4- лекция. Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі (2 сағат) Жоспар:1.Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің көркемдік шарттары.
2. Әдеби шығарманың көркемдік ұғымы. Мұның мазмұн мен пішін мәселесіне тікелей қатыстылығы.
3.Мазмұн мен пішіннің элементтері.
4.Мазмұн мен пішіннің бірлігі жайлы түрлі толғамдар.
Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе. Іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез-келген затқа және құбылысқа тән нрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірімен айырылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз-бірі жоқ, яғни, мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішін дегеніміз бір нәрсенің пішіні. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.
Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны; Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен-ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн мен пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқасысы өзін-өзі айқындай алады. Қандай жағдай да болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді.
Әдеби шығарманың мазмұны – өз эстетикалық идеялының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки, әдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін бір нәрсе – бір мазмұнның бірнеше пішіні болатыны. Өмірде де, өнерде де солай. Өмірдегі көрінісін алып қарасақ, пролетариаттың тап күресінің неше алуан пішіндері бар екені саяси әдебиетте сан рет дәлелденгенін көреміз.
Пішіннің атқарар ролі – белсенді роль. Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне тығыз байланысты. Анығырақ айтқанда, пішіннің әсемдігі – суреткер шеберлігі.
Екінші мәселе – мазмұнға қарағанда пішіннің өзгерімпаздығы. Өмірде де өнерде де солай.Мысалы Махаббат. Бұл өмірде тұрақты шындық, өнерде мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнерде көркм жинақталу пішіні әр дәуірде әр алуан. Мыс; қазіргі махаббаты баяғының Ләйлі – Мәжмүнінің немесе Қыз Жібегі мен Төлегенінің арасындағы сезімдерше суреттесе, осы дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сй келмеген болар еді. Демек, бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отыратыны анық.
Үшінші бір нәрсе – мазмұн мен пішіннің тарихи каегория екендігі. Әр бір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жа арып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек өз мазмұнын ала келеді. Мәселен, ғасырлар бойы үнсіз мүлгіпғ, тылсымдай тынып, құлазып жатқан қазақ даласына Қазақ революциясынан кейін күре тамырдай тарамданып темір жол жосылды. Бұл өмірдегі жаңа шындық болсы, өнердегі жаңа мазмұн. Осы мазмұнды әдебиетте пішіндеу қалам қайраткерлерін жаңа ізденулерге салды. Даладағы бұл құбылысты, қимылды, жылдамдықты, айталық, баяғы Тайбурылдың шабысын бейнелегендей жырлауға болмайды. Жаңа өмірдегі жаңа шындық өнерге тң мазмұн болып еніп, ол өзіне соны пішін іздейді.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін тағы бір нәрсе – жаңа мазмұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады. Бірақ, пішін іздеу бар да, құр пішінділікке салыну өз алдына басқа.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасын зор маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай болып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірілігі – оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек – шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр-тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.