Интегралды микросұлбалардың шартты таңбалануы
14.1.ИМС ерекшеліктері және оларды таңбалау.
14.2. Функционалдық элетрониканың перспективтік бағыттары
Негізгі түсініктемелер сөздігі: серия, аналогты-цифрлық түрлендіргіштер, цифрлы-аналогтық түрлендіргіштер
Интегралды микросұлбалардың шартты таңбалануы жүйелері
Аналогты және цифрлық микросхемалар жасап шығарушы- кәсiпорынмен топтамалар(серия) түрiнде дайындалып және өндіріліп шығарылады. Әрбiр топтама комплекттiк (жинақталу) дәрежесiмен ерекшеленетін бiрнеше микросхемалардан тұрады, олар өз кезегiнде номиналдарға бөлшектенеді. Микросхемалардың топтамаларына әр түрлi функциялар орындай алатын, бiрақ конструктивті-технологиялық орындалуы бірдей және бiрлескен қолдануға арналған микросұлбалар жатады.
Конструктивтi - технологиялық орындау бойынша шартты таңбалануы қабылданған жүйеге сәйкес микросхемалардың шығарылатын топтамаларының барлық алуан түрлiгi үш топта жiктеледi: шала өткiзгiштік, гибридтік, басқалары. Соңғы топқа (басқалары) соңғы кезде шектеулі санмен шығарылатын қабыршақтық микросхемаларды, сонымен бiрге вакуумдық және керамикалық микросхеманы жатқызады. Шартты таңбалануы жүйесінде микросхемалардың көрcетiлген топтарына келесi цифрлар берілген:
- 1, 5, 7-шала өткiзгiштік ИМС (7-корпуссыз ИМС);
- 2,4,8 – гибридтік ИМС;
-3 – басқа ИМС;
1 -функционалдық белгi бойынша микросхема өңдеуiнің осы топтамасының шартты нөмiрі.
А - функционалдық қызметі
Л – топ бөлігі
3 - осы топтаманың реттiк нөмiрі
1 - топ(конструктивтi - технологиялық орындалуы бойынша)
Микросхеманың атқарылатын функциясының сипатына қарай радио-электрондық аппаратурада шағын топтарға (генераторлар, модуляторлар, триггерлер, күшейткiштер тағы басқалар) және түрлерге (жиiлiк, фаза, кернеу түрлендiргiштер және тағы басқалар) бөлінеді. Функционалдық міндеті бойынша микросхемалардың классификациясы төменгі кестеде келтiрiлген.
Микросхеманың қабылданған таңбалау жүйесі бойынша төрт элементтен тұруы керек. Бiрiншi элемент - цифр, тиiстi конструктивтi- технологиялық топқа кіреді (шала өткiзгiшті, гибридты, басқа);
Екiншi элемент - осы топтамаға берiлген өңдеудiң реттiк нөмiрі, екi-үш цифрдан тұрады. Демек, үш-төрт цифрдан тұратын алғашқы екi элемент микросхема топтамасының толық нөмiрін анықтайтын болады.
Үшiншi элемент - шағын топтар және түрге сәйкес келетін екi әрiп (кестесі
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1.Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігіне қоспалар қалай әсер етеді?
2.Жартылай өткізгіштердің тесіктік өткізгіштігі дегеніміз не?
3.Жартылай өткізгіштердің электрондық өткізгіштігі дегеніміз не?
4.Полюстік және нүктелік диодтардың құрамы мен құрылысы ?
5.Транзисторлар және тиристорлар дегеніміз не?
6.Жартылай өткізгіш триодтарының жұмысы мен құрылысын айтыңыз. 8.Күшейткіштердегі кері байланыс дегеніміз не?
9.Электрондык күшейткіштер туралы түсінік.
10. Микросхема туралы түсінік.
11.Активті және пассивті элементтердің түрлері?
12.Интегралдық микросхема (ИМС) туралы түсінік беріңіз.
13.Радиоэлектронды аппараттар туралы түсінік беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |