Лекция Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата13.03.2023
өлшемі431,76 Kb.
#73881
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
 
 
 
 
 
№5 лекция 
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ прозасы мен драматургиясы 
Әскери тақырыптың әр алуан жағдайын драманың шағын үлгілері арқылы бейнелеуге 
Ш.Хұсайынов, Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин сияқты жазушылар қатысты. Олардың бір-екі актілі 
пьесалары колхоз, совхоз театрларында, көркемөнер үйірмелерінің сахналарында қойылып, елді 
қырағылыққа шақырды, дұшпанға өшпенділікке баулыды. 
Осы кезеңнің аяғын ала М.Әуезовтің «Абай» (төрт томдық эпопеяның бірінші кітабы), 
Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ батыры», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», 
Ғ.Слановтың «Жанартау» атты романдары жарық көрді. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, С. 
Мұқановтың, Ә.Әбішевтің, Ә.Тәжібаевтың, Ш.Хұсайыновтың жаңа, көп актілі пьесалары театр 
сахналарына шықты. Оларда әскери өмірмен бірге, қазақ халқының өткен өміріне, жаңа қоғам 
құру жолындағы күресіне арналған шығармалар да болды. Соғыс кезінің ұранына сәйкес 
халықтық ерлікті фольклорлық сюжеттер арқылы танытуға ұмтылыс та байқалды. 
Халық шаруашылығы экономикасының соғыс жағдайына лайық қайта құрылуы рухани, мәдени 
өмірдің кең көлемде дамуына мүмкіндік бермеді. Қазақстанда кітап басу ісі шағындалды, 
баспалар жабылып, бұл саладағы жұмыс бір баспаның (Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы) 
қолына жинақталды. «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», т.б. жастар газеттері, «Әдебиет және 
искусство» журналы жабылды. «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері 
шағын форматпен сиректеу ғана шығып тұрды. Бұл жағдайлар әдебиеттің дамуына белгілі 
дәрежеде ықпал етті. 
Соған қарамастан, қазақ әдебиеті дәуір талабына үн қосып, жаңа тәжірибе жинақтады. 
Қаламгерлер тобы азаматтық жағынан шыңдалып, дүниежүзілік екінші империалистік соғысқа 
қатысқан елдер әдебиеттерімен бірге соғыс философиясын зерттеп, оған өз қатынасын білдіруге 
мүмкіндік алды. Бұл – басқыншылық соғысқа қарсылық, соғыс атаулыға қарғыс айту 
философиясы еді. 
Соғыс тоқтасымен-ақ Кеңес елі бейбіт құрылыс ісіне кірісті. Соғыс бұзып талқандап кеткен 
халық шаруашьлығын қалпына келтіру елдің алдына үлкен экономикалық міндеттер қойды. 


Жаңа бесжылдық жоспар жасалды. Оның салмағын сұрапыл соғыстың өткелінен өткен 
азаматтар арқалауға тиіс болды. Партия әдебиеттің алдындағы міндеттерін де осы әлеуметтік 
істермен байланысты белгіледі. Соғыс ауыртпалығын өз бастарынан өткеріп келіп, бейбіт 
еңбекке араласқан адамның өмірі мен еңбегін көркемдікпен суреттеу талабы қойылды. Бұндай 
заманда қаһарманының ішкі сыры мен қалыптасу жолы да күрделі еді. Соғыста ұтып 
шыққанмен, оның бойында да, ойында да соғыс салған жарақаттың зардабы аз емес-ті. Ол 
соғыста құрбан болған жас тағдырлар мен жетім-жесір қалған жандардың, қираған қала мен 
селоның қайғысын қоса арқалады. Мұның бәрі кеңес елі азаматының ішкі сезім дүниесін 
байытты, оны өмірдің үлкен мектебінен өткізді. Өмір мен адамның арасындағы осындай 
қайшылықты қарым-қатынасты терең зерттеу жазушылардан әлеуметтік және философиялық 
көрегендікті, ой-пікір батылдығы мен суреткердің нәзік сезімталдығын талап етті. 
Жазушыларды осы міндеттерді орындауға «дайындау» мақсатымен Коммунистік партия өзінің 
идеологиялық саясатын бірсыпыра қатайтып, соғыс кезіндегі әдебиет пен өнердің барлық 
саласындағы «бұра тартуларды» түзеуге көңіл бөлді. Осы мақсатпен 1946-1948 жылдар ішінде 
«Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы», «Драма театрларының репертуары және оны 
жақсарту шаралары туралы», «Ұлы өмір» кинофильмі туралы», «В.Мураделидің «Ұлы достық» 
операсы туралы қаулылар қабылданды. Оларда одақтық әдебиет көлемінде орын алған «Кеңес 
шындығын бұрмалап көрсету», «Кеңес адамдарына жала жабу» театр сахналарында «Идеясыз, 
ұстамсыз» пьесалардың қойылуы, кинофильмдерде «Кеңес шындығының бұрмаланып 
көрсетілуі», музыкадағы «формалистік элементтер» қатты сынға алынды. Көркемдік 
шығармашылықтағы идеясыздық пен саясаттан тыс болуға тырысушылықты айыптады. 
Әдебиет пен өнер қызметкерлерін социалистік реализмге, партиялық принципке берік болуға 
шақырды. Осы қаулылардың негізінде Казақстан компартиясының орталық комитеті «Қазақ 
ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел 
қателіктер туралы» (1947) деген қаулы алып, ескі мәдени мұраға сын көзімен қарамағаны, 
бүгінгі заман тақырыбына жазылған шығармалардың аздығы, қазақ халқы тарихының 
«бұрмаланғаны» үшін көптеген жазушылар мен ғалымдарды қатты сынға алды. Мұндай 
қаулылар Қазақстан Жазушылар одағының жұмысы жайлы да, мектепке арналған қазақ тілі мен 
әдебиеті оқулықтары туралы да алынды. Мұның соңын ала «Правда» газеті «Қазақстан 
тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяңдалсын» (1950) деген мақала басып, 
«ұлтшылдық» қателері үшін көптеген тарихшыларды сынады. Бұл сындар мен айыптаулардың 
ақыры қуғын-сүргінге әкеліп соқтырды. Соның салдарынан Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, 
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Қ.Мұхамедқанов сияқты тарихшы және әдебиетші ғалымдар жау 
есебінде ұсталып, сотталды. Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов, І.Кеңесбаев, 
Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметов қызметтерінен қуылды. 
Мұндай қуғындаулар мен асыра сілтеулер коммунистік партияның жергілікті ұлттарға 
сенбеуінен, олардың ұлттық мүдделерімен есептеспей, күштеп ұстау саясатынан туындаған еді. 
Ұлттық интеллигенцияға ол артында бақылаушы барын мезгіл-мезгіл ескертіп қойып отырды, 
оны қорқытып ұстауға тырысты. 1937 жылдың қанды қырғынынан есін енді жия бастаған 
халықты сойқанды соғыстың от-жалынына шарпылдыртып, оны жеңіспен аяқтап, еңсесі тіктеле 
түскенде «ұлтшылдығын» тағы да есіне салған, партия тап осы саясатты көздеген еді. Аталған 
қаулылар арқылы партия ендігі жердегі идеологиялық жұмыстың бағыт-бағдарын айқындамақ 
болды. Бұл қаулылардың шектен тыс әпербақандығын, ондағы шығармашылық адамын 
қудалаудың фактілерін түсінген Н.С.Хрущев кезінде оған аздаған өзгертулер кіргізді. Ол «Ұлы 
достық», «Богдан Хмельницкий» және «Шын жүректен» операларын бағалауда жіберілген 
қателіктерді түзету туралы» (1958) деген қаулы қабылдап, алдыңғы қаулылардың қатаң тәртібін 
жұмсартты. Бұл да, әрине, Н.С.Хрущевтің демократтығынан емес, Сталиннен кейін 
интеллигенцияға жақсы көрінуге тырысуынан еді. Қазақстандағы «ұлтшылдықты» ол да көріп, 
оны «жөндеуге» Орталықтан басшылар (П.К.Пономаренко, Л.И.Брежнев) жіберіп, Қазақстан 
тыңын көтеру үшін Орталық Ресейден, Украинадан, тағы басқа жерлерден халықты жаппай 
көшіруді ұйымдастырды. Бұл республикада өзінің тұрғын халықтарының санының азайып 
кетуіне әкеліп соқты. 


Еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі осындай қиындықтарға қарамастан қазақ қаламгерлері 
өзінің шығармашылық қызметін жалғастыра берді. Бұл тұстағы әдебиет кадрлары майданнан 
қайтқан, өмір тәжірибесін өтіп келген ақын-жазушылармен қатар, бірсыпыра жас таланттар 
есебінен толықты. С.Шаймерденов, А.Шамкенов, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, З.Қабдолов, 
М.Әлімбаев, Т.Бердияров, Қ.Шаңғытбаев, Ғ.Қайырбеков, Ә.Мәмбетов, т.б. осы кезде әдебиетке 
келіп, өздерінің болашағын таныта білді. 
1954 жылы қыркүйекте Қазақстан жазушылары өздерінің үшінші съезін өткізді. Онда 1939-1954 
жылдар аралығындағы әдебиеттің тәжірибесі, көркемдік табысы мен кемшіліктері талқыланды. 
Съезден кейін 1955 жылдың қаңтарынан бастап соғыс кезінде тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» 
газеті қайтадан шыға бастады. Қазақ әдебиеті дамуының кейінгі жағдайларына бұл съезд де, 
одан кейін (1954, желтоқсан) өткен Одақ жазушыларының екінші съезі де пайдалы ықпал 
жасады. Оларда өмірді тереңірек зерттеу, көркемдікке жетілу, әдебиеттегі түр мен стиль 
мәселелеріне бірсыпыра көңіл бөлінді. 
Отызыншы жылдардан басталған қазақ әдебиетінің қарқынды бет алысы бұл кезде бірсыпыра 
есейіп, идеялық-көркемдік мектебінен өткен еді. Әдебиеттің тұтқасын ұстаған аға таланттар 
ұрпағы қалыптасты. Осылардың шығармашылық ізденісі арқасында қырқыншы жылдардың 
екінші жартысында-ақ ұлттық әдебиетіміз үлкен-үлкен шығармалар туғызды. М.Әуезовтің 
«Абай» романының екінші кітабы (1947), С.Мұқановтың «Ботакөз» болып өңделіп қайта 
басылған романы («Жұмбақ жалау») мен «Сырдариясы» (1948), Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ 
солдаты» (1949), Ғ.Мұстафиннің «Миллионері» (1948) қазақ әдебиетінің өрісін кеңейтіп, оны 
одақ оқырмандарына, сол арқылы дүние жүзі көлеміне шығарды. 1948 жылы Мәскеуде КСРО 
Жазушылар одағының пленумында қазақ әдебиетінің жағдайы талқыланып, сонда А.Фадеев 
оны «профессионалды үлкен әдебиет болып бүкілодақтық әдебиет дәрежесіне көтерілген және 
сол арқылы дүниежүзілік аренаға шыққан әдебиет» – деп бағалады. Одақтық әдебиеттің 
басшысы «Абай», «Миллионер», «Сырдария» жөнінде өте жақсы пікірлер айтты.1949 жылы 
«Абай» романына бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. Аталған шығармалар арқылы 
осы дәуірден бастап проза қазақ әдебиеті жанрлары ішінде алға шықты. Романдармен қатар, 
прозаның шағын жанрлары өрістеді. Тың игеру ісіне байланысты очерктер көптеп туды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет