Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет13/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Электромагниттік жүйе құралдары

    Электромагниттік құралдардың жұмыс істеу принципі өлшенетін электр тогының магнит өрісінің әсерінен еркін қозғала алатын магниттік өзекшенің оның ішіне қарай тартылуына негізделінген (Сурет ).



Сурет Электромагниттік құралдары

     Өлшегіш құралының төртбұрышты қозғалмайтын 4 орамдары арқылы өлшенуге тиісті электр тогы өтеді. Орам ортасында, өзекше еркін ене алатын арнайы қуыс орын алаған. Магниттік жұмсақ болаттан жапырақша етіп жасалынған өзекше 3 , 7 білікке бекітілген. Осы білікке 2 құралдың көрсеткіш тілі 2 және шиыршықты серіппе 5, теңестіруші жүк 6 бекітілген.

Мұндағы теңестіруші жүк құрал тілінің білікке қатысты күшін теңестірге және тілдің қзақ уақыт тербелісін болдырмауға қызмет етсе, шиыршықты серіппе тілдің қозғалысына кері теңгеруші момент тудырады.

I тогы орамдар арқылы өте отырып магнит ағынын тудырады, оның әсерінен магниттелген өзекше орамға қарай тартыладығ ток шамасы қаншалықты күшті болса соншалықты тартылыс күші де артаттын болады.

        Электродинамикалық құралдар жүйесі

     Электродинамикалық құралдар жүйесінің жұмыс істеу принципі токтардың өзара әсерлесулеріне негізделінген.

Тогы бар кез-келген екі өткізгіштердегі ток бағыттары бірдей болған жағдайда сымдар өзара тебілетіні және әртүрлі болған жағдайда олардың бір-біріне тартылатыны белгілі.



-Сурет Электромагниттік өлшеу құралдары

      Мұндай құралдар жүйесі екі орамдардан : өзар тізбектей жалғанған екі секциядан тұратын жылжымайтын 3, және 4 білікке орналастырылған, қозғалмайтын орамдар ішіне орналастырылған, қозғалатын 5 орамдардан тұрады. Өлшенетін ток білікке бекітілген α бұрылу бұрышына пропорционал болатын MПР кері әсер етуші момент тудыратын шиыршықты серіппелер 6 арқылы беріледі. Сорндықтанда, серіппе біліктен оқшауланылып (изоляцияланып) орналастырылады

    Электодинамикалық өлшеу жүйесінде вольтметрлерде көптеген жағдайларда орамдарды өзара тізбектей жалғайды және қосымша кедергілермен жабдықталады.

Электодинамикалық өлшеу жүйесінде ваттметрлердің вольтметрлер мен амперметрлерден айырмашылығы шкаласының біркелкі бөліктерден тұратындығында ғана. Бұл құралдарда бірмезетте екі бірдей орамдардағы токтың өзгерісі айналдырушы моменттің бағытына әсері болмайды , сондықтанда бұл құралдарды тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде пайдалануға болады.

Электодинамикалық өлшеу құралдарын негізінен электр тізбектерінің қуатын өлшеуге пайдаланады. Олар, ферромагниттік өзекшесінің болмауына байланысты, жоғары дәлдікке ие сол сондай-ақ, тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде пайдалануға болады.

Айнымалы ток тізбегінің шамаларын өлшеуде электродинамикалық құралдар ең дәл өлшеу құралдары болып саналады. Оларды дәлдік санаты 0,1; 0,2; 0,5.болатын алып жүруге ыңғайлы құралдар түрінде қолданады.

Электродинамикалық жүйелерінің кемшілігі: сыртқы магнит өрістеріне сезімталдығы, өлшенетін ток жіңішке сымдардан жасалған серіппелер арқылы берілетіндіктен, артық электрлік шамаларға төзімсіздігі. Сонымен қатар, жеткілікті айналдырушы момент тудыру, орамдар саны көп болуы себепті, өлшеу құралы шамалы артық электр қуатын қажет етеді,    Сырттқы магниттік өрістердің әсерін төмендету және шашыраңқы магнит ағымдарын жинақтау, соның арқасында айналдырушы моментті арттыру мақсатында орамдар ферромагниттік өзекшеге орнатылады.  Өзекшеде құйынды токтарды әлсірету мақсатында, пластиналадан жасалады және олар өзара изоляцияланады.

Ферромагниттік өзекшелерге жтнақталған электродинамикалық өлшегіш құралдары ферродинамикалық деп аталады. Десекте , өзекшелердегі қалдық магнетизм және құйынды токтардығ болулар себепті, мұндай құралдардың өлшеу дәлдігі төмен болады және оның ең жоғарғы санаты -1,5.

Ферродинамикалық құралдар,айналдырушы моменттерінің үлкен болуына байланысты, ток күшінің 10-5000 Гц жиіліктері аралығында, көбінесе тірке немесе өзбетірше жазу құралдары ретінде пайдаланылады.

     Магнитоэлектрлік өлшеу құралдары жүйесі    Магнитоэлектрлік өлшеу құралдары жүйесінің ерекшелігі, (сурет ) онда тұрақты магнит өрісі мен I тогы өтетін, ортасында қозғалмайтын магнит өзекшесі 3 орналасқан, контур тәрізді ораммен 2 өзара әсерлеріне негізделінуінде.





  1. Сурет Магитоэлектрлік өлшеуіш құралдары

    Ораммен 2 бірге орналасқан рама өлшеуіш құралдың тілімен біріктірілген. Рамаға ток екі серіппелі шиыршық арқылы беріледі. Шиыршықтың бір ұшы құрал қаңқасына , екінші ұшы білікке бекітіледі. Шиыршықтар арнайы изоляциялық материалдармен біліктен және құрал қаңқасынан оқшауланған. Шиыршық арнайы фосфорлы қоладан жасалынған. Олар электр тогын жақсы өткізеді және серпімлік қасиетке ие. Өйткені олардың механикалық параметрлері электр тогы әсерінен қызған кездерде өзгеріскке ұшырамауы тиіс. Магниттің тогы бар орамға (рамаға) әсер ететін күштің бағытын оң қол ережесі бойынша анықтауға болады.      Магитоэлектрлік өлшеу құралдары тек тұрақты ток шамаларын ғана өлшеуде қолданылады. Өйткені, жиілігі 50 Гц болатын айнымалы ток өлшегіш құралының тілін оңға және солға тербелісіне алып келеді, соның салдарынан құарал тілі ток өзгерісене ілесе алмайтындықтан, нольдік белгіден жылжымай қалады.

   Магнитоэлектрлік өлшеу құралдарында өте өзінің магнит өрісі күшт болғаны себепті, ондағы азғана ток раманы қозғалысын тудырады, сондықтан олар өте аз мөлшердегі ток шамаларын да өлшеуге мүмкіндігі бар. Индукциялық жүйе құралдары.   Индукциялық жүйе құралдарының жұмысы, магнит өрісіне орналастырылған өз білігі арқылы еркін айнала алатын диск және осы магнит өрісінің әсерінен пайда болатын құйынды токтар мен дискіге (әртүрлі ауданында) әсер етуші магнит ағындарымен өзара әсерлесуге негізделген. . Индукциялық өлшеу құралдары айнымалы ток тізбегіндегі ток, кернеу, қуат және энергия шамаларын өлшеуге арналған (рис. 3.5).

  1. Сурет Бір фазалы айнымалы ток тізбегінің эдектр энергиясын есептегіш электромагниттік жүйедегі есептегіш құралы

    




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет