Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


Лекция 14. Жемістер. Жемістердің түрлері



бет64/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

Лекция 14. Жемістер. Жемістердің түрлері
1. Қақырайтын құрғақ жемістер
2. Қақырамайгыи құрғақ жемістер
3. Шырынды жемістер.
4. Жеміс пен тұқымның таралу жолдары.


Мақсаты мен міндеті.Қосарынан ұрыктану жүріп, гинецейдегі өзгерістерден кейін жатынның қабырғасынан жеміс, ал тұқым бүрінен тұқым жетіледі, Жеміс тұқымды (тұқымдарды) сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктердің көбею және таралу мүшесі болып табылады.
Жеміс, жеміс серіктерінен және тұқымнан тұрады. Тұқым барлық өсімдіктерде пісіп жетілгенге дейін жеміс серіктерінің іш жағында (онымен жабылып) сақталады, ал пісіп жетілген соң өсімдіктердің біраз бөлігінде жеміс серігі қақырап, тұқым сыртқа шашылады. Осыған байланысты жемістер қақырайтъш және қақырамайтын деп бөлінеді.
Жеміс серігі үш қабаттан тұрады; экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий.
Экзокарпий — жеміс серігінің ең сыртқы қабаты. Ол жатын кабырғасының сыртқы эпидермасынан пайда болады. Бұл өсімдіктердің түрлеріне байланысты түрлі түсті, жылтыр, түкті болып келеді. Жатынның ішкі эпидермасы, жеміс серігінің ішкі қабаты—эндокарпийдің бастамасын береді. Сүйекті жемістерде (қара өрік, шабдалы және т.б.) эндокарпий сүректенген жасушалар қабаты — склереидадан тұрады, оны тұрмыста сүйек деп атайды.
Жеміс серігінің экзо және эндркарпийінің арасындағы қабағы оның орталық бөлігін түзеді, оны мезокарпий деп атайды.
Мезокарпийі қалыңдап өсіп, етті және шырынды болуы нәтижесінде шырынды жеміс пайда болады. Жеміс серігінің үш қабаты перикарпиді түзеді. Өсімдіктердің бірінде жемістің пісуі мерзіміне қарай перикарпий құрғақ, кейбіреулерінде шырыңды болады. Осыған байланысты құрғақ және шырынды жемістер деп бөледі.
Жемістің пайда болуына гүл гинецейінен басқа мыңа гүл бөліктері: аталықтарының күлте жапырақшаларының және тостағанша жапырақшаларының негіздері қатысады. Мұндай жеміс жалған жеміс деп аталады. Мысалы, алма мен алмұрттың жеуге жарайтын сыртындағы «жеміс серігі» (еті) — гүл кіндігінен, ал оның ішкі тұқымды қоршап жатқан бөлігі — гүл түйінінің керегесінен өсіп шығады.
Erep жеміс гүлдің тек қана түйінінен өсіп шықса, онда оны нағыз жеміс деп атайды. Мұнда гүл түйінінің қабырғасы қалыңдап, етженді жеміс серігінің қабаттарын (экзо, мезо, эндо) түзеді немесе перикарпий пайда болады.
Өсімдіктің тегіне, пайда болу жолына, негізгі құрылысына карай жеміс түрліше болады. Мысалы: нағыз жеміс, жалған жеміс, жай жеміс, күрделі жеміс, дара жеміс, шоқ жеміс т. б.
Егер жеміс бір аналықтан пайда болса, онда оны жай жеміс дейді. Кейде мұндай жеміс ұяларға бөлшектеніп (бөлшекті) немесе кесе көлденең қалтарыстар арқылы бір тұқымды бунақтарға (бунақты) бөлініп кетеді. Жемістің өніп-өсуіне бір гүлдің бірнеше аналығы қатысса, онда оны күрделі жеміс дейді. Күрделі жемістер бір гүлдің құрамыңдағы болатын бірнеше аналықтардан (апокарпты гинецейден) пайда болады. Мұндай жемістерге таңқурайдың, сарғалдақгың, қара бүлдіргеннің тағы осы сияқгы өсімдіктердің жемістері жатады. Күрделі жемістердің құрамыңдағы әрбір жеке жемісі апокарпты гинецей құрамыңдағы жеке аналықтан (жеміс жапырақшасынан) өсіп шығады. Бұлардың арасында әрбір жеке жемісшелер өсімдік түріне қарай шырынды болып та (таңқурай, қара бүлдірген) және құрғақ болып та (сарғалдақтар) кездесуі мүмкін.
Ш о қ ж е м і с. Шоқ жеміс бір гүлден емес, тұтас гүл шоғырынан немесе оның бөліктерінен пайда болады. Бұған гүл шоғырының өсі де қатынасады.
Шоқ жеміс ақ тұт ағашында кіріккен аналық гүл шоғырларынан пайда болады, оның жеуге жарайтын бөлігі қалындау, ет-женді гүл серіктерінен тұрады, Інжірдің салқым жемісінің жеуге жарайтын бөлігі — гүл шоғырларының өсіне және жартылай ет-женденген гүл серігінен қалыптасқан. Ананастың шоқ жемісі кіріккен тұқымсыз жeмicтep, бұл — гүл шоғырының ет-жеңді өсі қалыңдап өсіп, ет-женденген жабын жапырақтардың түр өзгерісі Қызылшаның салқым жемісі саны 2-ден 8-ге дейін жететін жемістердің кірігуінен өсіп шығады. Олардың сыртын гүл серігінің сүректенген қатты жабыны жауып тұрады.
Жалған жемістің негізгі еті аналықпен бірге гүл кіндігінен өсіп жетіледі: Барлық өсімдіктердегі жалған жемістің құрылысы бірдей емес: өсімдік түріне қарай олардың анатомиялық түзілісі әрқилы болып келеді. Мысалы, алма мен алмұрттың жеуге жарайтын сыртындағы «жеміс серігі» (еті) — гүл кіндігі болады да, оңаң ішкері тұқымды қоршап жатқан бөлімдері — гүл түйінінің керегесінен пайда болған; бұл соңғысы әрі шымыр, әрі мөлдір болып келеді де, механикалық ұлпалардан құралған болады. Қауын мен қарбыздың жеуге жарайтын жұмсақ бөлімі — жеміс серігі, оның сыртындағы қабық бөлімі — гүл кіндігі, итмұрынның жемістеріндегі ет-женді бөлімі—түл кіндігі.
Көптеген өсімдіктер өзінің онтогенезінде бір рет ғана жеміс және тұкым беріп, бұдан кейін өледі. Мұндай өсімдіктерді монокарптар деп атайды. Монокарптарға барлық бір жылдық, сол сияқты тіршілігінің екінші жылында жеміс және тұқым беретін екі жылдық өсімдіктер жатады. Кейбір тропикалық көп жылдық сүректі өсімдіктер де монокарптар. Мысалы, Аме­рика агавасы 100 жыл өмір сүреді, гүлдеп жеміс бергеннен кейін тіршілігін аяқтайды. Онтогенезінде бірнеше рет жеміс және тұқым беретін өсімдіктер паликарптар деп аталады. Барлық жеміс беретін және ормандағы сүректі өсімдіктер поликарптар болып табылады. Бұл топқа көп жылдық шөптесін өсімдіктердің көпшіліі жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет