Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Өсімдік сабағының анатомиялық алғашқы құрылысы



бет49/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
Өсімдік сабағының анатомиялық алғашқы құрылысы.
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысында сабақ сырт жағынан эпидермамен жабылады. Оның жапырақ эпидермасынан айырмасы жасушалары сабақтың ұзына бойына созыла орналасады. Эпидерманың іш жағында алғашқы қабық жатыр, оның ішкі шекарасы тамырдағы сияқты эндодерма қабаты. Эндодермада крахмалдың қоры болатындықтан, оны крахмалды қынап деп те атайды.
Алғашкы қабық құрамы бірыңғай емес. Оның эпидерманы астарлай жатқан паренхималық жасушаларында хлоропласт көп (хлоренхима). Қабықтың одан ішке қарай терендеп орналасқан жасушаларында хлоропластар болмайды.
Қабық паренхимасының субэпидерма қабаты жасушаларының қабықшасы қалыңдап, оның колленхимаға айналып кетуі жиі кездеседі. Кейде. алғашқы қабықта идиобластар да кездеседі.
Эндодерманы астарлай сабақтың орталық цилиндрі орнала­сады. Бұл перицикл, өткізгіш шоқтар мен өзектен тұрады.
Перицикл — алғашқы түзуші ұлпа, орталық цилиңдрдің сыртқы қабаты. Көп жағдайда перицикл бір қабат, кейде бірнеше қабат болып келеді.
Одан перициклдік деп аталатын механикалық талшықтар пай­да болады. Олар тұтас сақина түзіп орналасады немесе сүректеніп еткізгіш шоқтарының құрамыңа енеді. Көптеген торқалы өсімдіктердің сүректенбеген склеренхима талшықтары перициклден пайда болады. Орталық цилиндрдің өткізгіш шоқтарының алғашқы флоэммлен алғашқы ксилема элементтері прокамбийден түзіледі (80-сурет). Прокамбий бой конусындағы жапырақ бастамасының негізінде пайда болып, акропеталды (грекше «акро» — ұшы, «петомай» — талаптанамың, ынталанамың), яғни жапырақ бастамасының ұшына және базипетальды (грекше «базис» - негіз), сабақ бойымен төмен қарай дамиды. Прокамбий сабақ бойының бағытында созыла орналасқан жіңішке түзуші жасушалардан тұрады. Прокамбий­ден алдымен флоэма, сонынан ксилема элементтері жетіледі. Флоэманың алғашқы элементтері шоқтың сырт жағынан экзархты (грекше «экзо» — сырттан, «архе» — басталу) бағытта, келесі элементтері алғашқысының іш жағынан эндоархты бағытта (грекше «эндо» — ішкі) қалыптасады. Прокамбий жасушаларынан әуелі ұсақ сүзгілі түтіктері бар протофлоэма және протоксилема элементтері түзіледі. Протоксилема трахеидтері тар саңылаулы, спиральды және сақиналы түтікшелерден тұрады. Бұдан кейін біртіңдеп метафлоэма мен метаксилема элементтері түзіледі. Метаксилемада сатылы, поралы және нүктелі түтікшелер дамиды. Протофлоэма мен метафлоэма алғашқы флоэманы, ал проток-силема мен метаксилема ал-ғашқы ксилеманы құрайды. Сөйііп, прокамбий шоқтарынан пайда болған метафлоэма мен метаксилема қабаттары бір-біріне жақындай түседі. Дара жарнақтыларда бұл қабаттар түйісіп, тұйық (коллатералдық) шоқ түзеді, бұларда сабақтың анатомиялық алғашқы күрылы-сы тіршілігінің соңына дейін сақталады. Метафлоэма мен метаксилема арасындағы прокам­бий жасушаларының тангенциал бағытта бөлінуінен соңғы түзуші ұлпа камбий бар ашық коллатералды шоқ қалыптасады. Камбийдің пайда болуымен сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысы енді өзінің соңғы құрылысына ауысады. Ол түзуші ұлпаның жас жасушалар жасауына байланысты (81-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет