолиттің құрылысы туралы жалпы түсінік. Лекция жоспары



бет5/6
Дата11.04.2023
өлшемі160,92 Kb.
#81414
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лек № 4 оптикалық теодолит (3)

τ = ρ'' ∙ l / R ,

где R – радиус внутренней поверхности ампулы, мм; ρ'' – величина радиана в секундах; l – длина деления ампулы, мм.


Чем больше R, тем меньше цена одного деления и тем точнее уровень. У точных теодолитов цена деления уровня колеблется в пределах 15 – 40" на 2 мм, а у технических – в пределах 45 – 60" на 2 мм.

Көру дүрбілер және оларды орнату. Алыста орналасқан заттарды көру үшін теодолитте көру дүрбісін қолданады. Көру дүрбісінің оптикасы жалпы түрде екі жинақтағыш линзадан нысанға бағытталған объективтен (1) және окулярдан (2) тұрады (сурет 7.5).



Сурет 7.5 Көру дүрбісі:
1 – объектив; 2 – окуляр; 3 – фокустайтын линза; 4 – қыл-жіптер желісі; 5 – кремальералық винт (кольцо)
Қазіргі геодезиялық дүрбілерде объектив және қыл-жіп желісі бір оправада бекітілген, яғни бір трубаның ішінде. Фокустайтын линза (3) объетивпен қыл-жіпті сетканың (4) арасында орналасқан таратын шыны (рассеивающее стекло) болып табылады, кремальералық винтті (5) айналдыру арқылы фокустайды.
Қарапайым дүрбілер сфералық және хроматикалық аберрациялар деп аталатын кемшіліктері бар. Сфералық аберрацияда жарық сәулелері шыныда сынған соң (преломления в стекле) бір нүктеде жиналмайды, сондықтан заттардың бейнесі анық емес болады. Хроматикалық аберрацияда жарықтың түссіз сәулелері шыныда сынып түстерге бөлшектенеді және бейненің шеттерін кемпірқосақтың түстеріне бояйды. Сфералық аберрацияны әлсірету үшін линзалардың қисықтығы әр тұрлі қылып жасайды, ал хроматикалық аберрацияны жойыту үшін линзаларды бір-бірінен қашықтықта орналастырады.


7.3 Оптикалық теодолитті тексерулер мен жөндеулер.
Дала жағдайында бұрыштық өлшеулер алдын теодолитті тексеру керек, яғни аспаптың конструкцияның негізінде орнатылған негізгі геометриялық шарттарға сәйкестігін. Егер геометриялық шарттар орындалмаған жағдайда, онда теодолитті тексеру қажет (аспапты реттеу).
Тексеру алдын теодолитті жалпы байқаудан өткізу қажет. Осы кезде:
1. Теодолиттің нысаналау дүрбінің оптикалық жүйесі анық бейне көрсету тиіс.
2. Теодолиттің вертикальдық осі және дүрбінің горизонтальдық осі бірсалынды және жеңіл айналу тиіс.
3. Теодолиттің барлық винттері (көтеру, нысаналау, бекіту) жарамды болу керек, ал деңгейлер қажетті сезгіштікке ие болу қажет.
Теодолитің негізгі осьтерінің өзара орналасуына байланысты, оған бірнеше талаптар қойылады. Теодолиттің негізгі осьтері 7.6 суретте келтірілген:
ZZ1 - вертикальдық осі (гориознтальдық шеңбердің алидадасының айналу осі);
НН1 - горизонтальдық осі (нысаналау дүрбінің айналау осі);
UU1 - горизонтальдық шеңбердің деңгейінің осі (ніль-пункттегі ампуланы ішкі бетіне жанама) (касательная к внутренней поверхности ампулы в нуль-пункте);
VV1 - нысаналау осі (жіпті тордың негізгі штрихтарынан қиылысқан жерінен және объективтік оптикалық ортасынан өтетін түзу).
Теодолиттің тексеруі төмендегідей тәртіппен өткізіледі.
1) Горизонтальдық шеңбердің алидадасының цилиндрлік деңгейінің осі UU1 аспаптың вертикальдық айналу осіне ZZ1 перпендикулярлы болу қажет. Осыны тексеру үшін деңгейдің осін екі көтеру винттерінің бағытына сәйкестендіріп қояды да, оларды әр жаққа қарай айналдыру арқылы деңгейдің үлбіруігін нөль-пунктке келтіреді. Содан соң деңгейді (теодолитті) 180°-қа бұрады. Егер бұрғаннан кейін де деңгейдің үлбіреуігі нөль-пунктте қалатын болса, онда UU1 және ZZ1 осьтерінің перпендикулярлық шарттары орындалғандығы. Үлбіреуік ортадан жылжығанда деңгейдің орны түзету винттерінің көмегімен жасалынады.
Практика жүзінде тексеру бұлайша жасалады: деңгейді екі көтеру винеттеріне параллель етіп қояды да, солар арқылы деңгейдің үлбіреугін нөль-пунктке келтіреді; деңгейдің нөль-пункті оның шкаласының ортасында болады; бұл кезде деңгей мен алидаданың айналу осьтері өзара орны өзгеріссіз қалады. Алидаданы 180°-қа бұрғыннан кейін деңгей осінің орнын, оның екінші қалпында нөль-пункт шкаласының үлбіреуіктің ауытқу доғасының жартысына түзетеді; бұл деңгейдің түзету винеттерінің көмегімен жасалынады. Тексеруге қажетті шарт толық орындалғанға дейін қайталай береді.
2) Дүрбінің нысаналау осі VV1 теодолиттің горизонталь осіне НН1 (дүрбінің айналу осі) перпендикуляр болуы тиіс. Перпендикулярлықтан ауытқу болса, онда ол с коллимациялық қателікке алып келеді. Осы жағдайды тексеру үшін вертикальдық шеңберді екі қалыпында (КП) және (КЛ) алыстау орналасқан жақсы көрінетін объектке нысаналайды және одан есептерді алады. Коллимациялық қателікті мынадай формуламен есептеп шығарады:


Т30 теодолиттің с шамасы 1΄ аспауы тиіс. Егер с шамасы есептеу құрылғысының дәльдігінен артып кетсе, онда нысаналау осінің орны түзетіледі. Қоллимациялық қателіктің әсерін жою үшін дүрыс есепті мынадай жолымен есептейді:





ол алидаданың нсыналау винтімен орнатылады. Егер осы кезде жіптер торының центрі нысаналанған объекттен шығып кетсе, онда түзету винттердің көмегімен торды объекттің кескінімен жіптер торының центрі беттескенше жылжытады. Коллимациялық қателікті түзетілген соң тексеруді қайталау керек.


3) Жіптер торының вертикальдық штрихы (немесе биссектор) дүрбінің коллимациялық жазықтығында болуы тиіс.
Нысаналау дүрбіні жіптік тіктеуішке нысаналайды. Нысаналау винтімен дүрбіні горизонтальдық осі бойынша қозғалтады, егер тіктеуіш пен вертикальдық штрихтың параллельдігі бұзылмаса, онда тексеру шарты орындалған. Егер дүрыс болмаған жағдайда окулярлық бөлімінің бекіту винттерін босатып оны вертикальдық штрих өз орнына түспегенше бұрады. Кейін тексеруді қайталау керек.
4) Нысаналау дүрбінің айналу осі теодолиттің вертикальдық айналу осіне перпендикулярлы болуы тиіс.
Теодолитті ғимараттан 10 - 15 метр қашықтықта орнатады және вертикальдық осі тік жағдайына келтіріледі. Теодолитті қабырғадағы биіктікте орналасқан нүктеге нысаналайды. Нысаналу дүрбіні аспаптың деңгейіне дейін төмен түсіріп, ол нүктенің проекциясын белгілейді. Дүрбіні зениттен айналдырып теодолиттің екінші жағдайында бұл операцияны қайталайды. Белгіленген нүктелер бір-біріне сәйкес келу тиіс, немесе биссектордың шегінен шықапу керек. Мұндай жағдайда тексеру орындалған деп есептейді. Егер шарт орындалмаған жағдайда тексеруді арнайы шеберханада өткізу тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет