Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы


,8 лекция.Динамиканың негізгі ұғымдарын әдістемелік тұрғыда талдау



бет8/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
7,8 лекция.Динамиканың негізгі ұғымдарын әдістемелік тұрғыда талдау.
Нютонның бірінші заңы.
Материалдық нүкте (дене) тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс күйін басқа денелер тарапынан бұл күйді өзгертуге мәжбүр еткенше сақтайды.
Дененің тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс күйін сақтауға тырысуын инерттілік деп атайды. Сондықтан Ньютонның бірінші заңын инерция заңы деп те атайды. Ньютонның бірінші заңы инерциалді санақ жүйесіне салыстырғанда басқа денелердің әсеріне ұшырамаған материалдық нүкте бір қалыпты және түзу сызықты қозғалады.
Ньютонның бірінші заңындағы әсерлесуді сипаттау үшін күш түсінігі енгізеді. Денелердің инерциялық қасиеттерін сипаттау үшін масса түсінігі енгізіледі.
Күш – денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан механикалық әсерінің өлшемі болып табылатын векторлық шама, оның нәтижесінде дене үдеу алады немесе формасы мен өлшемдерін өзгертеді.
Механикалық әсерлесу жанасатын денелер арасында да, (мысалы, соққы, үйкеліс, бір-біріне қысым жасау т.б. кездерде), сондай-ақ алыста тұрған денелер арасында да болуы мүмкін.
Заттың бөлшектерін бірегей жүйеге байланыстыратын және бір бөлшектердің басқа бөлшектерге әсерін соңғы жылдамдықпен жеткізетін материяның ерекше формасын физикалық өріс немесе өріс деп атайды.
Күштің бірлігі – Ньютон (Н): 1Н – 1 кг массаға күштің әсер ету бағытымен 1м/с2 үдеу беретін күш.
Механикалық жүйе деп, бір бүтін ретінде қарастырылатын материалдық нүктелердің (денелердің) жиынтығын айтады.
Зерттеліп механикалық жүйе құрамына кірмейтін денелер, сыртқы денелер деп аталады.
Қарастырылатын жүйенің бөлшектерінің өзара әсерлесу күштері ішкі күштер деп аталады.
Егер механикалық жүйе сыртқы денелермен әсерлеспесе (оған сыртқы күштер әсер етпесе), механикалық жүйе тұйық немесе оқшауланған деп аталады.
Егер дененің кеңістіктегі орнына және қозғалысына ешқандай шектеулер қойылмаған болса, дене еркін деп аталады.
Егер оның мүмкін болатын орындарына және қозғалыстарына механикада байланыстар деп аталатын бір не басқа бір шектеулер қойылған болса, дене еркін емес деп аталады. Байланысты іске асыратын денелердің әсерін сәйкес күштермен алмастырып еркін емес денелерді еркін деп қарастыруға болады. Бұл күштер байланыстардың реакциялары деп аталады, ал денеге әсер ететін басқа күштердің барлығы – белсенді күштер деп аталады.
Масса – материяның инерциялық және гравитациялық қасиеттерін анықтайтын материяның негізгі сипаттамаларының бірі болатын, физикалық шама.
Массанының бірлігі – килограмм (кг).
Дененің кіші элементінің массасының осы элементтің көлемінің шамасына қатынасы дененің М нүктесіндегі тығыздығы деп аталады.

Импульс.
Материалдық нүктенің массасының оның жылдамдығына көбейтіндісі импульс немесе қозғалыс мөлшері деп аталады. Оның бағыты жылдамдық бағытымен сәйкес келетін векторлық шама .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет