Лекция Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата13.03.2023
өлшемі431,76 Kb.
#73881
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
лекция 1900-2000 ж 3

 
 
№7 лекция 
Прозадағы тың жаңалықтар, жаңа прозалық шығармалар. Деректі проза. 
Детективтік әдебиет (ағылш. detective - әйгілеу, әшкерелеу) - шытырман оқиғалы қылмысты 
істерді ашуға құрылған шығарма. Детективтік әдебиет сюжеті жұмбақ қылмыс саларын 
логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналады. Басты кейіпкер ретінде із кесуші 
заң қызметкерлері немесе тыңшы, барлаушылар мен қылмыскер алынып, алуан түрлі оқиғалар 
аркылы екі жақтың ашық та астыртын кақтығыстарынан соң қылмыс әшкереленеді. Детективтік 
әдебиеттің тууы американ жазушысы Э.По ("Алтын қоңыз", "Мария Роженің сыры" (1842 - 43, 
"Ұрланған хат", 1844), ағылшын жазушысы У.Коллинз ("Ақ киімді әйел", "Киелі тас") 
есімдерімен байланысты. Әлемге әйгілі Шерлок Холмс образын жасаған А.К.Дойл 
шығармашылығы Детективтік әдебиетті жаңа белеске көтерді. Бұл үлгідегі әдебиеттің айтулы 
шеберлері - А.Кристи, Ж.Сименон, т.б. Қазақ әдебиетінде Қ.Исабаев ("Ажал құрсауында", 
"Коменданттың жазбалары"), Қ.Тоқаев ("Түнде атылған оқ") - осы жанрда қалам тартқан. 
Драматургия (гр. dramaturgіa) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір 
мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. 


Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис 
құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер 
құрады. Ежелгі гректер драматургиясы құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой 
толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы 
наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид), адамдардың кемшіліктері мен 
кемістіктеріне, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни табынушылықтарына 
күмәнмен қарады (Аристофан, б.з.б. 445 — 385).
Ежелгі римдіктер грек драматургиясының сыртқы пішінін мұра етіп, оны өздерінің қоғамдық 
өмірінің қажеттілігіне сәйкес жаңа рухпен байытты. Олардың трагедиялары қанды оқиғаларға 
(Сенека, б.з.б. 47 — 65), ал комедиялары гротескке (Теренции, б.з.б. 195 — 159, Плавт, б.з.б. 3 
ғасырдың ортасы — 184) толы болды. Орта ғасырларда драматургия көпшілік ойын-сауық, 
пұтқа табынушылық дәстүрімен қайта жаңарды. Христиан діні Еуропа халықтарының негізгі 
сеніміне айналғаннан кейін (5 — 6 ғасырлар) шіркеулерде литургиялық драма (10 ғасыр) пайда 
болды. Қалалардың дамуына байланысты драматургияда Тәурат оқиғаларын суреттеген 
мистерия, фарс жанры пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде Испания мен Англияда драматургия 
өзінің “алтын ғасырын” басынан өткерді. Англияда У.Шекспир адамзат трагедиясын суреттесе, 
Испанияда Лопе де Вега мен Кальдерон (1600 — 1681) әлемнің қайшылығын көрсетеді. Қайта 
өрлеу дәуірінде трагедия мен комедия өз дамуының жоғары сатысына көтерілді. 17 ғасырда 
Францияда абсолюттік монархия орнағаннан кейін классицизм драматургиясы дамыды. 
Драматургияда ішкі композициялық үйлесім, бөлімдер арасындағы логикалық байланыс басты 
орынға шықты. Классицизм трагедияларының ішкі пафосы — адам сезімін қорғауға құрылды 
(П.Конель, Ж.Расин). Классицизм драматургиясы Мольердің комедияларында жоғары 
көркемдік биікке көтерілді. 18 ғасырдағы ағартушылық дәуірінің өкілдері (Францияда Дидро, 
Германияда Лессинг) драматургияда өмірдің ақиқатын реалистік тұрғыдан бейнелеп, оны жанр, 
сюжет, мінез бен тіл жағынан бір қалыпқа келтіруге тырыстты. Классицизм мен реализмге 
қарағанда ақыл мен сананы бірінші орынға қойған сентименталистер мен “штюрмерлер” 
(“Дауыл мен тегеуірін” драматургиясының өкілдері), сезімді өнердің ең басты өрісі деп 
есептеген романтизм өкілдері (Гете мен Шиллердің бастапқы пьесалары) ерте кездегі тарихты 
нақты суреттеуге талпынды (В.Гюго, А.Виньи, Байрон, Шелли, А.Дюма) Батыс Еуропадағы 
драматургияның дамуындағы жаңа кезеңді 19 ғасырдың 2-жартысында қоғамдық өмірде өте 
маңызды әлеуметтік-философиялық және этикалық мәселелерді көтерген Г.Ибсен реалистік 
драмамен ашты. 19 ғасырдың аяғында драматургияда да екі бағыт: натурализм және символизм 
пайда болды. Натурализмді негіздеуші теоретик Э.Золяның айтуынша, пьесада кейіпкерлердің 
өмірін нақтылы түрде көрсету керек (Ибсен, Г.Гауптманның кейбір шығармалары). Ал 
символистер, керісінше, өмірді нақтылы түрде суреттеуден бас тартып, болмыстың мистикалық 
мәнін түсіндіруді көздеді (М.Метерлинк, Верхарн). 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың 
басында Ресейде сыншыл реализм дамыды (Д.И. Фонвизин). А.С. Пушкин драматургияда 
әлеуметтік талдау жасап, өмірдегі қайшылықтар мәніне үңілді. А.С. Грибоедов әлеуметтік-
сатиралық комедияны жалғастырды. Н.В. Гоголь, И.С. Тургенев, М.Е. Салтыков-Щедрин, А.В. 
Сухово-Кобылин, А.Н. Островский сыншыл реализм драматургиясының арнасын кеңейтті. 
Өмір шындығына терең бойлау, қоғам кемістіктерін сынау бағдары Л.Н. Толстой, А.П. Чехов 
драматургиясында әлеуметтік-философиялық мазмұнға ие болды. 20 ғасырда драматургиядағы 
көркемдік бағыт-бағдарларға бай ғасыр болды. Сыншыл реализм де (Б.Шоу, Дж.Голсуорси, 
М.Горький, т.б.). сонымен қатар символистік драматургия (Метерлинк, Г.Д. Аннунцио, А.Блок, 
т.б.) одан әрі дами түсті. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін реалистік драматургиямен (Францияда 
М.Паньоль, АҚШ-та Л.Хелман. А.Миллер, Англияда С.Моэм, т.б.) қатар, өмір шындығынан бас 
тартпай, бірақ шарттылық, фантастика, эксцентрика формалары қолданылған “сана 
драматургиясы” (Англияда — Шоу, Италияда Л.Пиранделло, Францияда — Ж.Жирору, 
Ж.Ануй, Ж.П. Сартр, Швейцарияда — Ф.Дюрренматт) өріс алды. 20 ғасырдың 20 — 30-
жылдары экспрессионалистік драматургия (Германияда — Г.Кайзер, В.Газенклевер, АҚШ-та — 
Э.Райс, т.б.) кең етек жайды. 20 ғасырда дүниежүзілік соғыстар мен қоғамдық өзгерістер 
әсерімен үлкен әлеуметтік мәселелер көтерген жаңа көркемдік ізденістегі драматургия үстем 


