Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған


-сурет. Жапырақ орналасуының негізгі типтері



бет45/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

61-сурет.
Жапырақ орналасуының негізгі типтері:
1 - Еменде серіппелі; 2 - серіппелі орналасудың сызбанұсқасы; 3 - гастерияда екі қос қатар (а - бүйір жағынан, б - жоғарыдан көрініс); 4 - олеандрада шоқтанып, 5 - серігүлде қарама-қарсы.


Жапырақгар шоқтанып өскенде бір бунақтан үш немесе одан көп жапырақ шығады. Мысалы, олеандрдың бір буынында үш, қарғакөзде төрт, риянда (марена) көп жапырақ.


Жапырақгардың жоғарыда аталған орналасуының қайсысын алмайық олардың жарыққа бейімделуіне, жапырақтың бірін-бірі көлеңкелемеуіне негізделген.
Өсімдіктегі жапырақ тақталарының үстіңгі беттерінің күн нұрына біркелкі төселе немесе мәнерлене жатуын, бағытталуын жапырақ мозаикасы деп атайды. Жапырақтардың өркенде мәнерленіп орналасуы олардың жапырақ тақталарының көлемінің, пішінінің әр түрлілігі, сағақтарының ұзын-қысқалығы және т.б. нәтижесінде қалыптасады. Жапырақтың мозаика түзіп орналасуын бақ-бақтың, жұмыршақтың, жертаған жапырақтарынан, бақытшөптен, асқабақтар тұқымдасының өкілдерінен және т.б. өсімдіктерден байқаймыз.
Өркен түрлері және өсімдік тіршілігінің ұзақтығы. Өркеннің өсу ерекшеліктеріне және оны түзетін вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығына қарай өсімдіктер бірнеше түрге бөлінеді. Олар: 1) сүректі өсімдіктер; 2) шөптесін өсімдіктер; 3) жартылай сүректі өсімдіктер.
Сүректі өсімдіктердің жер бетіңдегі және жер астындағы мүшелері толығынан сүректенеді. Сүректену дәрежесі және бұтақтану ерекшеліктеріне байланысты сүректі өсімдіктердің өзі ағаштар, бұталар, бұташықтар, жартылай бұталар болып төрт топқа бөлінеді.
Ағаштардың бөрікбасын түзетін жанама бұтақтарымен салыстырғанда ерекше көзге түсетіні - бойлап та, ендеп те карқынды өсіп жетілген жалғыз негізгі діңі болады. Ағаштардың діңі бірнеше ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы тіршілік етеді.
Бұталардың ағаштардан басты айырмашылығы - негізгі діңінің болмауы немесе нашар жетілуі. Бұтақтануы тамыр мойынан басталып, бірнеше шағын дің жетіледі. Бұталарға бөріқарақат, таңқурай, қарақат, қарлыған, серігүл, ырғай, орманжаңғақ, анар және т.б. көптеген өсімдіктер жатады.
Бұташықтар - биіктігі шамамен 50 см-ден аспайтын орташа есеппен 10-30 см шамасындағы шағын сүректі өсімдіктер. Оларға нағыз қаражидек, ит бүлдірген, мүкжидек және т.б. жатады.
Шөптесін өсімдіктердің басым көпшілігінде күзде тіршілігін аяқтайтын шөптесін сабағы болады. Тіршілігінің ұзақтығына қарай шөптесін өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық деп үш топқа бөлінеді.
Бір жылдық шөптесін өсімдіктер өзінің тіршілігін бір вегетациялық кезеңде бастайды және аяқтайды. Бұлар көбіне мәдени өсімдіктер: астық дақылдары, ас бұршақ, қытай бұршақ, үрме бұршақ, жержаңғақ, кенепшөп, күнбағыс, зығыр және т.б.
Бір жылдық шөптесін өсімдіктердің қатарына эфемерлер де жатады. Эфемерлер шөл және шөлейт аймақта жылдың қысқа қолайлы кезеңіңде, ерте көктемде өсіп жетілуге бейімделген өсімдіктер. Бұлар ерте көктемдегі жауын-шашын ылғалын пайдаланып, өсуін ерте бастайды, сөйтіп, ыстық түсіп жер құрғағанға дейін бірнеше аптаның ішінде гүлдеп, жемісін беріп, тұқым шашып үлгереді.
