Білімнің негізгі жалпы ұлттық мақсаттары (оқу пәндері мен цнкл пәндері бойынша) Дене шынықтыру және спорт бойынша білім берудегі мемлекеттік негізгі мақсаттары келесі мәселелерді шешумен байланысты:
- жалпы ұлттық білім жүйесінің приоритетін дамытуға арналған негіздерді қалыптастыру;
- білім берудің сапасын арттыруға, жоғары білікті мамандарды алдын-ала дайындап, икемді және жедел бейімделте бағытталған білім жолындағы стратегиялық приоритеттерді анықтау;
- әлемдік білім кеңістігіне қосылуға мүмкіндік беретін көп сатылы үздіксіз білім берудің ұялттық үлгісін қалыптастыру;
- сапалы кәсіптік білім алуға, кәсіптік құзыретке ие болатын және тұтынушы мен қоғамның тұлғалық қажеттілігін қанағаттандыру;
Цикл бойынша мақсат: Жалпы білім пәндері бойынша пәндер циклінің мақсаттары: Жалпы білім деңгейін арттыру, әлемнің, қоғамның дамуы туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру, ауызша қазақша (орысша), шет ел тілдері мен экологиялық мәдениетті меңгеру, дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша ғылыми-практикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әдістемелік және қолданбалы мәселелерді игеру.
Базалық пәндер циклінің мақсаты жаратылыстану, педагогикалық ғылымдар саласында жалпы білімдік деңгейін арттыратын және мамандықтын қолданбалы пәндерін тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін іргелі ілімдік және әдістемелік негіздерді жасау болып табылады.
Кәсіптік пәндер циклінің мақсаты толық қанды білім беру болып табылады. Оқу орындарында оқытушыға, жаттықтырушыға білім беру бағдарламасындағы тізімге сәйкес таңдаған спорт түрі мен мамандығында дене тәрбиесі саласы мен спорт түрін оқыту әдістемесінде білік, дағды қалыптастыру және еңбек нарығында оқытушы-жаттықтырушы мамандардың бәсекелестігін қамтамасыз ету.
Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар Жалпы білімділікке қойылатын талаптар бітірушілердің білімділік деңгейі ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес қарастырылады:
- отандық білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен үйлесімділігі;
- инновациялық білім беруді дамыту;
- білім беру бағдарламалары мен ақпараттық технологаяларды жетілдіру;