болды. Қазақ сөз өнерінде драматургия 20 ғасырдыңдың басында қалыптасты. Қазақ жастары 
ұйымдастырған әдебиет, ойын-сауық кештері ұлттық сахналық өнер мен драматургияның 
бастамасы болды. Бұлардың тәжірибелері отандық драматургияның пайда болуына, ұлттық 
драм. шығармалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр түкпіріндегі алғашқы 
сахналық талпыныстар Қазан төңкерісімен ілесе, ұлттық драматургияның дүниеге келуіне негіз 
болды. 1915 жылы К.Тоғысовтың “Надандық құрбаны” драмасы жеке кітап болып Уфада 
басылып шықты. Төңкеріс қарсаңында және одан кейін Ж.Аймауытов, М.Дулатов, 
Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ж.Шанин, т.б-дың алғашқы драма шығармалары 
ұлттық драматургия жанрының негізін қалады. Еуропа үлгідегі драматургияның қыры мен 
сырын меңгеруге қазақ топырағында алғаш рет ден қойған Аймауытов. Оның тұңғыш үш 
пьесасы (“Рәбиға”, “Мансапқорлар”, “Қанапия — Шәрбану”) 1916 — 1917 жылы, ал “Ел 
қорғаны”, “Шернияз”, “Сылаң қыз” 1920 — 1925 жылдар ішінде жазылған. Бұларда сол 
уақыттағы қазақ қоғамындағы тұрмыс-салттан бастап, әлеуметтік оқиғалар суреттелген. 
Аймауытов қазақтың ауыз әдебиетін жетік біле тұра, көне дәуірді бейнелейтін пьеса жазбаған. 
Оның пьесаларының барлығында өз кезеңінің болмысы суреттелген. Және басқа 
драматургтердің шығармаларына ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де айқын. Барлық 
пьесаларының шымылдығы жеке кейіпкерлердің психология толғанысынан бастау алады. 
Аймауытов пьесалары сол жылдары жеке-жеке кітап болып басылып шыққан. Ұлттық 
драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сейфуллин болды. Оның “Бақыт жолында”, 
“Қызыл сұңқарлар” пьесаларында драмаға лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың 
үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық 
дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы ретіндегі 
Шаниннің “Шахта” пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ 
жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы 
отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солардың бірі 
1926 жылы Кемеңгеровтың “Алтын сақина” мен “Ескі оқу” пьесалары Қазақ драма театрының 
сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б.Майлиннің шағын 
комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің “Сүйіскендер”, “Перизат — Рамазан”, Р.Малабаевтың “Үй 
тұтқындары”, “Ғұрып күні”, С.Аблановтың “Күндеспейтін қатын”, А.Тоқмағанбетовтың “Екі 
заң”, т.б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны — 
“Перизат — Рамазан” және А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің “Зарлығы”. 20 ғасырдың 20 — 30-
жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың көбісі 
тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр репертуарынан берік орын алған 
Шаниннің “Арқалық батыры” 1924 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екі бөлімнен 
тұратын пьеса премьерасы сахнада қатарынан екі күн жүрген. “Арқалық батыр” трагедиясы — 
отандық драматургиядағы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің 
бірнеше шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар — “Торсықбай” мен 
“Айдарбек”, бұлардың сюжеттерінің желісі — ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың 
әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері. 
Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі — Майлиннің көптеген 
шағын күлкілі шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап 
айтқанда “Шаншар молда”, “Ел мектебі”, “Неке қияр”, “Айша”, “Сәлде”, “Көзілдірік”, т.б. 
Бұларда комедияның шағын үлгілері — скетч, водевильге тән түрлері кездеседі. 20 ғасырдың 40 
— 50-жылдары ұлттық драматургия жаңа белеске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік 
тақырып М.Ақынжановтың “Исатай — Махамбет”, Сәбит Мұқановтың “Күрес күндерінде”, 
Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың “Ақ қайың”, Әуезовтің “Абай” трагедияларында жалғасын тапты. 
Ұлы Абайдың өмірі мен қазақ халқының өткен ғасырлардағы әлеуметтік болмысын суреттейтін 
“Абай” трагедиясы отандық драматургияның көркемдік қуатының молдығын көрсетіп берді. 
Сондай-ақ, Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыланды”, Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” 
пьесалары күрделі жанрдың өзіндік ерекшелігін меңгерудің үлгісіне айналды. Ұлы Отан 
соғысы кезінен бері қойылып келе жатқан “Қарақыпшақ Қобыланды” драмасы сахнада 
халқымыздың бостандық жолындағы күресін бейнелейтін қаҝармандық тақырыпты 


орнықтырды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” — отандық драматургияда махаббат тақырыбын 
әлемдік үлгі дәрежесіне көтерген күрделі пьеса. Осы жылдары күнделікті тірліктің маңызды 
мәселелерін қозғаған Ш.Хұсаиновтың “Марабай”, аңыз-ертегінің негізінде жазылған 
“Алдаркөсе” комедиясы жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне 
арналған Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, Ақынжановтың “Ыбырай Алтынсарин”, 
Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Тәжібаевтың “Майра” пьесалары да отандық 
драматургияның ірі жетістіктері болды. Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі кезеңдегі өмір 
болмысын суреттейтін Әуезовтің “Сын сағатта”, Ә.Әбішевпен бірігіп жазған “Намыс 
гвардиясы”, Әбішевтің “Достық пен махаббат” пьесалары халқымыздың басына түскен ауыр 
кезеңдерді бейнелейді. 20 ғасырдың 60 — 70 жылдары драматургия еліміз өміріндегі елеулі 
әлеуметтік мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ 
драматургиясына өз қолтаңбалары бар Қ.Мұқамеджанов, Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев, 
Т.Ахтанов, С.Аянбеков, С.Жүнісов, Ә.Тарази (Ә.Әшімов), т.б. бір топ драматургтер келіп 
қосылды. Драматургияның басқа жанрларымен бірге комедиялық шығармалар театр 
репертуарларынан берік орын алды. Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи 
келіпті”, “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек”, Байсейітов пен Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-
ай!”, “Ой, жігіттер-ай!”, Ахтановтың “Сәуле”, Әбішевтің “Армандастар”, “Нұрлы жаңбыр”, 
Хұсаиновтың “Сырымбет саласында”, Жүнісовтің “Ажар мен ажал”, Таразидің “Күлмейтін 
комедия”, т.б. шығармалар жазылып, сахнада қойылды. 20 ғ-дың 70 — 80-жылдары қазақ 
драматургтері қатары О.Бөкеев, Н.Оразалин, Қ.Ысқақов, Б.Мұқаев, О.Бодықов, Д.Исабеков, 
А.Сүлейменов, Т.Әбдіков, И.Оразбаев, С.Балғабаев және т.б. жаңа таланттармен толықты. 
Бұлардың шығармаларында өз замандастарының ой-арманы, өмірлік көзқарасы терең 
бейнеленді. Бөкеевтің “Құлыным менің”, “Текетірес”, Оразалиннің “Шырақ жанған түн”, “Тас 
киіктер”, Ысқақовтың “Таңғы жаңғырық”, Мұқаевтың “Қош бол менің ертегім”, Исабековтің 
“Әпке”, “Мұрагерлер”, Сүлейменовтің “Қыздай жесір — штат қысқарту”, “Жетінші палата”, 
“Кек”, т.б. шығармалар отандық драматургияны әр қырынан байытқан елеулі туындылар 
ретінде бағаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет