Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы



бет25/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org

Бағытталған (обращенный) диод- туннельдік диодтың бір түрі. Бағытталған диод - p-n -өтпесіне туннельдік эффект аз әсер ететін жартылайөткізгіш диод. Себебі туннельдік диодтқа қарағанда жартылайөткізгіштегі қоспалар концентрациясы азырақ. Вольт- амперлік сипаттамасында кері кедергісі болмайды. Толық легірленбеген себепті температураға тәуелділіг жоғары. Бағытталған диодтың кіші кернеулерді (мВ) кері өткізгіштігі өте жоғары. Бағытталған диодтар мәні кіші айнымалы кернеуді түзету үшін, жиілігі 100 МГц сигналдарды детектрлеу үшін қолданылады. Тізбекке кері бағытта қосылады. Ішкі құрылысына өте алатын радиацияға сезімталдығы төмен.
Сурет-18. Бағытталған диодтың вольт-ампелік сипаттамасы
( пунктирмен туннельдік диод ВАС-ы көрсетілген).
Бағытталған диод параметрлері:
Uтура – берілген токтағы тура кернеу
Uкері - берілген токтағы кері кернеу
Iтурамакс және Iкерімакс – максимальді тура және кері ток

Cд – диод сыйымдылығы – диодтың жиіліктік қасиеттерін сипаттайды.


Сурет19.Диодтық жиынтық, диодтар, стабилитрондар, жарық диоды және оптронның фотосуреті.

Бақылау сұрақтары


1. р-п - өтпенің тепе-теңдік күйі қалай қалыптасады?
2. р-п - өтпедегі потенциалдық барьердің өзгеруі неге байланысты немесе өтпені кернеуге тікелей және кері қосқанда не өзгереді?
3. Рекомбинация үрдісін түсіндірініз.
4. Потенциалдық барьер (бөгеттік қабат) ені неге тең?
Диодтың сипаттамалары, қолдану облысы, таңбалануы.
1. Жартылайөткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы
2. Жартылайөткізгіш диодтардағы ойық түрлері
3. Жартылайөткізгіш диодтарды таңбалау немесе маркерлеу
Негізгі түсініктемелер сөздігі: туннельдік, көшкіндік және жылулық ойық.

Жартылайөткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы р-п өтпесін кернеу көзіне керісінше, яғни р-түрлі жартылайөткізгішті теріс полюсімен, n-түрлі жартылайөткізгішті оң полюсімен қосса (8,в-сурет), онда кернеу көзі тудыратын өрістің кернеулігі мен бөгет өрістің кернеулігі бағыттас болады да түйістік потенциалдар айырымы және потенциалдық тосқауыл артады (8,г-сурет). Қорытынды өріс негізгі заряд тасымалдаушы бөлшектердің қозғалыс бағытына қарсы бағытталғандықтан бөгеттік қабаттың ені және кедергісі артады. Жартылайөткізгіштерде негізгі емес заряд тасымалдаушылардың концентрациясы өте аз болатындықтан кері ток деп аталатын дрейфтік ток та аз болады.
Сонымен, р-n өтпесі кернеу көзіне тура қосылғанда оның кедергісі аз болады да онымен ток жүреді, ал керісінше қосылғанда өтпенің кедергісі артады да онымен ток жүрмейді дерлік. Былайша айтқанда р-n өтпесінің вентильдік, яғни токты бір бағытта ғана өткізетін қасиеті бар.

20-суретте р-n өтпесінің вольт-амперлік сипаттамасы келтірілген. Жоғарыда айтылғандай, өтпе тура қосылғанда кернеудің өсуі (Uт-тура кернеу) бөгеттік кабаттың кедергісін азайтады, сондыктан ток тез өсіп отырады (Іт-тура ток). Өтпе керісінше қосылғанда (Uк-кері кернеу) кернеудің өсуі бөгеттік қабаттың кедергісін арттырады да онымен өте аз ток жүреді (Ік-кері ток).


Сурет 20. Жартылайөткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасы:
1-тура бұтағы; 2-кері бұтағы.
Дегенмен, өрістің кернеулігі артқан сайын негізгі емес заряд тасымал-даушылардың саны көбейеді. Кері кернеу одан әрі өскенде бейнегізгі заряд тасымалдаушылардың энергиясы жоғарылап, атомдармен кездескенде оларды иондайтын болады. Кернеудің белгілі бір мәнінде заряд тасымал-даушылардың саны кенеттен өсіп, ал өтпенің кедергісі өте азайып кетеді. Сондықтан кері ток та кенеттен өсе бастайды. Бұл құбылысты р-n өтпесінің электрлік көшкінді тесілуі деп атайды. Электрлік тесілумен қатар, өтпеге кері кернеу берген кезде жылулық тесілуде байқалады. Егер р-n өтпесінің температурасы оның номинал температурасынан асып кетсе, онда қызудың нәтижесінде заряд тасымалдаушылардың саны көбейеді де, ал өтпенің кедергісі азаяды. Егер осы үрдіс жүре берсе, онда кернеудің белгілі бір мәнінде өтпенің жылулық тесілуі мүмкін. Әрине жылулык тесілуден кейін

р-n өтпесі істен шығып қалады, яғни жанып кетеді.
20-суретте а0бвс әріптерімен көрсетілген әрбір аймақ әртүрлі диодтардың жұмыс істеу аймағын көрсетеді. 0а – аймағы түзеткіш диодтардың жұмыс аймағы. Тура бұтақтың одан жоғарғы аймағы «қанығу аймағы» деп аталады. Бұл аймақта диодтар жұмыс істемейді, ал туннельдік диод пен бағытталған диодтың жұмыс істеу аймағының ерекшеліктері жоғарыда айтылған.

Вольт-амперлік сипаттамның кері бұтағындағы 0б – варикаптың жұмыс істеу аймағы, бв – стабилитронның жұмыс істеу аймағы, вс – көшкіндік ойық аймағы. Кез келген диод туралы мәліметте әрбір диодтың өз аймағындағы ВАС-ы көрсетіледі және өз аймағындағы зерттеулер туралы мәлімет айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет