Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты


В010800-"Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім беру аясында бакалаврды дайындауға қойылатын талаптар



бет22/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

5В010800-"Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім беру аясында бакалаврды дайындауға қойылатын талаптар
Оқу процесін ұйымдастыру, оқу жылының құрылымын жоғары оқу орнының өзі анықтайды. ЖОО академиялық еркіндік көлемінде оқу жылын академиялық кезеңдерге бөледі (семестрлер, триместрлер, компанттық семестрлер) және өз қалауымен оқу процесін ұйымдастыруға блоктық-модульдік жүйе кіргізе алады.
Білім процесінің барлық оқу, тексеру шаралары, тәжірибелік сабақтар ұзақтығы, демалыс пен мейрам күндері академиялық кестеде көрсетіледі және ол білім беру ұжымының жетекшісі арқылы бекітіледі.
Оқу ісі шараларына теориялық оқудын барлық кезеңі кіреді, сондай-ақ бұған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, практикумдар, зертханалық және курстық жұмыстар да кіреді.
Курстық жұмыстар (жобалар) пән бойынша өткізілетін оқу жұмысы ретінде қаралады және ол оқуға бөлінген кредит көлемінде орындалуыға тиіс.
Тексеру шараларына аралық тексеру кезеңі, сынақ-емтиханды сессия, екінші (үшінші) курстан кейінгі мемлекеттік аралық тексеру және қорытынды мемлекеттік аттестациялар жатады.
Бакалавриаттағы оқу процесінің аяқталуы женіндегі негізгі баламасы ретінде студенттің теориялық оқу бойынша кемінде 128 кредитті немесе 5760 академиялық сағаттарды және кәсіби тәжірибилер бойынша кемінде 10 кредитті немесе 450 сағатты толық меңгеруін атаймыз. Бұл жағдайда әр студент міндетгі компанент бойынша 61-81 кредитгі немесе 2745-365 академиялық сағаттарды, ал таңдамалы компонент бойынша 41-61 кредитгі немесе 1845-2745 академиялық сағаттарды толық меңгеруі қажет.
Дипломдық жұмысты жазып, қорғауға 4-8 кредит немесе 180-360 академиялық сағаттар бөлінеді.
Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент бір академиялық кезеңде 12-18 кредитті немесе 540-810 академиялық сағаттарды меңгеруі қажет.
Сырттай немесе ұзақтан оқыту түрінде әр студент бір академиялық кезеңде 9-12 кредитті немесе 405-540 академиялық сағаттарды меңгеруі тиіс, нормативтік оқу мерзімін жоғары оқу орны келісімді жылға дейін өсіре алады. Сырттай оқу бөлімінін студентіне оқытушымен байланыс жасау үшін әр оқу жылында кемінде 8 апта бөлінуі тиіс.
Оқыту процесінің ақпаратты қамтамасыз етілуі (оқу, ғылыми, ақпаратты базаларға, сонымен қатар, электронды кітапханаларда орналасқан халықаралық материалдарға еркін қатысы).
Бакалавриаттың оқыту бағдарламаларын өтісізу әр студенттің кітапханалық қорларға, материалдар базасына еркін қатынасымен, әдістемелік сабақтың барлық түрі практикум, курстық жүргізуші және дипломдық жобалау, практика, көрнекі құралдар, аудио және видео материалдар бойынша нұсқаулармен қамтамасыз етіледі. Зертханалық практикумдар мынадай пәндерді қамтамасыз етуі керек: анатомия, биохимия, физиология.
Практикалық сабақтарға келесі пәндер бекітіледі: информатика, шет тілі, қазақ, орыс тілдері, педагогика, психология, дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері, спорт түрлері физиологиясы, ДШЖС гигиенасы, ЕДШ, массаж, спорттық қондырғылар, спорттық метрология, спорттық медицина, ҒЗЖ негіздері, экономика, спорттың барлық түрі. Кітапханалық қорда білім жүйесінің бекітілген мамандық біліктілігінің талаптары бойынша барлық оқыту-әдістемелік әдебиеттері болуы керек.
Студенттердің өзіндік жұмыстарына ерекше екпін жасау.
Технологиялық мүмкіндіктерінің кеңейуіне бағытталған білім процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің негізгі параметрлері.
Практикалардың қамтамасыз етілуі, олардың құрамы, ұйымдастыру және өткізудің негізгі типтік орындары, презентация және нәтижеге баға беру.
Көмекші және академиялық персоналды сандық және сапалық параметрлері.
Бакалаврларды дайындау білім бағдарламасының жүзеге асыру ғылыми-педагогикалық кадрларымен қамтамасыз етіледі, ереже ретінде базалық білімді иеленеді, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысатын жүйелілік және маман өткізетін пәндерге сәйкестендіріледі.
Академиялық персонал, академиялық дәрежелі магистр және ғылыми дәрежелі доктор немесе ғылым кандидатын иеленуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет