Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары


Ағаштың талшық бойымен созғандағы беріктігі



бет46/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
Ағаштың талшық бойымен созғандағы беріктігі, оны осы бағытта қысқандағы беріктіктен 2-3 есе көп және талшық бойымен көлденең бағытта созғандағы беріктіктен әлдеқайда асып түседі (20-30 есе), мұның өзі көлденең бағыттағы талшықтар арасындағы байланыстың нашарлығымен түсіндіріледі.
Біртектес ағаштың созылғандағы беріктігі оның ылғалдылығынан аз өзгереді де көбінше құрылысына (талшықтың ұзындығы мен оның әсер етуші күшке қандай бұрышпен орналасуына, ағаштың құрамындағы лигниннің барлығын, т.б.), әсіресе кейбір ақаулардың болуына (бұтақ, қисық қабат) байланысты.
Ағаштың статистикалық иілгендегі беріктігі оның талшық бойымен қысқандағы беріктігінен 1,5-2 есе асып түседі, дегенмен созылғандағы беріктігінен төмен және әр түрлі ағаш тектерінде 50-100 МПа шегінде болады.
Ағаштың жарылу мен кесуге беріктігі ағаш элементтерін (қашап орнату, сыналау, ағаштан шеге жасау) біріктіру үшін маңызы зор. Талшық бойымен жарған кезде талшықтың беріктігі іс жүзінде бұзылмайды, ал ағаштың қирауы талшық арасындағы байланыстың бұзылуынан болады. Ал кесуге сынаған кезде, сырттан түскен күш талшықтарға перпендикуляр бағытталып, оларды кесуге тырысады. Сондықтан ағаштың жарылуға қарсыласуы, кесуге қарсыласынан әлдеқайда аз (3-4 есе). Талшық бойымен жарғандағы беріктік шегі, оның осы бағытта қысқандағы беріктігінің 12-25 процентін құрайды.
Ағаштың механикалық қасиеттері оның бойындағы ылғалдылыққа байланысты болуына орай, алынған қорытындыны салыстыру үшін, ағаштың іс жүзіндегі ылғалдылықтағы беріктігін оның стандартты 12% ылғалдылыққа келтіреді (керекті жағдайда 15%). Егер ағаштың іс жүзіндегі ылғалдылығы 11-13% болса, есепті мына формула бойынша жүргізеді:



мұнда: - үлгілердің 12% және сынау кезіндегі іс жүзіндегі ылғалдылық
мағынасына сай келетін беріктік шегі;
- сынау кезіндегі үлгінің ылғалдылығы, %
W - ылғалдылық 1%-ке өзгергенде беріктік қаншалықты
өзгеретінін көрсететін ылғалдылыққа түзету коэффициенті.
Қысу мен ию кезінде -нің мағынасы, 0,04-те, ал жаруға сынағанда 0,03.
Сынау кезіндегі ылғалдылығы гигроскопиялық шектегі ылғалдылыққа тең немесе онан көп болса, беріктік шегін 12% ылғалдылыққа мына формула бойынша есептейді:



мұнда: - ылғалдылығы 30% болғанда қайта есептелген коэффициент, әр
тектес ағаш үшін және сынаудың түріне қарай әр түрлі мағынасы болады (өз ГОСТ-ында көрсетілген).
Құрылыста қолданылатын жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың басты физика-механикалық қасиеттері 2-кестеде келтірілген (орташа мағынасы ылғалдылық 12% болғанда).
Кішкене (таза) үлгілерде механикалық қасиеттерді стандартты әдіспен анықтау, біртектес немесе әртектес ағаштардың беріктігін, салыстырып орман алқабындағы ағаштың сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрылыс ағаштың стандартты өлшемдегі элементтерінде (тақтай, кесінді ағаштар, бөрене) құрылысында ақауы және басқа ерекшеліктері барлары бұл жолмен бағалана алмайды. Сондықтан кернеудің ауытқуын нормалағанда (есепті кедергі) салыстырмалы үлкен қор коэффициентін белгілейді. Осы себептен, басқа құрылыс материалдардан өзгешелігі ағаш материалдардың сапасын, сортын анықтағанда, материалдарды ұқыпты қарап, ондағы ақаулардың барлығын бағалау арқылы жүргізеді де, үлгілердің беріктігін еске алмайды.
Ақаулар деп ағаштың жеке бөлшектеріндегі оның сапасын төмендететін және пайдалануға шектеу қоятын кемістіктерін айтады. Ақаулар ағаштың өсу кезінде де, қоймада да сақталғанда және пайдалану мерзімінде пайда болады.
Ағаштың құрылыста пайдалану жарамдылығына ақаулардың әсер ету дәрежесі, оның түрі мен пайдаланатын жеріне, зақымданған бөлігінің өлшеміне және де ағаштың сипаттамасы мен қандай бөлшек болып тағайындалуында. Бір атаулы ақаудың өзі кейбір дайын продукцияны, ағашты құрылыста жарамсыз етеді, ал кейбір жерлерде сапаны төмендетеді немесе анау айтқан әсер етпейді. Сондықтан ағаш бұйымдарының әр түрлеріне стандартпен қойылатын талаптарда ауытқуға бағынатын ақаулардың болуы ескеріле отырып, соның негізінде ағаштар пайдалануына байланысты сортталып бағаланады.
Ақаулардың толық сипаттамасы және олардың ағаш сапасына әсері 2140-71 ГОСТ-ында берілген. Төменде жиі кездесетін ақаулардың белгілері жазылған.
2-кесте



