Лекция ежелгі дәуір әдебиеті және оның Қамтитын тақырыптары мен ерекшеліктері (VII-XIV ғасырлар) VII-IX ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері лекция жоспары



бет7/8
Дата15.11.2023
өлшемі101,19 Kb.
#122641
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
АХМЕТ ЙҮГІНӘКИ МҰРАСЫ
Лекция жоспары:
1. Ахмет Йүгінәки өмірі, өскен ортасы;
2. «Ақиқат сыйы» шығармасының тақырыбы, идеясы.

ХІІ ғасырлар әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын қайраткер - Ахмет Йүгнәки. Оның толық есімі – Әдиб Ахмет Махмуд ұлы Йүгнәки. Ахметтің туған жері Түркістан қаласының маңындағы Йүгнәк деген қыстақ болған. Сондықтан ол Йүгнәки деп аталған. Қазақтар ол қыстақты кейінгі замандарда Жүйнек деп атап кеткен.


Ахметтің әкесі Махмуд та ақын адам болған, сондықтан оның баласына деген поэзиялық ықпалы зор, әсерлі келген.
Ахмет Йүгнәки жас шағынан араб, парсы тілін игеріп, өнер білім әдебиетке құмарлық танытты. Ислам дінінің поэзиялық, софылық, дәуіріштік ағымының бастаушысы Қожа Ахмет Йассауи дәстүрінде шығармалар жазды. Сонымен бірге Жүсіп Баласағунидің «Құдатғу білік» атты даналық кітабының әсерінде де өрелі поэзия жасай білді. Ахмет Йүгнәкидің бізге жеткен шығармаларының ішіндегі ең бастысы «Хақиқаттар хадесі» (Шындық сыйы) осындай дүние. Ақын бұл шығармасында әлгі ғұламалар сияқты адамгершілік, әділетшілік, білімділік, ақыл-парасаттылық тәрізді өнегелі қасиеттерді дәріптейді. Адамгершілікке жат іс-әрекет, мінез-құлықтар сыналады. Білім жөнінде, тіл туралы, сақтық, әдептілік жайлы пікірлер айтылады. Автор кітапты жазу себебін және қай тілде жазғанын, өзінің аты-жөнін хабарлайды. Өзі өлсе де, даналық сөзінің қалатынына сенім білдіреді:
Атым Ахмет, ғылым сөзім,
Кетсем де өзім, қалады сөзім.
Өмір озып, келеді көңіл күзі,
Толғандай болады екі көзім.
Соның үшін шығардым түрікше кітап,
Керек болса тәлім, дос кітап.
«Хақиқаттар хадесі» дидактикалық сарында жазылған, дәуірінің моральдық нормаларын уағыздайтын маңызды дастан. Ол «Құдатғу біліктен» соңғы түркі тілді халықтар әдебиетінің баға жетпес даналық кітабы, көркем туындысы. Дастан 14 тараудан тұрады. Поэтикалық формасы – бейіт, олардың барлығы - 235. Шығарманың алғашқы 3 тарауында сол кездегі дәстүр бойынша Аллаға, пайғамбарға, оның 4 сақабасына құлшылық ету айтылады. Шығарма жер әмірі Батбек деген шахқа бағышталған. Төртінші тарауда сол Датбекті жан-жақты сипаттайды. Оның адамгершілігі зор, әділетті басшы, ақыл иесі, дана, қайырымды жан екендігі айтылады.
Ақынның негізгі идеясы 5-8 тарауларда ашыла түседі. Мұнда түгел дерлік білімнің пайдасы түсіндіріліп, адамгершілік ақыл-өсиеттер айтылады. Адам ұстамдылық, ақыл-парасаттылығымен әділет үшін еңбек етіп өтуі керек, тіліне сақ болып, орынсыз сөз айтпай, басқаны жөнсіз тілдемей дос-жарлықпен өмір сүруге орынды. Себебі дүние фани, бүкіл ғалам да өзгермей бірқалыпта тұратын ешнәрсе жоқ, өткінші өмірді жауыздықсыз жақсы өткізген абзал.
Кейінгі тарауларда ақын дүниеқор, сараң, малжанды фанишылықты сынға алады. Опасыз, нәтижесіз, бос өткен өмірге қарсылық білдіреді.
Орта ғасырдың көптеген мұралары сияқты бұл дастанның да түп нұсқасы бізге жетпеген. Тек 1916 жылы Стамбул кітапханасынан түрік ғалымы Нажиб Осимнің көшірме тізімі табылған. Ол тізімге енген көшірме 1480 жылы жасалынып, София мешітінде сақталып келіпті.
Совет ғалымдары Е.Бертельс пен С.Малов Ахмет Йүгнәкидің бұл дастаны туралы елеулі зерттеулер жүргізіп, пікірлер айтты. Қазір бұл шығарма өзбек тіліне толық аударылып, оқулықтарға еніп жүр.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. – Алматы, 1986.
2. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1986.
3. Бартольд В.В. Двеннадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии. Соч. Ү-Т. – Москва, 1968.
4. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. – Алматы, 1983.
5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы, 1987.
6. Сүйіншалиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1989.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет