Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


- лекция. Әдебиетті текке, түрлерге бөлу, жіктеу принциптері. (2 сағат)



бет8/14
Дата15.12.2023
өлшемі98,3 Kb.
#139532
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»-emirsaba.org

9- лекция. Әдебиетті текке, түрлерге бөлу, жіктеу принциптері. (2 сағат)


Жоспар:1. Әдебиеттің тектері.
2. Эпостық жанр және оның түрлері
3. Лирикалық жанр және оның түрлері
4. Драмалық жанр және оның түрлері
Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері– әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Жалпы көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш топқа жіктеуге болады. Бұлай жіктеуді әдебиетті тегіне қарап бөлу деп атайды. Ғылыми зерттеулерде әдебиет тектерін жанр деп атайды.
Эпос (грекше – ерос– сөз, әңгіме) – көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір құбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты, баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші, бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін объективті қалыпта суреттеп, айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осы әдіс негізінде берік сақталып жазылған, көркем шығармалар, мейлі, өлеңмен, мейлі қарасөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады.
Лирика (грекше –lyra – ескі гректің музыкалық аспабы).
Суреттеп отырған өмір құбылысына өзінің оны қалай түсінуін аңғартатын, күйініш, сүйінішін көрсететін көлемі шағын, өлеңдік шығармаларды лирика дейді.
Лирика көпшілігнде өлеңмен жазылады. Бұл оның өзіне тән ерекшелігі тәрізді нәрсе. Егер эпостық жанрда жазылған шығармаларда зат, өміңр құбылысы, объективті дәрежеде суреттелсе, оған автор өзінің қарым-қатынасын көрсетпеуге тырысса, лирикада керісінше, субъект, яғни, автордың өзі бірінші орынға шығады. Суреттеп отырған өмір құбылысы автордың жан толқыны, дүние тануымен тығыз байланысты араласып жатады. Ақынның көңіл-күйі, жан-сезімі, ол құбылысқа қарай қарайтындығы көзде емес, көңілде болады. Өзі алған әсерімен оқырманды да әсрлендіреді.
Драма (грекше – dpama – қимыл). Бұл көркем әдебиеттің үшінші тегі. Драмалық жанрға жататын шығармалар диалог түрінде жазылады. Автор қатысушылардың сөздерін бұлжытпай, төл сөз күйінде береді. Артис қалай айту керек, әр жағдайда қимыл-құбылыс қандай болу керектігін көрсетеді. Қатысушылардың сахнада айтатын сөздері реплика делінеді де, ал артистердің бет-құбылыс, қимыл-қозғалыстары қандай болу керектігіне берілетін сілтеулерді авторлық ремарка деп атайды.
Поэма (грекше– poiema – туынды)– эпостық жанрдың бір түрі. Белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын көркем шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылады. Адамдардың қарым-қатынастарын, тартыс-таластарын, күініш-сүйінішін, мінез-құлық іс-әрекеттерін суреттейді.
Роман ( французша – konte poman романдықтар әңгімесі) – эпостық жанрдың ең жоғарғы түрі. Роман эпостық жанрдың басқаларымен салыстырғанда, өмірді, оның әр алуан құбылыстарын, адамдардың араларындағы қарым-қатынастарды, кең қамтып, терең суреттейді.
Ұсақ әңгіме немесе новелла – (итал. – novella әңгіме). Қара сөзбен баяндалған, көлемі шағын қысқа шығармалар новелла немесе ұсақ әңгіме деп аталады.
Ұзақ әңгіме немесе повесть. Баяндау арқылы қара сөзбен жазылған көлемі орташа шығармалар ұзақ әңгіме немесе повесть деп аталады.
Лирикалық жанрдың түрлері – ода, элегия, сатиралық лирика.
Драмалық жанрдың түрлері – трагедия, драма, комедия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет