Клетканың түрлері
|
Қылқан жапырақты тектестер
|
Жапырақты тектестер
|
Өткізетін арқаулы клеткалар
|
Көктемгі қабат трахейдтерінде (ХІІІ.4-сурет), ұршық тәріздес клеткалары бағана бағытында созылып жатады. Олар кең қуысты және жұқа қабырғалы болып келеді. Клетка қабыршықтарында клеткалардың бір-бірімен қосылып тұратын тесіктер бар.
|
Қабырғаларында майда тесіктері мол ірі қуыс клеткалар бағана бағытымен сай келетін сопақша түтікшелері ағаш клеткаларын құрады.
|
Механикалық арқаулы клеткалар
|
Жазғы қабат трахейдтері құрылымы мен түрі жөнінен көктемгі трахейдтерге ұқсас, бірақта олардың қабырғалары қалың және мықты болады.
|
Әлдеқайда қалың қабықтарымен және өткір сандарымен ұзынынан созылған сүйір клеткалар гидроформ деп аталатын ағаш талшықтарын құрайды (ХІІІ.4-сурет). Бұл элементтер жылдық қабат бойында біркелкі бөлінген, бір-бірімен тығыз байланыс арқылы, жапырақ тектес ағаштардың керекті мықтылығын қамтамасыз етеді.
|
Қор жинайтын арқалық клеткалар
|
Өзді-өзімен әлсіз байланысқан жұқа қабырғалы клеткалар, ағашта ең басты горизонталды қатарларды түзейді де, орталық бозғылт бөлігін құрайды (ХІІІ.4-сурет).
|
Гигроскопиялығы мен ылғалдылығы. Талшықты құрылысы мен үлкен кеуектілігі (30-дан 80%-ке дейін) бар ағашта үлкен ішкі беттің болуына байланысты, ауадан су буын жеңіл жинап ұстап қалады (гигроскопиялық). Ағаштың тұрақты температурасы мен ылғалдылығы бар ауада ұзақ уақыт тұрып ылғалдануын тепе-теңдік ылғалдану деп атайды. Ағаштың тепе-теңдік ылғалдануы мен оны қоршаған ауа көрсеткіштерінің арасында (салыстырмалы ылғалдылық пен температура) диаграммада көрсетілген байланыстық бар (ХІІІ.5-сурет). Олар ылғалдылығына қарай төмендегіше бөлінеді: ылғалды ағаш – ылғалдылығы 100%-ке дейін және одан да жоғары; жаңа кесілген ағаш – ылғалдылығы 35% және одан жоғары; ауада кебу – 15-20%; бөлмеде кебу – 8-12% және абсолютті кебу ағаш (103±20С температурада тұрақты массаға дейін кептірілген) 12% ылғалдылығы бар ағаш стандартты деп саналады. Осы жағдайда оның қасиеттері салыстырмалы анықталады. Ағаштағы су екі түрде кездеседі – бос және физикалық байланысқан күйінде.