Ағаштың тектері

Көлем
дік салмақ
кг/м3

Көлемдік кебіну коэффици
енті, %

Талшық бойымен беріктік шегі, МПа сынау кезінде

Қысқан
дағы

Созыл-ғандағы

Формалды
сырғу

Статистик.
иілу

Қылқан жапырақты ағаштарда

Балқарағай

660

0,52

64,5

125

9,9

111,5

Кәдімгі қарағай

500

0,44

45,5

103,5

7,5

86

Шырша

445

0,43

44,5

103

6,9

79,5

Сібір самырсыны

375

0,39

39

67

6,4

68,5

Жапырақты ағаштар

Емен

690

0,43

57,5

123

10,2

107,5

Қайың

630

0,54

55

168

9,3

109,5

Шамшат

670

0,47

55,5

123

11,6

108,5

Жөке

495

0,49

45,5

121

8,6

88

Қандыағаш

520

0,43

44

101

8,1

80,5

Көк терек

495

0,41

42,5

125,5

6,3

78

Бұтақтар көп тараған және ағашта сөзсіз болатын ақау, себебі олар ағаштың ішінде жататын бұтақтың (табаны) бөлігі болып табылады. Бұтақтар ағаш құрылысының біркелкілігін бұзады, жылдық қабат пен талшықтардың қисаюын тудырады, араланған ағаштың жұмысшы кесіндісін азайтады, сөйтіп ағаштың беріктігін төмендетеді, механикалық өңдеуді қиындатады және сыртқы түрі нашарлайды. Кейбір жағдайда беріктігінің төмендеуі 30-40%-ке жетеді, жұқа тақтайлар мен бөренелерде одан да көп болады. Бұтақ ағаштары мен бөрене ағаштарының тұтасып біту дәрежесі жөнінен бұтақтың келесі түрлері бөлінеді: тұтасып біткен, біршама тұтасқан, тұтаспаған (ХІІІ.9-сурет).


Тұтасқан бірлескен және шамалы бітіскен бұтақтарда, қоршаған ағаш массасымен жақсы тұтасып немесе аздап тұтасып кеткен жылдық қабаттар бар. Бітіспеген бұтақтардың жылдық қабаты төңірегіндегі ағаштармен тұтаспаған. Бұларға кеуіп түсіп қалған бұтақтармен олардан қалған тесіктерді де жатқызуға болады.
Бұтақтың өз ағашының жағдайына қарай оларды сау (бозғылт, күңгірт, жарықшақтарымен) шіри бастаған, шіріп кеткен және темекі түстес .
Сау бұтақтардың ағашы қатты және тығыз, жұмсақ көгеріп шіріген белгісі жоқ. Шіри бастаған және шіріп кеткен бұтақтардың төңірегі сау ағашпен қоршалған, бірақта бұтақтың өз ағаштары түгелдей немесе жарым-жартылай бастапқы жүйелерін жоғалтып, өз пішінін сақтағанына қарамай жұмсап кеткен (жұмсақ көп шірігі бар). Темекі түстес бұтақтар тек шіріп кеткен ағаштан тұрады. Саусақпен ұнтақтау кезінде тозаңға айналатын борпылдақ, күрең-қоңыр (темекі түстес) және ақшыл түстес масса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет