Бітіруші-бакалаврміндетті:
- кәсіптік қызметті орындау барысында пайда болған мәселелерді шешуге арналған қажетті таным әдістерін өз деңгейінде меңгеру;
- педагогикалық шығармашылықты дамыту мен өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған кәсіптік қызмет әдістемесін меңгеру;
- дене шынықтыру жүйесіне жұмыс істеуге мүмкіндік беретін (дене тәрбиесі, бұқаралық спорт, жоғары көрсеткіштер спорты мен спорттағы қалпына келтіру) ілімдік білімдерді, тәжірибелік дағдыларды және біліктіліктерді игеру;
- адамның адамға, қоғамға қатынасын, қоршаған ортаға, ойлау мәдениеті мен өз еңбегін ғылыми иегізде ұйымдастыру біліктілігін реттеп отыратын адамгершілікті мәдениет, этикалық құқықтық нормаларды меңгеру, әлеуметтік маішзды мәселелер мен процестерді талдау, кәсіптік қызметтің бағыты өзгерген жағдайда жаңа білімдерді меңгеру қабілетіне ие болу;
- дене тәрбиесі құралдары адам ағзасына әсер ету дәрежесін бағалауда аралас пәндерді пайдалану әдістерін меңгеру және білу;
- білу кәсіби және ғылыми қатынас саласында мемлекеттік және орыс тілдерін; өз қызметінде кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, дене шынықтыру мен спорт бойынша мемлекеттік тілдегі терминологияны терең үйрену және дамыту;
- ағылшын тілінде білімін жалғастыруға және кәсіптік қызметін жүргізуге қабілетті болу.
Жеке-әлеуметтік құзіретіне қойылатын талаптар 050108-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бакалаврға қажетті:
- жалды интеллектуалды біліктіліктерді меңгеру (гностикалық, жобалық, конструктивтік, қатынастық, ұйымдастырушылық);
- білім беру, отбасы, дін, спорт, әлеуметтік қатынаста, тұтынушы, жұмыскер, меншік иесі ретінде әлеуметтану мәселелерінде құзырлы болу; отбасы бюджетінің экономикалық есебін құрай білу, дене шынықтыру және спорт бойынша сұранысты, ұсынысты қызмет көрсету нарығында болжай білу;
- әлеуметтік жағдайларды жетілдіру дағдыларына ие болу;
- бұқаралық әлеуметтік ұйымдардың пайда болуы мен дамуынын негізгі көздерін, негізін білу және оларды талдай білу;
- тұлғаға деген әлеуметтік көзқарас туралы және әлеуметтену процесінде оның қалыптасу қозғаушы күштері, негізгі заңдылықтары және дене шынықтыру мен спорт саласында спортшы туралы арнайы әлеуметтік топ уәкілі ретінде әлеуметтік мінез-құлық түрлерін реттеу туралы ғылыми түсінікке ие болу;
- дене шынықтырудың маңызын, оның адам өміріндегі рөлінің маңызын түсіну, әлеуметтік тәжірибені алу, сақтау, біреуге беру, кейінгі ұрпаққа қалдыру тәсілдері туралы, мәдениеттің базалық құндылықтары туралы көзқарасқа ие болу;
- әлеуметтану зерттеулершің әдістемесі мен техникасын меңгеру;
- кәсіптік қызмет саласында құқықтық және адамгершілік -этикалық нормаларды, спорттық этиканы білу.
Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзіретіне қойылатын талаптар 050108-Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша бакалаврға қажетті:
- спорттық жарыстардың, спорттық-сауықтыру қызметінің маркетингін білу;
- денешынықтыру-сауықтыру ортасында маркетингтік зерттеулер жүргізе біру;
- спорттық-көпшілік шараларды (тұрғылықты жері бойынша оқу орындарында және т.б.), оқу және оқу-жаттығу процесін жүргізудің ұйымдастыру-басқару әдістерін меңгеру.
Кәсіптік құзіретіне қойылатын талаптар 050108-Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша бакалавр міндетті:
Келесі кәсіптік дайындыққа сәйкес келуі тиіс:
- таңдаған спорт түрінен біріншіден төмен емес спорттық дәрежесі мен қосымша екі түрлі спорт түрінен екінші спорттық дәрежесіне ие болуын, дене шынықтыру мен спорттық жаттығудың бағдарламалық материалын еркін меңгеруін қамтамасыз ету;
- дене шынықтыруды оқытуда білім берудің барлық құрылымдық сатыларындағы әдісін меңгеру;
- көпшілік разрядты спортшылардың дене тәрбиесі мен дайындығындағы түрлі жүйелердің теориялық негізін меңгеру;
- дене жүктемелеріне төзімділіктің физиологиядық және дәрігерлік бақылау әдістерін, қалпына келтіру құралдарын білу, оларды оқушылардын дене тәрбиесінде және спортпен шұғылдануды қолдана білу;
- ағзаның дене және қызметтік қорларын басқарудың ғылыми негіздемесін білу;
- типтік спорттық қондырғылар туралы, олардың құрал жабдықтарына деген нормативтік талаптардың негізі туралы білімдерге ие болу;
- дене шынықтыру мен спорт мәселелері қарастырылған заңдылықтарды басшылыққа ұстау.
- арнайы құзыреттерге қойылатын талаптар, спорттық базалық түрлері бойынша спорттық дәреже нормативін орындау;
- дене шынықтыру мен спорттық әдістері мен тәсілдерін меңгеру және олардың өзара әсерету ерекшеліктерін білу;
- таңдаған спорт түрі бойынша әдіс-тәсіл деңгейін жетілдіру.