Лекция. Буылтық құрттар типі Annelida



бет11/12
Дата04.10.2022
өлшемі0,92 Mb.
#41231
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
№4 Лекция. Буылтық құрттар типі

Классификащшсы. Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі сүліктер - Archihirudinea және нағыз сүліктер - Euhirudinea.
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHIHIRUDINEA
Денесінің алдьщғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом метамерлі бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінін, қан тамырлары жақсы жетілген. Бұған бір отряд жатады - қылтанды сүліктер -Acanthobdellida.
Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellida
Албырт (лосось) балыктарынын, сыртқы паразиттері, солтүстік өлке көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы (Acanthobdellidae) бар. Денесі 30 сегментті, үзьшдығы 30 мм, жуандығы 3 мм. Негізгі түрлері: Acanthobdella peledina және Acanthobdella livanovi.
НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС TAPМАҒЫ - EUHIRUDINEA
Қылтандары жоқ. Целом қуысы редукцияланып лакуна, синус түрінде қалған. Қан жүйесі де редукцияланып, оның қызметін лакуна жүйесі атқарады. Бұларға екі отряд жатады: тұмсықты сүліктер -Rhynchobdellida және жақты сүліктер - Gnathobdellida.
Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida
Бұл отрядқа еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететін сүліктер жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол ауыздан уақытша сыртқа шығып қорегіне қадалуға қабілетті. Branchellion туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары: Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.
Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының өкілдері балық шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда кең тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі - Piscicola geometra, сүйекті балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Ұзындығы 20-50 мм, алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінен айқын бөлініп тұрады. Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі. Pescicola caspica - Каспий теңізінде мекендейтін, сүйекті және бекіре балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында. Cystobranchys fasicatus - жайынның, C.mammillatus - налимнің паразиті.
Жалпақ сүліктер (Glossiphonidae) тұқымдасының өкілдері әр түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері. Protoclepsis туысының өкілдері құстардың жұтқыншағы мен кеңірдегінде паразиттік тіршілік етеді. Haementeria costata - тасбақалардың, Batracobdella algira - қосмекенділердің, Glossiphonia complanata - ұлулардың паразиттері.
Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына қамқорлық жасайды. Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе жас ұрпақтарын денесінде алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Haementeria туыстары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет