Кездейсоқ қателік - бір шаманы қайталап өлшегенде кездейсоқ өзгеретін шама. Кездейсоқ қателіктер бірдей шамаларды бірнеше рет өлшегенде пайда болады. Кездейсоқ қателіктердің пайда болу себебін дәл айту қиын. Кездейсоқ қателіктердің әсерін есепке алу үшін өлшеу қорытындысын өңдейтін ықтимал әдістер қолданылады
Жүйелік қателік - өлшеу құралының қателіктерін құраушылар тұрақты болатындығын немесе бір шаманы көп рет өлшеу кезіндегі өзгеру заңдылығы. Жүйелік қателіктің бар екенін эксперимент жүргізу немесе қайта өлшеу арқылы, талдау жасап табады. Жүйелік қателікке сәйкесті салыстыру жүргізе отырып, оны азайтуға немесе болдырмауға болады. Жүйелік қателіктің мысалы ретінде, құралды градуирлеу қателігі жатады, яғни құралдың шкаласы қате бөліктенгендігі, сондай-ақ құралдың шкаласының қалыпты жағдайынан ауытқуы жатады. Өлшеу құралдарына сыртқы факторлардың әсерлері (мысалы, температураның және қорек кернеуінің тербелісі, сыртқы электр және магнит өрістері) жүйелік қателікті болдыруға себепші болады.
Мүлт кету - бұл өлшеу қорытындысын күрт бұрмалайтын қателік. Мысалы құралдың тұрақтысы (бөліктеу бағасы) дұрыс емес анықталады.
Қателіктер өрнектелуі бойынша: абсолюттік, келтірілген және салыстырмалы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |