Дағдылануға тиіс:
- әр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау және дене тәрбиесі процесін, спорттық дайындық деңгейін (дене, әдіс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктіктерін байқау;
- дене жаттығуларын, тәсілдік қимылдарды орындауды, көрсету дағдыларымен шеберлікке үйрету бойынша;
- медициналық-биологиялық, психология-педагогикалық және зерттеу әдістері бойьтнша;
- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктіліктегі тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруда түрлі тәсілдерді қолдана білу;
- спорттық іріктеу, болжау әдістері, модельдеу мен мониторинг бойынша;
Терең білуі керек:
- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктіліктегі тұлғаларды үйретумен жаттықтыруда түрлі маңызды міндеттерді, тәсілдерді іске асыруда;
- дене шынықтыру мен спорт бойынша оқытуда, үйретуде, тәрбиелеуде, сауықтыруда және спорттық жаттығуларда инновациялық технологияларды;
- дене тәрбиесінің ағзаның қызметтік және бейімделу қасиеттеріндегі әсер ету ерекшеліктерін;
- оқушыларды тәрбиелеу, сауықтыру және түрлі жастағы тұлғалардын дене шынықтыру мәселелерін басқару;
- дене күші лсәне спорттық дайындықты оңтайландыру мәселелерінде сыртқы ортаның табиғи жағдайларын, педагогикалық, медициналық-биологиялық бақылауды тиімді пайдалану;
- түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау және дене тәрбиесі процесін, спорттық дайындық деңгейін (дене, әдіс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сырткы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық белсенділігі ерекшеліктерін;
- ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіру әдістері мен тәсілдерінде, дене жұмысына қабілеттілігін оңтайландыру арқылы ағзаның бейімделу тетіктеріне зиян келтірмей жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу;
- дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру жұмысын жүргізу;
- көпшілік жұмыстарын іске асыру;
- дене шынықтыру мен спортгы дамытуды жоспарлау;
- дене шынықтыру және спорт бойынша ғылыми және бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің дамуын іске асыру;
- салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды насихаттау;
- дене шынықтыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейінде ғылыми тұрғыда менеджмент пен маркетингті ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |