Электростатикалық өрістің суперпозиция принципі. Кулондық күшке механикада қарастырылған әсер етуші күштердің тәуелсіздігін пайдалансақ, онда өріс тарапынан сыншы зарядқа әсер ететін қорытқы күш әрбір зарядтың жасайтын электростатикалық өрістерінің күштерінің векторлық қосындысына тең
Зарядтар жүйесінің жасайтын қорытқы өрісінің кернеулігі берілген нүктеде әр зарядтың жасайтын өріс кернеуліктерінің геометриялық қосындысына тең.
Бұл формула электростатикалық өрістің суперпозиция принципін өрнектейді. Бұл кез келген қозғалмайтын зарядтар жүйесін нүктелік зарядтар қосындысы деп қарастырып, электростатикалық өрісті есептеуге мүмкіндік береді.
векторын екі және векторларының қосындысы ретінде табатын ережені еске түсірсек
векторының ағыны. Электрлік диполь (қосарланған электрлік полюс) деп модулі жағынан тең екі әр аттас нүктелік зарядтар жүйесін айтамыз, олардың арақашықтығы өрістің қарастырылып отырған нүктесінде дейінгі қашықтықтан елерліктей аз .
Диполь иіні - диполь осі бойымен теріс зарядтан оң зарядқа қарай бағытталған және олардың арақашықтығына тең вектор.
Дипольдің электрлік моменті - бағыты жағынан диполь иінімен бағыттас және заряд модулінің диполь иініне көбейтісіндісіне тең вектор
Диполь осінің жалғасында жатқан А нүктесіндегі өріс кернеулігі
,
Гаусс теоремасы. Электр зарядтарының жүйесінің кернеулігін электростатикалық өрістің суперпозиция принципі бойынша есептеуді кез келген тұйық бет арқылы өтетін электр өрісінің кернеулік векторының ағынын анықтайтын Гаусс теоремасын пайдалану арқылы елерліктей жеңілдетуге болады.
Центрінде орналасқан нүктелік зарядты орап тұрған радиусы , сфералық бет арқылы кернеулік векторының ағынын қарастырайық.
Бұл нәтиже кез келген формалы, зарядты орап тұрған бет үшін дұрыс.
Егер тұйық бет зарядты орамаса, онда ол арқылы өтетін ағын нольге тең, яғни бетке енетін кернеулік сызықтарының саны одан шығатын кернеулік сызықтарының санына тең.
зарядын қоршайтын кез келген беттің жалпы жағдайын қарастырайық. Суперпозиция принципі бойынша барлық зарядтың жасайтын өріс кернеулігі жеке әр зарядтың жасайтын өріс кернеуліктерінің қосындысына тең. Сондықтан