Кейде бір вегетациялық кезеңде бірнеше рет ұрпақ береді. Мысалы, көктемшөп, крупка т.б. осындай.
Екі жылдық шөптесін өсімдіктерде бірінші жылы тамыры мен жертаған жапырақтары жетіледі де, екінші жылы сабағы өсіп шығын, гүл және жеміс береді, сөйтіп тіршілігін аяқтайды. Екі жылдық өсімдіктерге мыңалар жатады; сәбіз, қызылша, ақжелкен, аюқұлақ, түйетікен сияқты көптеген арамшөптер; жалбызтікен, мендуана т.б. сияқты дәрілік өсімдіктер.
Көп жылдық шөптесін өсімдіктер алуан түрлі және жер шарының барлық табиғат аймақтарына кең тараған. Арктика мен Антарктика және биік тау жоталарында өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жер бетіңде жетілген бөліктері қар астында қалып, көктемде қар ери бастаған кезде оның толық жетілген өркені, гүл шанаға, кейбіреулерінің (альпы еңлікгүлі, супияздар, альпы қазтабаны, альпы сарғалдағы және т.б.) ашылған гүлдері өсіп шығады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің бұл сияқты биологиялық ерекшеліктері қысқа вегетациялық кезеңге бейімделудің айқын белгісі.
Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің алуан түрлі экологиялық түрлерін екі топқа біріктіруге болады. Олар: 1) жер бетіндегі бөлігі көп жылдық болатын және 2) жер бетіңдегі бөлігі бір жылдық болатын топтар. Мұның бірінші тобына тро­пика мен субтропиканың көп жылдық шөптесін өсімдіктерінің басым көпшілігі жатады. Бұл өсімдіктердің көпшілігі қоңыржай климаттық белдеудің бөлме өсімдіктері (бегонияның, казтамақтың, кактустың түрлері және т.б.) ретінде өсіріледі. Екінші топ негізінен қоңыржай климаттық белдеудің дала, шөлейт, шөл аймақтардың көп жылдық шөптесін өсімдіктері. Бұлардың жер астындағы бөлігі көп жылдық болады да, ал жер үстіңдегі бөлігі күзде тіршілігін аяқтайды. Жер астында қалған бөліктен жыл сайын көктемде қайтадан жер үсті бөлігі өсіп шығады.
Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің бір тобы — эфемероидтар. Бұлардың жер бетіңдегі мүшелерінің тіршілігі қысқа, вегетация сын ерте көктемде бастап, гүлдеп, жемісін беріп жаздың ыстығында тіршілігін аяқтайды. Жер астындағы мүшелері (түйнек, жуашық, тамырсабақ) қоректік заттардың қорын жинап, тыныштық күйге көшеді де күзгі ылғалды пайдаланыпн жас өркендер беріп, вегетациясын жалғастырады. Мысалы, қызғалдақ, қазжуа, лапыз, бәйшешек және т.б.
Көп жылдық шөптесін өсімдіктер мен сүректі өсімдіктердің өмір сүру ұзақтығы, негізінен түрдің тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне және олардың өсетін ортасындағы экологиялық жағдайына байланысты. Көп жылдық шөптесін өсімдіктер орта есеппен 5-10 жыл өмір сүреді. Сонымен қатар 100 жыл және одан да ұзақ өмір сүретіндері де кездеседі.
Ағаштар, әсіресе жер шарының тропикалық және субтропикалық климаттық белдеулеріңде ұзақ өмір сүреді. Африка баобабының 5150, ал айдаһар ағашының 6000 жылдық даналары бар. Ұзақ жасауы және биіктігі жағынан алып ағаштардың бірі - мамонт ағашы, бұл жабайы күйінде Калифорнияның тауларында ғана сақталған. Калифорнияда биіктігі 142 м, жуандығы (түбінде) 36 м болатын мамонт ағашы бар. Тез өсетін биік ағаштың бірі - эвкалипт, бұл жабайы күйінде Австралияда кең таралған орман ағашы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет