Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Өткізгіш шоқтары (көлде-нең кесінділерінің сызба-нұсқасы)



бет26/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

50-сурет. Өткізгіш шоқтары (көлде-нең кесінділерінің сызба-нұсқасы): А-коллатеральды; Б-биколлатеральды; В,Г-шеңберлі (В-ксилемасы сыртынан қоршап тұрады, Г-флоэмасы сырты­нан крршап тұрады); Д-сәулелі шок,; 1-флоэма; 2-ксилема.





51-сурет. Сосуд-талшық шоқтарының көлденең кесіндісі:
А-жүгерінің сабағының жабық коллатералъды шоғы; Б-асқабактың саба-гының ашық биколлатеральді шогы (сол жакупа- детальды салынган сурет, оң жақта- сызба-нүсқасы: І-қабықшасы жұқа болып келетін сабақтың негізгі поренхимасы; 2-склеренхима; 3-серіктік жасуша; 4-електі түтік; 5-сүректік паренхима; 6-торлы түтіктер; 7-сақиналы-спираІІды түтік; 8-сақиналы түтік; 9-куыс; 10-сыртқы флоэма; П-қамбий; 12-соңғы ксиле­ма; 13-алгашкы ксилема; 14-ішкі флоэма.

Коллатеральды шоқта флоэма мен ксилема өзара бүйірімен түйісе орналасады. Бұл жерде флоэма органның өзегінен алыстай (абаксиальды), ал ксилема керісінше өзекке қарай бағыттала (адаксиальды) орналасады (51, А-сурет).


Биколлатеральды (қос бүйірлі) шоқта флоэма ксилеманың екі жағынан бірдей оған түйісе орналасады және флоэманың сыртқы бөлігі (участогі) ішкісіне қарағанда көптеу болады, бұл асқабақ тұқымдастарына тән (51, Б-сурет).
Шеңберлі шоқтың екі түрі болады: ксилема флоэманы қоршап тұрады, бұл негізінен дара жарнақты өсімдіктерге тән (52, А-сурет); флоэма ксилеманы қоршап тұрады, бұл папоротниктерге тән (52, Б-сурет).
Сәулелі (радиальды) шоқта ксилема органның ортасында орналасады да, шетіне қарай шашыраңқы таралған өсінділер береді. Осы өсінділердің арасында, олармен алма кезек флоэманың бөліктері (участкілері) орналасады. Бұл тек тамырдың алғашқы құрылысында болатын жағдай (63-сурет). Шашыраңқы орналасқан өсінділерінің санына қарай сәулелі шоқтарды диархты (2-өсіндісі бар), триархты (3-өсіндісі бар), тетрархты (4-өсіндісі бар) және полиархты (4-тен көп өсіндісі бар) деп бөледі.



52-сурет. Шеңберлі өткізгіш шоқтар:
А-ксилемасы сыртк,ы шеңберді түзетін меруерттүлдің (ландыш) тамырса-бағы; Б-флоэмасы сыртк,ы шеңберді түзетін еркек папоротниктің тамыр-сабағы: 1-флоэма; 2-ксилема; 3-сабактың негізгі паренхимасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет