Лекция 9 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды экономикалық тұрғыдан реттеу жолдары және экологиялық мониторинг Мақсаты: қ



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі48,36 Kb.
#114689
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 9


ЛЕКЦИЯ 9


Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды экономикалық тұрғыдан реттеу жолдары және экологиялық мониторинг
Мақсаты: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды экономикалық тұрғыдан реттеу жолдары және экологиялық мониторингпен танысу.
Жоспар:
10.1 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында экономикалық реттеу механизмі
10.2 Қоршаған орта қорғау және табиғи ресурстар мониторингі.
10.1 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы экономикалық реттеу механизмін оқып-білу барысында студент экономикалық реттеу механизмі табиғатты қорғау мәселесін тиімді басқаруға бағытталғанын білуі керек. Бұндай басқаруды жүзеге асыру табиғатты пайдаланушыға әртүрлі экономикалық тұтқыштарды қолдану, мемлекеттік және аумақтық табиғатты қорғау бағдарламаларын игеру арқылы мүмкін болады.
ҚР Экологиялық кодексі бойынша (2007 г.) қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi мыналар:
1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;
3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату;
6) экологиялық сақтандыру;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi болып табылады.
Ал қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық шаралар кешенi қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар болып табылады.
Ал қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар:
1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;
2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;
3) экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;
4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;
5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;
6) өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;
8) экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкiн.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Жаңа экономикалық механизмнің маңызды міндеті – қоршаған ортаны қорғауды өндірістік-коммерциялық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ету болып саналады.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және ұтымды пайдаланудың тиімді құралдары экономикалық тұтқыштар, олар рұқсат құжаттар, келісім шарттар және шектер (лимиты).
Лицензия – белгіленген мерзімде белгілі бір аңдар санын атып алуға, дәрілік өсімдіктерді жинауға, балық аулауға, қоршаған ортаға ластаушылар шығаруға және тағы біраз қатаң реттелетін табиғатты пайдалану мен оған әсер процестеріне рұқсат алғандар құқығын білдіретін құжат.
Табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалануға берілген лицензиялар экономикалық болады, ал шығарындылар, төгінділер, улы заттарды және т.б. көмуге берілген рұқсат экологиялық болып саналады.
Лимиттер – табиғатты пайдалануды белгілі бір мерзімге шектеу немесе белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың (шығарындылар, төгінділер, улы заттар, өндіріс қалдықтарын орналастыру және т.б.) нормативтік көлемі.
Табиғатты қорғау ісінің барлық деңгейіндегі маңызды бағыттың бірі - кешенді түрде мақсатты бағдарламаны жасау болып табылады. Кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі экологиялық жағдайдың талаптарына сай жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың кешені бойынша бағдарлама жасалуы тиіс. Кәсіпорынның төменгі звеносынан бастап, аудан, облыс жэне республика бойынша бағдарлама қажет-ақ.
Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша талаптарды сақтамай кәсіпорын келтірген зиянның орны толтырылсын деп заңда қарастырылган. Қоршаған ортаның ластануына орай белгіленген мөлшерде төлемдер де анықталган. Сондықтан, әр-бір бірлестікке, кәсіпорынға, үйымдарға қоршаған ортаның заттектермен ластаганы үшін төлемнің мөлшері айтылып, жеткізіледі.
Табиғатты корғау қорының негізгі қаржысын қалыптастыратын көздер: табиғи ресурстар ұшін төлемдер; кәсіпорын төлемдері; мөлшерден тыс тастаулар мен түрлі шығарындыларға айыппұл төлемдері; сот және әкімшілік жолымен өндіріліп алынатын айыппұлдар, лауазымды немесе жеке азаматтар табиғатты қорғау заңдарын бұзғандары үшін айыппұлдар жэәе т.б.
Табиғатты қорғау жұмысының тиімділігі үшін жергілікті өкімет орындарына каржыны үйлесімді пайдалануға кең өкілеттілік берілген. Бұл қаржылар табиғатты қорғаудың жаңа техникалары мен технологиясын құруға, мониторингтің автоматты жүйесіне, алдын ала сақтандыратын шараларға пайдаланылады. Табиғатты қорғау зандарын бұзу салдарынан алынатын әлеуметтік-экономикалық өтемдер; қоршаған ортаны қорғауға тигізетін әсері бойынша бағалау жүргізілетін жұмыстар мен шаруашылық қызметінің жобаларына мемлекеттік экологиялык сараптаманы жергілікті деңгейде атқарады; сол аймақтың құрушы аумағында өндіріс қалдықтарын қолдану үшін кәсіпорындар құру; табиғат­ты қорғау шараларына кәсіпорындар алған капиталдың сыйымды банк несиелерінің орнын толықтай немесе жартылай жабу істерімен жергілікті өкімет орындары айналысады.
Сонымен, нарықтық қатынастарға өтудің және жеке шаруашылық жүргізудің, табиғатты пайдаланудың ақылы ісін енгізудің құқықтық және ұйымдастырушылық алғышарты жасалды.
Қоршаған ортаның ластану төлемдерін анықтайтын нормативтер бойынша екі түжырымдама жасалды, экономикалық зиянның көрсеткіш базасындағы тұжырымдама мен шығын тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасында табиғат ресурстарын пайдалану табиғатты пайдаланудың жалпы және арнаулы тәртібімен іске асырылады.
Республика азаматтарының қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін жалпы табиғатты пайдалануда ресурстар бекітілмейді жэне ол тегін жүзеге асырылады. Табиғатты пайдаланудың арнаулы тәртібі мен оны пайдаланушыға айналым немесе жалга, шаруашылық және баскадай ісін жүзеге асыру үшін беріледі. Бүл бағдарлама акылы негізде жүргізіледі.
Арнаулы табиғатты пайдалану үшін төлеу жүйесіне екі төлем тобы кіреді:
1 -топ - қоршаған табиги ортаға калдықтарды орналастыруға жататын ластанған шығарынды мен зиянды заттек тастандыларына төлемдер:
- нормативтерден тыс белгіленген ластаушы заттек шығарындылары мен қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер;
2-топ - жерді, су ресурстарын, су қоймаларының биоресурстарын, жануарлардың ресурстар әлемін, орман жэне өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер. Бүл топтың төлеміне жататындар:
- белгіленген шама нормативтерінде табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- белгіленген норматив шамасынан тыс табиғи ресурстарды пайдаланганы үшін төлемдер;
- табиги ресурстарды ұдайы өндіру мен қорғау үшін төлемдер.
Ластаушы заттек шығарындысы мен өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтерін арттыру үшін төлем­дер бекітілген нормативті мөлшерлеме еселік келемінде белгіленеді. Нормативтен асып түскен ластанудың нақты келемінің маңыздылығынан еселік артық.
Заңға байланысты барлық табиғи ресурстар маңыздылығына карай республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалық деңгейдегі ресурстарға төлем мөлшерін коршаған ортаны қорғау министрлігінің ұсынуымен мемлекет белгілейді. Ал, жергілікті ресурстар бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын ведомстволар мен өзге органдардың ұсынуымен облыстық ұйымдар төлем деңгейін белгілейді.
Акылы табиғатты пайдаланудың жазалаушы қызметінің міндетімен қатар, әсіресе, нормадан тыс шығарындылар үшін табиғатты қорғау қызметінің материатдық жағынан ынталандыру мәселесін карастырған жөн. Шығарындыларды болдырмау коғамға қажетті азық ретінде ұсынылуы мүмкін. Демек, қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың бір формасы «өнімді» сату болып табылады. Қоршаған ортаны корғау кызметінде кәсіпорындар арасындағы бұл жүмыс мемлекет пен кәсіпорын арасында тауар алмасу жолымен жүзеге асырылады.. Нарық экономикасы дамыған елдерде белгіленген аумақ үшін белгілі көлемде, зиянды заттектердің шығарындыларына құқық беретін сертификатгарды сату жүйесінің тәжірибесі кеңінен өріс алуда.
Ластану нормасын сақтайтын кәсіпорын шығарындыларды қосымша қысқартқаны үшін тиесілі сыйақының бір бөлігін аламын деп есептеуіне болады. Әрине, ол кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларына қосқан үлесіне де байланысты болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:

  1. бюджет қаражаты;

  2. табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгiленедi.
Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебiнен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшiн әзiрлейтiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiледi.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегiнде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алынады.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы бойынша салықтық мiндеттемелердi атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтiрген залалды өтеуден босатпайды.
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленедi.
Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгiлеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн бекiту жолымен нарықтық тетiктер енгiзiлуi мүмкiн.
Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгiленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстанның қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөнiндегi квоталар саудасына қатысу мүмкiндiгi көзделген жағдайда, табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен тиiстi шарттық қатынастарға түсе алады.
Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағының қауiптi түрлерiн осы Кодекс және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ерiктi экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерiнiң еркiн бiлдiруiне қарай жүзеге асырады. Ерiктi экологиялық сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.
10.2 Экологиялық мониторингті оқып-білу барысында студент экологиялық мониторингті (латынша monitor – сақтандырушы, қадағалаушы) – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері екенін білуі керек.
Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.
Экология саласында мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету факторларының ең маңыздысы болып табиғи ортаның жай-күйі мен сапасы және оған деген әсердің дәрежесі жайында толық объективті ақпараттардың болуы. Осындай ақпараттарды алу мемлекеттің өзіндік қызметі – экологиялық мониторингтің мазмұны болып саналады. ҚР табиғи ортаның мониторингі жұмысы 1972 жылы Мемлекеттік гидрометкомитетінде табиғи ортаның ластану деңгейін Мемлекеттік бақылау қызметі құрылғаннан басталдыү.
Қоршаған ортаның мониторингі – бұл қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен басқа да тірі организмдерге деген қауіпті жағдайлар жайында алдын ала ескерту қызметі.
ҚР Экологиялық кодексінде мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi болып бөлінеді.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi - экологиялық қауiпсiздiктi, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешiмдердiң қабылдануы үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйi туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады.
Ол тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелерi мен мониторингтiң кiшi жүйелерiнiң базасында қалыптасады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi - экологиялық қауiпсiздiктi, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешiмдердiң қабылдануы үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйi туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мiндеттерi:
1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердiң жай-күйi туралы, антропогендiк әсер ету көздерi, тiршiлiк ету ортасының халық денсаулығына әсер ететiн факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;
2) қоршаған ортаның жай-күйiн, антропогендiк әсер ету деңгейлерiн, биосфера жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, экожүйелердiң функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;
3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешiмдерi мен өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдi болуына талдау жүргiзу үшiн деректермен қамтамасыз ету болып табылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ақпараттық қамтамасыз ету жинақтық деректер банкiне берiлетiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде жүзеге асыратын өндiрiстiк мониторингтiң нәтижелерiне негiзделедi.
4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мiндеттерi:
1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердiң жай-күйi туралы, антропогендiк әсер ету көздерi, тiршiлiк ету ортасының халық денсаулығына әсер ететiн факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;
2) қоршаған ортаның жай-күйiн, антропогендiк әсер ету деңгейлерiн, биосфера жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, экожүйелердiң функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;
3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешiмдерi мен өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдi болуына талдау жүргiзу үшiн деректермен қамтамасыз ету болып табылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелерi мен мониторингтiң кiшi жүйелерiнiң базасында қалыптасады.
Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне сәйкес табиғи объектiлерге зерттеу жүргiзуге және мониторинг түрлерiн (кiшi жүйелердi) ұйымдастыруға мiндеттi.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мазмұнын мониторингтiң мынадай кiшi жүйелерi:
1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;
2) табиғи ресурстар мониторингi;
3) мониторингтiң арнайы түрлерi құрайды.
Жұмыс iстеу процесiнде Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерiне мониторингтiң басқа да түрлерi енуi мүмкiн.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мониторингiн жүргiзу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады:
1) жергiлiктi (өндiрiстiк мониторинг және елдi мекендердiң нақты учаскелерiнiң, су тоғандары мен өзендердiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi);
2) өңiрлiк (өңiрлердiң физикалық-географиялық және экономикалық ерекшелiктерiн, экологиялық тұрғыдан ауыртпалықты аймақтардың бар-жоғын және қоршаған ортаның жай-күйi мен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететiн табиғи және техногендiк факторлар кешенiн ескере отырып, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiндегi мониторинг);
3) республикалық (қажет болған кезде жалпы мемлекеттiк мәнi бар iрi өңiрлер мен жекелеген объектiлердi бөлiп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағын қамтитын мониторинг).
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жекеменшiк бақылау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдау аккредиттелген талдамалық зертханаларда жүзеге асырылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде бақылау желiлерiн құру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қаржыландыру:
1) мониторингтiң республикалық деңгейiн жасауға және оның жұмыс iстеуiне қолдау көрсетуге;
2) мониторингтiң және оның кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ету, республикалық (мемлекеттiк және салалық) нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалар арқылы мониторингтiң нысаналы бағдарламаларын орындау үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi жасауға;
3) мониторингтiң аумақтық деңгейiн жасауға және оның жұмыс iстеуiне қолдау көрсетуге, оны дамыту мүддесi үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi жасауға арналып көзделедi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет