Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


- лекция. Композициялық бүтіндік мәселесі (2 сағат)



бет6/14
Дата15.12.2023
өлшемі98,3 Kb.
#139532
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
6- лекция. Композициялық бүтіндік мәселесі (2 сағат)
Жоспар:1. Композиция туралы түсінік.
2. Көркем шығармадағы композицияның орны.
3. Композицияның сюжетпен байланысы.
Композиция – көркем шығарманың құрылысы. Композиция әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гормониясы. Композиция сюжетпен тығыз байланысты. Сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы әрі тәсілі.
Композиция (латынша – құрастыру, қиыстыру) бір сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы. Алайда, мұны құрылыс деген сөзге қарап, тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұн мен тікелей байланысты нәрсе: ол әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар, ішкі сырының да гормониясы
Өнер туындысында бүтіндік болу шарт. Ал кез-келген көркем шығарманың ұтымды басталып, заңды дамып, жақсы аяқталғанын түйсіну, оның идеялық тақырыптық негізінде не,месе мазмұны мен пішініндегі сыр мен сымбаттың табиғи үндестігін сезіну – оқырманның жан дүниесіне сол шығарма дарытқан эмоциялық жылылықтың, эстетикалық сұлулықтың бір алуаны: бұл туралы әр нәрсенің болмыс-бітіміне тән пропорция сол нәрседен біздің санамызға дарыған сұлулықтың бір алуаны болып табылады.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты. Сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы әрі тәсілі. Оның үстіне бұлар да мазмұн мен пішін не тақырып пен идея секілді біріне-бірі көшіп отыратын нәрселер. Мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет сюжет болу үшін оның ьарлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйегге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік. Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара бірлігіне түсіне тұра олардың бір-бірінен өзгешелігін ажырата білген жөн.
Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді. Мысалы,
Өзіндей ұяңсын сен ар-ұяттың
Өзіндей қиялсың сен табиғаттың.
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.
Кешкілік серуен құрып бақта жүріп,
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,
Жазылып жүрегіме автогроф.
(С.Мәуленов)
Шабытты жыр, сұлу сыр! Бірақ, бұл өлеңде сюжет жоқ. Композиция бар. Бәрінен бұрын ақынның көңіл күйінде, жан тебіренісінде, іштей тұтануы мен ұшқындауында бір түрлі бір әсем ажар, төрт құбыласы тегіс табиғи бүтіндік бар. Тек осындай ішкі әсеидіктен ғана мынадай саф таза сезім, шабыт пен сырға толы жыр туады. Содан соң ақынның ойы мен образында өзгеше үндестік бар: өзі өлеңге айналдырып, отырған аяулы адамның ұяң мінезін кіршіксіз ар-ұятқа, болмыс-бітімін арман секілді табиғатқа теңеуі немесе одан ұққан сырды көкіректегі әсем ағысқа, ол дарытқан, сезімді кеудеде лапылдаған жалыңға теңеуі өлеңнің өзін биік әдемілікке, өнер туындысындағы шебер қиысқан мазмұн мен пішінге тән ішкі гормония мен сыртқы симметрияға көтеріп әкеткен. Ақыр аяғында ақынның шындықты суретке, суретті философиялық ұғымға айналдыру әрекетінде де рет-ретімен тартылған желі, өрілген арқау бар. Артық кеткен, шашау шыққан ештеңе жоқ. Өлең жұп-жұмыр. Осының бәрі – ұтымды тұтасқан композицияның әсері.
Көркем шығарманың құрылысы шығарманы жақсы немесе жаман шығарма деп баға беруде шешуші роль атқарады. Оқығанда бас алғызбай тартып әкететін оқиғаның қызықтығы, көсем серкедей, ерекше көзге түсетін образы – типі ұнамды образдардың рух берерлік ерліктері, ұнамсыз образдардың жан түршігерлік жауыздықтары және өзекті өртерлік трагедиялық жайттардың шығармаларда табғи заңдылықпен мүлтіксіз шебер қиылысуы – композицияның ісі. Егер ол болмаса бір-бірімен байланыссыз оқиға да, әдемі пейзаж, портреттер де үздік жасалған әдеби мінездер де оқушыларын қызықтыра алмаған болар еді. Ондай шығармаларды оқиға дамуларында композициялық бүтіндік жоқ, сондықтан көркемдік дәрежеге көтеріле алмаған әлсіз, құнсыз шығарма дер едік.
Композиция (құрылыс) – көркем шығармалардың барлық түрлеріне бірдей қатысы бар ұғым. Ал, сюжет тек оқиғалы шығармаларға ғана қоданылады.
Эпикалық шығармалардағы оқиғалардың белгілі бір тәртіппен дамуы, кейіпкерлердің сол оқиғаны дамыту жолында алатын орны, атқаратын істері бір тұтас копозицияға жатады десек, лирикалық шығармаларда оқиға жоқ. Сондықтан олар сюжетсіз шығармалардың тобына жатады. Бірақ, лирикалық өлеңдердің өзінше композициясы болады.
Лирикалық жанрға жататын өлеңдердің өзі сан алуан болса, олардың формалары да сондай болуы мүмкін. Демек, бұл лирикалық өлеңдердің композициялық ерекшеліктері саналады. Әрине, көркем шығармалардың құрылысы тек, түрге ғана байланысты мәселе емес, мазмұн, идеяға байланысты мәселе.
Шығармаларда суреттелетін оқиғалар, олардың бөлшектерін, адамдардың іс-амалдарын жігін таптырмастай шебер қиюластыру жазушының дарындылығымен байланысты болса, қандай сюжет алу және оқиғаға қатысушылардың қайсысын қалай көрсету жазушының өмірге көзқарасы, шығарманың идеясымен байланысты. Бұл тек, сюжетті шығармаларға ғана емес, сюжетсіз лирикалық өлеңдерге де тән қасиет. Лирикалық өлеңдердің әр алуан түрлері мазмұнның керек етуінен туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет