51 -сурет. Тамыр ұшы құрылысының 52 -сурет. Қүртқашаш тамырыныд сызба-нұсқасы (ұзынынан кесінді): анатомиялық алгашқы құрылысы 1-тамыр оймакшасы; 1-эпиблема қалдьиы; 2-экзодерма;
2-инициалды жасушалар; 3-кали- 3-негізгі паренхима (мезодерма);
птроген; 4-бөлінуі аймағы; 5-өсу 4-эңдодерма; 5-эңдодерманың
аймағы; 6-тамыр түктepi (copy) өттсізгіш клетеалары; 6-перицикл;
аймағы; 7-жанама тамырлар баста- 7-ксилема; сөулесі 8-флоэма
масы; 8 — өткізу аймағы. (2-5-алғашкы қабық, 6-8-орталық
цилиндр).
Олардың орнын тамырдың жаңа бөліктерінен өсіп шыққан түктер басады. Осыған қарамастан, тамыр кейбір өсімдіктерде түктерінің қабырғасы қалындап, сүректеніп, тіршілігін екі жылға дейін жалғастырады.Мысалы, үштікен гледичия (Gleditschia triacanthos), кофе ағашы (Lymnocladus dioica) және күрделі гүлділердің кейбір өкілдерінде осындай.
Келесі аймақ — өткізу аймағы. Мұнда тамырдың copy аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабакқа қарай өтеді. Бұл аймақта жанама тамырлар қалыптасады. Сондықтан ол жанама тамырлар аймағы деп те аталады (51-сурет, 8).
Тамырдың анатомиялық алғашқы кұрылысы. Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы ашық тұқымдылардың, жабын, тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы (бастапкы) құрылыс. Жоғарыда аталған өсімдік топтарынан тамыр алғашқы құрылысын жас тамыр ұшының copy аймағынан көре аламыз. Ол үшін тамыр ұшының келденең кесіңдісінен препарат дайындап, оны микроскоп арқылы қарау керек. Мұнда оның үш бөлігі: эпиблема мен оның тамыр түктері, алғашкы қабық және орталық цилиндр көрінеді (52-сурет).
Эпиблема (52-сурет, 1) — тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа. Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі, жұқа қабықты паренхималық жасушалардың бір қатарынан тұрады. Эпиблеманың негізгі кызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып, оны қабықтың паренхималық жасушаларына жеткізу. Эпиблеманың бұл қызметі жоғарыда айтылғандай одан өсіп шығатын тамыр түктерімен тікелей байланысты.
Алғашқы қабық тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Алғашқы түзуші ұлпа периблемадан пайда болады. Қабық паренхималық жасушалардың экзодерма, мезодерма және эндодерма қабаттарынан тұрады.
Экзодерма (52-сурет, 2) — қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты (грекше «ехо» — сыртқы, derma — тері, қабық). Экзодерма бір қабатты, екі кабатты, көп қабатты болып келеді. Ол кейбір өсімдіктердің қабығында бөлініп айқын байқалмауы да мүмкін. Жасушалары тірі пішіні — көп бұрышты. Жасуша қабықшалары көбіне калыңдау келеді әрі тығыз орналасады. Құрылымдық және физиологиялық тұрғыдан алғанда негізгі қызметі қорғаныштық. Өйткені эпиблема жасушалары өліп, түлеп түсісімен, оның жасуша қабықшалары тозданады, сирек жағдайда сүректенеді. Экзодерманың тозданған жасушаларының арасында қабықшасы целлюлозалы бірен-саран жасушалар қалады, солар арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды қабылдау жүзеге асады. Экзодерма дара жарнақтылардың тамырында жақсы жетіледі. Олардың алғашқы құрылысты ескі тамырларында тозданған экзодерма — қос жарнақтылардың тамырына тән соңғы жабындық ұлпа тоздың қорғаныштық қызметін атқарады. Қос жарнақтыларда соңғы жабындық ұлпаның пайда болуымен байланысты экзодерма жасушалары өліп, ол жыртылып, сылынып қалады.
Мезодерма (52-сурет, 3) — дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық жасушалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты. Мезодерма жасушаларының шеттен орталыққа қарай пішіңдері, орналасуы өзгереді. Шет жағында жасушалары майдарақ, жиі, орталыққа қарай іріленіп, борпылдақ тартады, орталыққа жақындай түскенде жасушалары қайтадан майдаланып, жиілей түседі. Мезодерма жасушаларының басым көпшілігінің борпылдақтығы өсімдіктердегі ауа алмасуына (аэрация) көп пайда тигізеді.
Алғашқы қабықтың паренхимасы суды және онда еріген минералдық тұздарды эпиблемадан орталық цилиндрге қарай көлбеу бағытта тасымалдайды,
Эңдодерма (52-сурет, 4) - алғашкы қабықтың ең ішкі қабаты. Ол орталық цилиңдрді қоршап орналасқан жасушалардың бір қатарынан тұрады. Бұл қабаттың негізгі міндеті - қабықтың сыртқы қабатгары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналаскан өткізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу. Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты жасушалардан тұрады.
Эндодерма жасушалары онтогенезінде үш кезеңнен өтеді (53-сурет).