М.Дюверже партиялық жүйені жіктеп, санына қарай бірпартиялық, қоспартиялық (бипартиялық) және көппартиялық (мультипартиялы) деп үшке бөлді. Саяси мәртебесіне қарай доминантты, мажоритарлы, коалициялық деп бөлінеді. Егер мемлекетте партия бар болса, онда бұл партиялық жүйе бар дегенді білдірмейді. Партиялық жүйе белгілі бір тұрақтылық және бірлестік орнаған жағдайда ғана құралады. Бірақ көппартиялық жүйе болу ол өте қиын процесс болып саналады. Мысалы, 1991 жылы Коммунистік биліктің құлауы көп партиялардың және де саяси топтардың құрылуына әкелді.

Итальян ғалымы Дж. Сартори партиялық жүйелерді былайша жіктейді:
бір партиялы (Қытай);
гегемонды мәртебелі партиясы бар көп партиялы жүйе (Бразилия);
доминантты белгілі көп партиялы жүйе (Жапония);
қос партиялы жүйе (АҚШ);
орташа самарқау шектелген плюралистік жүйе (Бельгия);
полярланған және радикалды жүйелі партиялық жүйе (Италия);
«Бірпартиялық жүйе»саяси билікті қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Яғни бұл жүйе екі сатыда «бірпартиялық мемлекет» және «партиялық мемлекеттік аппарат» түрінде болады. Бұл жүйелердің біреуі социалистік мемлекетте яғни коммунистік партияны және қоғамдық ортаны басқарған. Мұндай партиялар қатты иделогиялық тәртіпті қорғаушы, өз идеологияларынан ауытқымайды және олар күрделі иерархиялық, демократиялық принципінде болады.
«Бірпартиялық жүйе» саяси билікті қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Яғни бұл жүйе екі сатыда «бірпартиялық мемлекет» және «партиялық мемлекеттік аппарат» түрінде болады. Бұл жүйелердің біреуі социалистік мемлекетте яғни коммунистік партияны және қоғамдық ортаны басқарған. Мұндай партиялар қатты иделогиялық тәртіпті қорғаушы, өз идеологияларынан ауытқымайды және олар күрделі иерархиялық, демократиялық принципінде болады.
Бүгінгі таңда Қытай мемлекетінің 4%‑ы Коммунистік партияның мүшелері (шамамен 88 млн халық), ал КСРО-ның 9%-ы Кеңестік Коммунистік партияның мүшелігінде болды. Мұндай партияның ядросы өте жақсы институцияланған, қызметі идеологиялық бақылауды мемлекеттік органдарда және қоғамдық институттарда қолданған.
Жалпы партиялардың әртүрлілігі мемлекет дамыған сайын олда жоғары сатыға көтерілді. Мысалы Гана, Танзания, Зимбабвені алатын болсақ ол елдерде бұл жағдай экономикалық дамумен байланысты болды.
Африкада және Азияда бірпартиялық жүйе ереже бойынша харизматикалық лидердің маңында дамып, идеялық қорытындыларын соның көзқарасымен жүргізген болатын, оған мысал ретінде, 1960 жылдардағы Гана партиясының жетекшісі Кваме Нкруманы, Танзиядағы Джулиус Ньерере, Зимбабведегі Роберт Мугабені айтуға болады. Мұндай партиялар әлсіз ұйымдастырылған және үлкен саясат жүйесінде маңызды орын алмайды.