Лекция ежелгі дәуір әдебиеті және оның Қамтитын тақырыптары мен ерекшеліктері (VII-XIV ғасырлар) VII-IX ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері лекция жоспары


Махмуд Қашқари және оның «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегі



бет6/8
Дата15.11.2023
өлшемі101,19 Kb.
#122641
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Махмуд Қашқари және оның «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегі
(«Түркі тілдерінің сөздігі»)
ХІ ғасырдың мәдени өресінің жоғары болғандығына тіл білімі мен әдебиет өрісі бірден-бір дәлел. Жаңа Түркілік әдебиеттің өсуі – тіл мәдениетінің де өсуіне үлкен ықпал жасады. Содан барып тілді ғылыми тұрғыда зерттеу, оның әдебиетпен өзектестік жайларын анықтау барысында елеулі істер атқарылды. Сөйтіп, ертедегі түркілік филология ғылымы туып, дамыды. Бұл жағдай тек қана түркі мәдениетінде ерекше құбылыс болып қоймай, жалпы дүниежүзілік мәдениетке, ғылымға еселі үлес болып қосылды. Сол түркі мәдениетінің даңқын көтеруге Әл-Фараби, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағунидің іздерін баса әйгілі ғалым Махмуд Қашқари зор ат салысты.
Махмуд Қашқари ХІ ғасырдың білімді ойшылы, ғұлама ғалымы, филологі. Ол сол заманның озық үлгілері араб, парсы мәдениеттерніе жетік болды, Бағдат филолгтарының үлгісінде бірнеше рет түркілік грамматикамен айналысып, сөздік жасады.
Махмуд Қарахан елінде Барысқан қаласында дүниеге келген. Бірақ өмірінің бар мезгілін Қашқар жерінде өткізген. Содан Қашқари атанған.
Махмут білім, ғылым жолында ерте есейеді. Араб, парсы ғалымдарының филологиялық зерттеулерімен кеңінен танысады. Ақыры өзінің атақты үлкен еңбегі «Диуани лұған ат-түрік» сөздігін жазады. Негізінде бұл сөздікті Махмуд араб ғалымы Хамил бин Ахмедтің «Китабул айни» атты филологиялық еңбегінің үлгісінде жазған.
«Диуани лұған ат-түрік» аса көлемді сөздік, 3 томнан тұрады. Сөздіктің тюркология тарихынан алатын орны арасан зор. Ол қазіргі Орта Азия мен Қазақстан елінің орта ғасырлық ғылымында жоғары бағаланған. Оның маңызы бүкіл жер жүзі ғылымында да айтулы.
Дегенмен, аталған сөздіктің түп нұсқасы бізге жетпеген. Барлық тюркологтардың зерттеп, пікір айтып жүргендері 1266 жылғы көшірме нұсқасы. Оны Дамаск қаласында тұрған Ебилфетих деген кісі көшірген. Ал «Диуани лұғат ат-түріктің» түп нұсқасын М.Қашқари 1072-1074 жылдары жазған.
Алайда бұл даңқты еңбекті зерттеу ісі тек ХХ ғасырдың бас кезінде ғана қолға алынды. Түріктің ірі оқымыстысы Бесим Аталай 1914 жылы бұл сөздіктің түп нұсқасын үлкен бір кітап етіп бастырды. Ал 1934-1944 жылдары ол кісі сөздікті үш том етіп, түркі тіліне аударып бастырды.
Совет ғалымдары да бұл сөздікті жан-жақты зерттеп келеді. Мәселен, өзбек ғалымы С.Муталибов «Диуани лұғат ат-түрікті» өзбек тіліне аударып, ғылыми зерттеу жүргізді. Ол М.Қашқариді «Орта Азия халықтарының атақты перзенті, тюркология ғылымының тұңғыш ұстазы, оның негізін салушы»-деп жоғары бағалады.
Қазақ тілінің, әдебиетінің тарихын тану жолында бұл еңбектің маңызы зор екендігін қазақ ғалымдары да айтып отыр. Әдебиетші ғалымдар Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншіәлиев бұл салада елеулі пікірлер білдірді.
Сонымен «Диуани лұғат ат-түрікте» тілдік жағынан қарағанда, алғаш рет түркі тайпаларының тілдері ғылыми жүйеге түскен. Қыпшақша деген белгісі бар сөздердің көбі қазіргі қазақ тілі қорында, оғызша дегені – түрікпен тілінде бар сөздер болып түсіндіріледі.
Сонымен бірге «Диуани лұғат ат-түрік» ХІ ғасырда түркі тарихы мен әдебиетінен де мол мағлұмат деректер беретін еңбек. Әсіресе, мұнда халық ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Онда мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Олардың көбі қазіргі қазақ әдебиетінде жиі ұшарайды немесе ұқсас келеді. Мәселен: «Еңбек етсең, емерсің», «Тас бас жарар, еңбек тас жарар», «Жаз еңбек етсең, қыс қуанарсың» т.б. бұл мақалдардың тәрбиелік мәні зор да, сонымен бірге ертедегі кәсіп туралы пікірлерді білдіреді. Сонымен бірге, олар қазіргі қазақ ұғымымен өте жақын.
Осындай ерекшеліктер тұрмыстың әр саласынан аңғарылады. Мәселен, «Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас», «Киіз жамылған су болмас», «Атын аямаған жаяу қалар», «Түйеге мінген қой ішінде жасырына алмас» - сияқты өнегелі пікірлер айтылады. Шындығында Махмуд сөздігі әдеби деректерге өте бай. Онда халықтың даналық сөздері жинақталған. Ақылды, білімді, ойлы, мейірімді болуға үндейтін тәлім сөздер көп.
Сөздікте жергілікті көшпелі тайпалардың өлеңдері көптеп кездеседі. Бұл өлеңдерді автор қыпшақтар сөзі деп ашық айтады. Оларда дала табиғаты, жазғы жайдары өмір, көктемдегі жан-жануардың рахаты әсем сипатталады.
М.Қашқари сөздігінің жазу мәдениетімізге қосқан үлесі зор. Оның түркілік елдер ұзақ мерзім қолданып келген.
Сөздікте түрлі аңыздар да мол орын алған. Мәселен, бір аңызда Өгіз (Огуз) ханның атын қалай қойғаны туралы дерек бар. Аңызда: Қараханның әйелі ұл табады, бірақ баласына бір жасқа дейін қолайлы ат қоя алмай, барлық жұрт дал болады. Ақыры бала бір жасқа толған соң, той қылып, жұртқа ат қойыңдар деп тілек етеді. Ешкім тіл қата алмай, ауыздарына қолайлы ат түспей тұрғанда бұл жаста тілі шығып қалған бала, олай болса, сіздер қиналмаңыздар, мен атымды өзім-ақ қояйын, атым Өгіз (Огуз) болсын депті. Осыдан Өгіз ханның тұқымы өсіп, кейін ол тарихта огуздар тайпасының басы, атасы боп тарихта қалады.
Мұндай тапқырлық жайлар қазақ эпостық шығармаларына да тән.
Сөздікте кездесетін кейбір өлең жолдарында қазақтың жер, су аттары нақ қазіргі күйінде аталады. Сөз тіркесі де таныс:
Еділдің суы аға тұрар,
Қой шыққанда ұра тұрар,
Балығы толы көрініп тұрар,
Көлдер толып күшейер.
Келесі жолдардан Іле, Ертіс, Мыңлық сияқты қазақ жер-су аттары ұшырайды.
Сөздікте, мақал-мәтел аңыздардан басқа 300-дей өлең шумақтары бар. Олар қазақтың 4 жолды, 7,8 буынды өлең түрлеріне жазылған. (газетте мысалдар Қ.Ә. 18,03,1983 жыл).
«Диуани лұған ат-түріктегі» әдеби көркем туындылар оның өзінен бұрынғы Орхон, Енисей, талас жазуларындағы Күлтегін жырымен, ия болмаса өзімен тұстас Ж.Баласағунидің «Құдатғу білік» поэмасымен тақырыптық, көркемдік, тілдік ұқсастық жайлары көп. Сонымен бірге «Диуани лұғат ат-түрік» қазіргі қазақ ауыз әдебиетімен де ортақ ерекшеліктерге бай.
Диуандағы өлеңдердің үлкен бір тобын өзара тақырыптық өзектестікте болғандықтан оны түркі елінің ерлік күрестерін баяндайтын қаһармандық көне жыр ретінде бағалайды. Бұл пікірді ғылыми дәлелдеген совет тюркологі И.В.Стеблева («Развитие тюрских поэтических форм в ХІ веке» (М.197).
Диуандағы мұндай эпостық топтама жырларда көне түркі ұлыстарының ерлік жорықтарда көптеген жеңістерге жеткендігі мадақталады. Шығармада жеке хан, бектерден гөрі халық бостандығы үшін күрескен белгісіз ерлер көп жырланады.
Эпостың алғашқы тарауында таңғұттарға қарсы жорық баяндалады. Сол жорықта белгілі батыр Катунсини мен тағы белгісіз батырдың ерлігі паш етіледі. Таңғұттар залымдыққа, арамадыққа барып Катунсиниді жаралайды, бірақ артынша сазайларын тартып бас иеді. Белгісіз лирикалық кейіпкер жойқын ерлік жасап, тунгуттарды қирата жеңеді. Жырда бұл жай былайша сипатталады:
Тәмәм батыр жоғалды,
Жау осылай жеңілді.
Күші оның қалмады,
Қылыш қанға күн болды.
Диуан жырының екінші тарауы – «Ұйғырлармен күрес» деп аталады. Ұрыстың болған жері, ұйғырлардың ертедегі діни-сенімдері айтылады. Түркі қолы Іле өзенінен өтіп, Мыңлақ елін басып алады. Ондағы будда храмын қиратып, сол діннің жолдарын, яғни тас мүсіндерін тас-талқан етеді. Түркі жауынгерлері паш етіледі. Олар тұтқиылдан түнде шауып, Маңлық қалаларын тегіс басып қамайды. Түркі елінің қолы тасқын судай ағып, құстай ұшып, қара жерді шаңдатып, қандатып желдей еседі. Соғыста талай тактикалық шеберліктер жасайды.
Үшінші-төртінші тарауларда түркілердің Ябакулармен ұрысы баяндалады. Ябаку батыры Будрач қолжиып, түркі елін шаппақ болады. Оған қарсы белгісіз батыр түркі қолын бастап Ямар өзенінен түнде өтіп, ертемен Буграчтың әскерін қиратып, өзін өлтіреді. Жау жеңілген соң елде қой мен қасқыр бірдей жүргендей тыныштық орнайды. Бұл ретте де эпоста түркі жігіттерінің және лирикалық кейіпкердің ерлігі, жойқын соғыс жайлы сипатталған:
Таң ата жорытқанмын,
Будрач қанын еріткенмін
Басша бегін өртегенмін
Әммә жігіт жиылып,
Ақырып атты қамшыладым.
Қалқан сүңгі жұмсадым
Тоғыз рет ұрыстым,
Тоғыз атпен жарастым.
Жырдың ендігі бір елеулі тарауы түркінің алып ері Тонғаның өліміне байланысты жоқтау. Бұл бүгінгі қазақтың тұрмыс-салт жырымен әуендес келеді. Тонға батырдың мезгілсіз өліміне ел қатты қайғырады. Ер өліміне елдің сенгісі келмейді, бізді кімге қалдырып кеттің деп зар еңірейді. Дегенмен, ел өзін-өзі жұбатады: уақыт ұрланып өтіп жатады, ақыры өлім торына ілігесің, бектің бегі де өлім торынан қашып құтыла алмайды. Уақыт дегенін істеді. Аяулы Тонға дүние салды. Қайырымдылық өшті, зұлымдық басым болды. Ақылдылар ескерусіз қалды. Дүние біткен өзгеріп, азып кетті. Себебі әлем бегі, мейірімді адам дүние салды-деп жырлайды:
Алып ер Тонға өлді ме,
Иесіз жұрты қалды ма,
Тағдыр өшін алды ма,
Енді жүрек жыртылар?!
Ұлыды ерлер бөрідей
Жыртып жаға зорлады
Шұрқырап үні жырлады
Суланып көзі өртенер.
Бұдан соңғы тағы бір елеулі тарау – «Белгісіз батырды жоқтау» деп аталады. Мұнда да түркі елі жауды жеңіп, үлкен ерлік жасаған белгісіз бір батырдың ойда жоқта оққа ұшып өлгенін қатты қайғырады:
Жаудың отын өшірген,
Тойдан оны көшірген,
Істер ізіліп жойылған
Оқ тиді, өлтірді –деп жоқтайды.
Міне, Диуандағы ерлік мазмұнды эпос, осындай, түркі елінің бостандық жолындағы қаһармандық күрестерін, алып ерлерін, дархан даласын жыр етеді. Оқиға қазіргі Қазақстан жеріне көп үйлеседі. Себебі, жырдағы оқиғалар Іле, Ертіс, Еділ сияқты қазақтар жайлайтын өзендерге байланысты сипатталған. Алада бұл жыр тек қазақ емес, басқа да түркі халықтары: өзбек, қырғыз сияқты қыпшақ ұранды елдерге де ортақ.
«Диуани лұғат ат-түріктегі» лирикалық жырлар да аса маңызды әдеби туынды болмақ. Олардың көпшілігі махаббат және табиғат лирикалары.
Махаббат лирикасына 15 шақты өлең жатады. Онда сүйген жарға деген жігіттің арнау сөздері нәзік сипатталған. Жігіт өз көңілін образды сөздермен береді: «Көзімен аққан жас теңіз боп, ғашық құсы оны айнала ұшып-қонып жүр», немесе: «Ғашық торына оралдың» деген сияқты бейнелі тіркестер орын алған жігіт сүйген жары туралы:
«Жалын оның көзі,
Жаны оның өзі.
Толған айдай жүзі,
Жарды менің жүрегімді! - деп ой-сезімін білдіреді. «Ғашықтық мені жеңді» деген өлеңде сүйгенінен айырылған жігіт мұңы реалистік сыңайда жан-толқынысымен берілген:
Құзғыр оты тұтанып,
Өкпе, жүрек қабынар.
Түн, күн тұрып жылаймын
Жасым менің сауылдар.
Өлеңде адал махаббат мәңгі мадақтала жырланады, кей жастардың бұл істе тұрақсыздығы, махаббат, сенім, достықты дұрыс бағалай білмей, аяқ асты етуі қатты сыналады.
Табиғат лирикасының ішінде «Қыс пен жаздың айтысы» жанрлық жағынан болсын, дүние танымы жағынан болсын, аса құнды, көңіл бөлерлік шығарма. Жиырма үш шумақтан тұратын бұл өлең, бүгінгі қазақ айтысының ерте замандағы түп-тамыры, көне нұсқасы сияқты.
Қыс пенен жаз тоғысып,
Ала көзбен соғысып,
Бір-біріне қарады,
Бір-бірін жау санады – деп басталады да диалогымен мазмұнды өріледі. Қыс: Мен ер жігітке күш берем, ауру-сырқауды азайтам, қардың суына жаз егін шығады. Ал жаз болса бүйі, жылан, шыбын-шіркей тіріліп, адамға зиян келтіреді,-дейді.
Оған қарсы жаз: Қыс түссе құлпырған жер бетін суық қар мен сірескен мұз басады, адам тоңып, бүрсең қағады. Ал жаз шықса, жұрт арқасы кеңіп жадырайды, жерге күннің нұры түседі, жаңбыр жауып, сай-сала суға толады, түрлі бәйшешектер құлпырады, мал төлдеп азан-қазан көңілді шақ туады, сүт селдей ағады. Сенен қашқан құс та қайта оралып әнге босады. Жан-жануар рахат табады.
«Диуани лұғат ат-түріктің» соңында бірнеше табиғат өлеңдері-әдемі лирика берілген. Олардың көркемдік арнасы аса жоғары:
Жарқырап жұлдыз туғанда
Ұйқыны серпіп қарадым.
Бөлейді құстар думанға
Тыныштық күйін даланың.
Еділдің суы тулайды,
Қаһарлы толқын тас қажап.
Жағада бақа тулайды,
Ойнайды суда ақ шабақ.
Диванның соңғы бір өлеңінде философиялық ойға берілу бар. Дүниенің дамуы материалистік тұрғыда бағаланады.
Туғандардан мәңгі өмір сүрген жоқ,
Дүние, әлем, жұлдыздар да күнде туып, сөнеді.
дәулетпен даңққа қызықпау керек деген қағида бар. Ондайың болса елге қызмет қыл:
Киімің болса жақсы өзің ки,
тағам болады өзгеше сый.
Құрмет қылсаң қонақты,
Асады даңқың халқыңа.
1972 жылы «Диванның» 900 жылдығы атап өтілді – бүкіл тюркология ғылымы саласында. көптеген ғылыми баяндама жасалынды. Конференцияда- Бакуде. «Советская тюркология» журналы 1 саны 1974 жыл соған арналады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. – Алматы, 1986.
2. Бартольд В.В. Двеннадцать лекции по истории турецких народ Средней Азии. Соч. Ү-Т. – Москва, 1968.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік /аударған А.Елубаев/. – Алматы, 1986.
4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 1973.
5. Келімбетов Н. Шығыстың классикалық поэзиясы және қазақ әдебиеті. – Алматы, 1989.
6. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы, 1967.
7. Стеблева И.В. Развитие тюркских поэтических форм в ХІ веке. – Москва, 1971.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет