Лекция 9 Саяси партиялар және партиялық жүйе



бет1/6
Дата30.03.2023
өлшемі125,45 Kb.
#77820
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саясаттану 9

Лекция 9

Саяси партиялар және партиялық жүйе

«Партия» ұғымы латынның бөлу, бөлшек деген сөзінен шыққан. Бұл ұғым ХҮІІ ғасырға дейін экономика мен өндіріс саласында тауардың, заттың мөлшерін білдіруге қолданылған. Ежелгі Грекияда ол қоғам қайраткерлерінің жақтастарын да білдірді. Тек Х1Х ғасырдан бастап қоғамдық-саяси термин ретінде қолданыла бастады. Ол туралы түсінікті бірнеше бағытқа бөлуге болады: біріншіден, партия – адамдардың идеологиялық байланыстарына негізделген тобы; екіншіден, партия – бір ғана саяси доктринаны мойындайтын адамдар тобы. Мұнда партияның мәнін ашуда оның сайлау жүйесімен байланыстылығына назар аударылады. Батыс саясаттануындағы партияның мәнін түсіндіретін үшінші бағыт - партияның құрылымдық ерекшелігін, ұйымдастыру ерекшеліктерін бірінші орынға қоюмен байланысты. Бұл бағыт бойынша, партия ерекше құрылымы бар, ұзақ уақыт өмір сүретін әлеуметтік құрылым ретіндегі адамдардың қауымдастығы тұрғысынан қарастырылады.

  • «Партия» ұғымы латынның бөлу, бөлшек деген сөзінен шыққан. Бұл ұғым ХҮІІ ғасырға дейін экономика мен өндіріс саласында тауардың, заттың мөлшерін білдіруге қолданылған. Ежелгі Грекияда ол қоғам қайраткерлерінің жақтастарын да білдірді. Тек Х1Х ғасырдан бастап қоғамдық-саяси термин ретінде қолданыла бастады. Ол туралы түсінікті бірнеше бағытқа бөлуге болады: біріншіден, партия – адамдардың идеологиялық байланыстарына негізделген тобы; екіншіден, партия – бір ғана саяси доктринаны мойындайтын адамдар тобы. Мұнда партияның мәнін ашуда оның сайлау жүйесімен байланыстылығына назар аударылады. Батыс саясаттануындағы партияның мәнін түсіндіретін үшінші бағыт - партияның құрылымдық ерекшелігін, ұйымдастыру ерекшеліктерін бірінші орынға қоюмен байланысты. Бұл бағыт бойынша, партия ерекше құрылымы бар, ұзақ уақыт өмір сүретін әлеуметтік құрылым ретіндегі адамдардың қауымдастығы тұрғысынан қарастырылады.

Неміс саясаттанушысы С. Нойман: «Партия – ол қоғамның белсенді саяси агенттерінің уставы бар ұйымы» деп көрсетеді. Олар өкімет билігін қадағалайды және халықтың қолдауына сүйенеді. Бұл пікір саяси партияның шынайы мәнін, әлеуметтік табиғатын толық ашпайды. Төртінші бағыт - әлеуметтік-таптық көзқарастағы бағыт. Бұл негізінен марксистік көзқарас, олар «саяси партия – таптың не әлеуметтік топтың мүддесін білдіретін, олардың белсенді өкілдерін біріктіретін, саяси күресіне басшылық ететін саяси ұйым» деп осы бағыт бойынша анықтама береді.

  • Неміс саясаттанушысы С. Нойман: «Партия – ол қоғамның белсенді саяси агенттерінің уставы бар ұйымы» деп көрсетеді. Олар өкімет билігін қадағалайды және халықтың қолдауына сүйенеді. Бұл пікір саяси партияның шынайы мәнін, әлеуметтік табиғатын толық ашпайды. Төртінші бағыт - әлеуметтік-таптық көзқарастағы бағыт. Бұл негізінен марксистік көзқарас, олар «саяси партия – таптың не әлеуметтік топтың мүддесін білдіретін, олардың белсенді өкілдерін біріктіретін, саяси күресіне басшылық ететін саяси ұйым» деп осы бағыт бойынша анықтама береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет