Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары


Лекция 12 Органикалық шикізат негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет41/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Лекция 12
Органикалық шикізат негізінде алынатын құрылыс материалдары.


1. Жалпы мәлімет.
Бірқатар оңды қасиеттерінің арқасында: көлемдік массасының аз болғанның өзінде жоғарғы беріктігі, жылуды аз өткізетіндігі, жеңіл өңделетіндігі және бөлшектерін бекітудің қарапайымдылығы, жоғарғы аязға төзімділігі мен көптеген химиялық реагенттердің әсеріне жақсы қарсыласы болуының арқасында, ағашты құрылыста бұрыннан пайдаланып келеді. Ағашқа, оның құрылыс материалдар есебінде құндылығын кемітетін біраз теріс қасиеттер де тән: құрылысының біртектілігі еместігі (анизотроптығы), ақауларының барлығы, ағаш өлшемдерінің өзгеруіне әкеп соғатын, ауадан су буын тартуы – ісінуі мен сызаттануы, шіру мен жануға бейімділігі. Бұрынғы ССРО-ның үлесіне әлемдегі орман ауданының төрттен бірі, ал ағаштың қоры әлемдік қордың 40%-дей құрайды. Бірақта көрсетілген байлықты сақтап, көбейтуге көңіл бөлмеуге болмайды, себебі мұндай зор орман байлығы тиімсіз пайдаланған жағдайда тез-ақ сарқылуы мүмкін.
Ағашты кесіп өңдеген уақытта көптеген қалдықтар пайда болады. Ағашты өңдейтін заводтарда, оның 8-12% үгіндіге айналады. Құрылыс бөлшектерін ағаштан дайындау кезінде үгінді мен жаңқаға 40%-ке дейін кетеді. Бағана дайындау кезінде көп ағаш үгінді мен бұтақ күйінде ысырап болады. Бар айтылғандар осы қалдықтарды пайдаланудың маңызды екендігі жөнінде қөзқарас тудырады. Өңдеу дәрежесіне қарай былайша бөлінеді:
1. Ағаш бағанасын механикалық өңдеу жолымен алынатын орман материалдары (бөрене мен кесілген ағаштар). Осылайша пайдаланған ағашта оның бойына тән оңды және теріс қасиеттерінің барлығы сақталады.
2. Завод жағдайында жасалынған (құрастымалы үй мен бөлшектер, желімделген конструкциялар, т.б.) дайын бұйымдар мен конструкциялар. Ағаштың қасиеттері бұл жағдайда өте тиімді пайдаланады.
3. Ағаш қалдықтарын түк қалдырмай өңдеу арқылы алынатын синтетикалық материалдар. Ағашты терең өңдеген уақытта целлюлоза мен оның негізіндегі материалдарға шикізатты көбейту, барлық қалдықтарды- тамырларын қоса өңдеуге қосу арқылы, ағашты толық пайдалануға мүмкіндік туады. Ағаш қалдықтарын желімдер мен жасанды және минералды тұтқырларды бірге пайдалана отырып қасиеті жөнінен ағаштан кем түспейтін, кейде тіпті ағаштан артық (ағашталшықты, ағаш-жаңқалы плиталар суға төзімді желімдер негізінде алынған фанерлер, арболит және басқалар) материалдар мен бұйымдарды дайындауға болады. Бұл ретте кесілген ағашты едәуір үнемдеуге қол жетеді. (мысалға, 1м3 ағашталшықты плиталар 3-4м3 кесілген ағашты алмастыра алады).
Ағашты үнемдеудің оңды шараларының бірі, оларды құрылыста басқа да тиімді материалдармен (мысалға, полимерлер) алмастырып, олардың ұзақ тұруын қамтамасыз ету орынды.
Ағашты құрылыс материалдар есебінде ысырабтау мемлекеттік құрылыс комитетінің арнаулы техникалық ережелерімен шектеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет