Лекция Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері


№15 лекция  Әдебиеттану ғылымы мен сын



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата13.03.2023
өлшемі431,76 Kb.
#73881
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекция 1900-2000 ж 3

№15 лекция 
Әдебиеттану ғылымы мен сын 
.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануы Бұл кезең негізінен Ұлы Отан соғысы аяқталып, ел 
еңсесін көтере бастаған әрі осынау қанды қырғында ойсырап қалған халық шаруашылығы мен 
әлеуметтік мәселелерді қайта қалпына келтіру жолында жемісті еңбек еткен жылдарды 
қамтиды. Әдебиет – қашанда өз кезеңінің көркем шежіресін шертсе, қазақ әдебиеттану ғылымы 
сол әдеби процестің даму заңдылықтары мен әр алуан әдеби жанрлардағы көркем 
шығармалардың рухани құндылықтарын, эстетикалық әсерін теориялық тұрғыдан талдауға, 


зерттеуге зейін қоя бастады. ХХ ғасыр басында қарқынды өрлеу дәуірін бастан өткерген қазақ 
прозасының көрнекті өкілдері мен олардың талантты туындыларын саяси тұрғыдан 
тұтқындаған сталиндік репрессия, оның ізін ала жүргізілген ашаршылық, екінші дүние жүзілік 
соғыс т.б. халықтың рухани өмірін өркендетуге еш мүмкіндік бермегені де белгілі. Соның бір 
айғағы - 1946 жылы М.Әуезовке және Қ.Жұмалиевке (Абай поэзиясының тілі) ғана филология 
ғылымдарының докторы деген жоғары ғылыми дәреже берілгендігі еді. Әсіресе, ұлттың рухани 
дамуына қызмет еткен қоғам және қалам қайраткерлерінің еңбегі көбіне елеусіз қалып отырды. 
Ал, екіншіден, 1950-ші жылдардағы қазақ әдебиеттануының еркін өсіп-өркендеуіне үнемі 
тосқауыл құрған тоталитарлық режим, тілді тұсаулап ұстаған саяси тосқауылдар көп болды. 
Оның сорақы үлгісі – 1947 жылғы “Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет 
институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы” қаулысы мен ескі әдеби мұраларға 
сын көзбен қарамағаны және Шортанбай, Мұрат, Дулат, Нарманбет, Мәшһүр-Жүсіп, 
Сұлтанмахмұт т.б сияқты ескішіл, алашордашыл ақындарды мадақтағаны, Кенесары 
қозғалысын зерттегені, Абай мектебін насихаттағаны үшін т.б. деген сияқты саяси айыптаулар 
мен жаптым жалалар еді. Саяси астары қатпар-қатпар әлгідей қаулылар қазақтың бір туар 
зиялыларының бетке шығар қаймақтарын сылып алып кететін әдетімен осы жолы да 
Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Қ.Мұхамедқановтарды жазықсыз 
жазаға тартты. Ал, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ә.Марғұлан, 
Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметова сынды қайраткерлер қызметтен 
қуылып, жұмыссыз қалды. Міне, осынау көркемдік ойлау жүйесінде жиі-жиі орын алатын 
ойсырау қазақ ғылымы мен әдебиетінің, оның тағы бір талантты топтарының қалыптасуына, 
өркендеп-өсуіне кері әсер еткені тарихтан белгілі. Бұл [Введите текст] 39 жөнінде көрнекті 
әдебиет тарихшысы, академик С.Қирабаев былай дейді: “… Әдебиет сыны мен әдебиетті 
зерттеу ғылымы үшін бұл дәуір аса қиын әрі күрделі кезең болды. Партияның идеология 
саласындағы қаулылары, космополитизмге қарсы күрес, ең алдымен әдебиет пен өнердегі 
“бұрмалаушылықтардың” бәрін сын мен ғылымнан көрді. Қазақ әдебиетіндегі “ұлтшылдықты” 
әшкерелемей отырған да сын мен ғылым боп шықты. Сондықтан да Қазақстан Компартиясы 
Орталық комитетінің “Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының 
жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы” қаулысы қаһарын сын мен ғылымға төкті” (15-
б.) Шынында да осындай саяси науқан кезінде рухани кеңістіктегі келеңсіздіктерді көре тұра 
әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеу саласынан соны сөз, тың талпыныстар, тіпті ғылымдық 
пікір күтудің өзі қиын еді. Тек 1953 жылы халықтар көсемі атанған И.В.Сталин қайтыс болып, 
жеке басқа табынушылықтың тұманы сейіліп, идеологиялық асыра сілтеушілік те саябыр 
тапқан тұста ғана қазақ халқы еңсесін көтере бастады. Сотталғандар қайтарылып, жұмыссыз 
жүргендер қызметтеріне оралды. Содан соң ғана қазақ ғылымы жаңа тыныс ашып, жас кадрлар 
мен ғылыми қызметкерлер сандарын өсіруге көңіл бөле бастады. Қазақтың көрнекті ғалымдары 
Е.Ысмайлов 1957 жылы (“Ақындар” атты диссертациялық еңбегі үшін), Б.Кенжебаев 1959 
жылы (Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары), М.Ғабдуллин 1963 жылы 
(Қазақ халқының ауыз әдебиеті), Т.Нұртазин (Жазушы және өмір) т.б. деген тақырыптарда 
докторлық зерттеу жұмыстарын жазып, жоғары ғылыми дәрежеге ие болды. Соғыс 
жылдарында күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелерді көтеріп, зәрулік танытқан публицистика, 
очерк, өлең-жыр сияқты шағын жанрлардың шоқтығы биік болғаны белгілі. Өйткені, өз 
кезеңінің уақыт талабын шапшаң әрі табанды түрде орындап отырған бұл жанрларға ұшқырлық 
тән болды. Ал, әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеудегі іргелі монографиялар мен адамның ішкі 
әлеміне тереңдеп баруға тиісті үлкен жанрлардағы туындыларға ұзақ уақыт қажет еді. 
Сондықтан да болар, М.Әуезовтің “Абайы” (4 томдық эпопеяның 1-ші кітабы), Ғ.Мүсіреповтің 
“Қазақ батыры”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанағы”, соғыстан кейінгі бейбіт жылдары жазылып, 
жарық көрді. Қазақ әдебиетіне үлкен рухани резонанс жасаған бұл туындылар дер кезінде 
әдеби-ғылыми айналымға түсіп, әр түрлі дәрежедегі пікірталастарға, теориялық талдауларға 
негіз болды. Айталық, 1957 жылы 25 наурызда “Абай романы – қазақтың тұңғыш эпопеясы” 
деген тақырыпта конференция болды. Бұл туынды тек төл әдебиеттану ғылымында ғана емес 
кеңестік әрі әлемдік әдебиетшілердің назарында болды. Конференцияда сөз алған әдебиетші 


ғалымдар қазақ топырағындағы тұңғыш роман-эпопеяның көркемдік, эстетикалық, рухани 
[Введите текст] 40 құндылықтары жөнінде әр түрлі сала бойынша теориялық тұрғыдан 
талдаулар жасады. Атап айтар болсақ, “Абай жолы – қазақтың тұңғыш эпопеясы” деп, оның 
қазақ әдебиетіндегі тарихи орнын анықтаған М.Қаратаев болса, “Абай және оның дәуірі” 
туралы толғақты ойларды А.Нұрқатов таратып , баяндап берді. Эпопеяның көркемдік 
ерекшеліктерін әдебиеттану ғылымының өз категориялары арқылы жан-жақты әрі терең 
талдаулар жасаған З.Шашкиннің баяндамасы өте жоғары теориялық деңгейде болды. Осы 
конференцияда сөз сөйлеген М.Әуезов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Мұсабаев, С.Бегалин, 
Б.Шалабаев, Қ.Қуанышбаевтардың пікірлері конференция материалдары негізінде жарық 
көрген “Қазақтың тұңғыш эпопеясы” деген жеке кітапта жинақталған. Және сол жылдың 28 
қыркүйегінде М.Әуезовтің туғанына 60 жыл, ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметіне 
40 жыл мерейтойын атап өту – ұлы жазушының шығармашылық портретін толықтырып, 
көптеген ғылыми зерттеулерге, әдеби пікірталастарға өзек болғаны белгілі. Суреткердің көркем 
шығармалары мен ғылыми зерттеулері кеңестік әрі әлемдік әдебиеттану ғылымында орынды 
бағасын алды. Оған осы кезең аралығында М.Әуезов шығармаларының бірнеше шет тілдерге 
аударылып, кеңінен насихатталғаны куә бола алады. 1950-ші жылдардың соңына қарай төл 
әдебиеттану ғылымында сапалық өсу, тәжірибесі мен білімі терең маман-кадрлармен толығу 
қарқын ала бастады. Оның жарқын көрінісі – 1958 жылдың 9-10 маусымында Қазақ ССР Ғылым 
академиясының жалпы жиналысының сессиясында Ғ.М.Мүсірепов, Ә.Х.Марғұланды Қазақ 
ССР Ғылым академиясының академигі, М.С.Сильченко, Е.С.Ысмайылов, Ғ.Мұстафинды Қазақ 
ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі етіп сайлауы еді. Бұл ұлттық әдебиеттану 
ғылымының даму дәрежесін, оның жоғары лауазымды мамандармен толығып, сапалы түрде 
өсуін танытады. Сондай-ақ, осы кезең аралығында қазақ әдебиеттану ғылымы жас ғылым 
докторларымен толықты. Атап айтсақ, Н.С.Смирнова (ХҮШ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің 
очерктері. 1951), М.Қаратаев (Қазақ әдебиетіндегі социалистік реализм проблемалары. 1964), 
С.Қирабаев (Сәкен Сейфуллин. 1964), З.Ахметов (Қазақ өлеңінің құрылысы. 1965), т.б. Осы 
кезең ішінде бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстары жазылып, баспа бетін көрді. Мысалы, “Қазақ 
әдебиетінің кейбір мәселелері”.( Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1957. - 
384 б.); “Қазақ совет әдебиетінің мәселелері”. (1-том. Алматы: Қазақ ССР Ғылым 
академиясының баспасы, 1957, -185 б.; “Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі”.( Алматы: 
Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1958, -512 б.), т.б. және жеке ғалымдардың іргелі 
зерттеулері: (М.Қаратаев. “Туған әдебиет туралы ойлар”. Алматы: ҚМКӘБ, 1958, - 444 б.; 
Е.Ысмайылов. “Революционер ақын”. (Алматы, [Введите текст] 41 1958, - 38 б)., М.Әуезов. “Әр 
жылдар ойлары: Зерттеулер мен мақалалар”.( Алматы: ҚМКӘБ, 1959, - 556 б., т.б.). 1950-80 
жылдар аралығындағы рухани өмірімізде және ұлттық әдебиеттану ғылымындағы ірі 
жаңалықтардың бірі – 1961 жылдың 6 мамырында Қазақ ССР Ғылым академиясының 
құрамында жаңадан Әдебиет және өнер институтының ашылуы мен оған заңғар суреткер, 
көрнекті ғалым М.Әуезовтің есімі берілуі еді. Институттың тұңғыш директоры болып 
М.Б.Базарбаев тағайындалды. 1963 жылы (28 қарашада) ҚКП Орталық Комитеті мен Қазақ ССР 
Министрлер Советінің қаулысы бойынша Алматыда Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің әдеби- 
мемориялдық музейі ашылды . Осы екі ғылыми мекеме күні бүгінге дейін қазақ әдебиеттану 
ғылымының ордасына, орталығына айналып отыр. Соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік- 
тұрмыстық жағдайының күрт төмендеуіне байланысты жабылып қалған қазақ әдебиеті мен 
ғылымының тікелей насихаттаушылары, олардың ой-идеяларының алтын қазығы болған “Қазақ 
әдебиеті” газеті, “Әдебиет және искусство”, “Леніншіл жас” сияқты басылымдарт.б қайта 
қалпына келтіріле бастады. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көш бастаушыларының 
көзін көріп, өнегесін алған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Қ.Мұхамедқанов, Б.Кенжебаев, 
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин т.б тәрізді көрнекті ғалымдардан білім алған 
М.Қаратаев, С.Қирабаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Б.Уахатов, Б.Сахариев, Б.Шалабав, Т.Кәкішев, 
Р.Нұрғалиев, С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, т.б. осы кезеңдерде бірнеше зерттеу еңбектер жазып
ғылыми жоғары дәрежелер алып, ғылыми-педагогикалық қызметтерде шыңдалып қалған еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет