Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы


,28 лекция. Оқушылардың педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін үйрету



бет31/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
27,28 лекция. Оқушылардың педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін үйрету
Қазіргі кезде оқушының ой- өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша көңіл бөліп отыр. Себебі мемілекеттік стандартта, орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына,мүделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұл жағдай оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді. Осы міндеттерді жүзеге асыру жолында басқа пәндермен қатар физика пәнінің атқаратын ролі зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен соңғы кездері мектеп оқушыларының физикаға оң көз қарасы біршама төмендеп,олардың қызығып оқымайтын пәніне айналып отыр. Мұның басты себебі білім беру жүйесін демократияландыру барысындағы жіберілген ағаттықтар болса, екіншісі оқушыларды алған білімдерін әртүрлі физикалық құбылыстардың мәнін ашатын демонстрациялық тәжірибелер көрсетуге, лабораториялық жұмыстар жасауға қарапайым және күрделі есептер шығаруға қолданбай жалаң оқытылуынан.
Қазіргі кезеңде, көптеген мектептерде қоғамдағы өзгерістерге сай шетел тілдерінде физиканы оның ішінде механиканы тереңдетіп оқыту кең өріс алған. Көп ретте осы пәндерге бөлінген сағат саны басқа пәндердің (физика, биология және т.с.с) есебінен көбейтілген.Осының салаларынан физика сабағында, бұрынғы кездегідей лабораториалық жұмыстар жасалмайды,тәжірибелер аз қойылады шектеп көрсетіледі,есептер шығаруға уақыт жетіспейді. Оның үстіне мектептердің көбісінде құрал жабдықтар тозған, сынған, жаңаларын алуға қаражат бөлінбейді. Осыдан оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығы және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады деген сұрақ туындайды.
Қозғалысты тудыратын себептерін қарастырмай, тек қозғалыстарды санақ системасы мен уақытқа байланысты зерттейтін физиканың бөлімі механика тарауындағы кинематика деп аталады. Кинематиканың негізгі есептері кез келген уақыт мезетіндегі кеңістіктегі дененің орнын табу болып табылады. Бұл есептерді шешу ерекше «тізбек» бойынша орындалады, нүктенің координатасын табу үшін оның кеңістіктегі орын ауыстыру заңын, ал орын ауыстыруды есептеу үшін қозғалыс жылдамдығын білуіміз керек.
Біздің ойлауымысша, бұл тығырықтан шығудың бірден - бір жолы физиканы оқыту әдістемесінің тиімді, ұтымды әдістерін қолдану,берілген мағұлыматтарды, инфармацияны оқушының мейлінше аз уақытта терең жан - жақты игеруін қамтамассыз ету және физиканы оқытуды жандандыру әдістерін пайдалануға болады.
Сандық есептер физикалық шамалардың ара қатынастарын аналитикалық формулалар арқылы тағайындауда аса қажет. Графиктік есептер керекті мағлұматтар алуда, шығару барысында графиктер қолданылады және олар күрделі бейсызық қатынастарды оңай анықтауға мүмкіндік береді.
Эксперименттік есептер нақты физикалық құбылыстардың, оларды түсіндіретін тәжірибелер дің мәнін түсіндіруге арналады.
Шығару тәсілдеріне сәикес есептер аналитикалық және синтетикалық болып екіге бөлінеді.
Аналитикалық тәсілде қажетті нәтежие негізгі формулалар, сақтау заңдары арқылы дедукциалық түрде алынады.
Синтетикалық тәсілде керекті нәтежиелер есептің шарты бойынша анықтауға болатын физикалық шамалар арқылы жеке фактілерден идукциалық түрде ізделінеді.
Оқу әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі типті есептердің дидактикалық маңызы және олардың оқу үрдесіндегі алатын орыны анықталған, мектептегі физиканы оқыту практикасында тиянақты орын алған, есептерді жазу, шығару үрдістері ұсынылған.
Есеп шығарудың жалпы тәсілін құрайтын элементтер тағайындалған есептегі қойылған шарттары оқу, оны қысқаша жазу, керекті суреттермен схемаларды орындау, есептің мазмұнын талдау және оны шығару жолдарын қарастыру, шығару жоспарын құру, жалпы түрде шешімін орындау, есептеулер жүргізу, алынған нәтежиелерді талдау және оның дұрыстығын тексеру.
Бұл жүйе мектеп практикасында кеңінен қолданылғанымен және оқушылар, есеп шығарудың жалпы жолын құрайтын элементтерді білгенімен оны шығаруға дәрменсіз.
Біздің, мектеп оқушыларымен дайындық бөлімінің тыңдаушыларымен ұдайы өткізіліп жүрген бақылау жұмыстарының нәтежесі, олардың 50-60% қарапайым жеңіл есептердің өзін шығара алмайтындығын көрсетеді. Бұл жағдайдың барлық дерлік сыныптарда орын алғандығын және есеп шығарудың дәстүрлі әдістемесін қолдану үрдісіндегі кемшіліктерден туындайды.
Физиканы оқыту әдістемесі есеп шығару процесінде үйретуден гөрі ұйымдастыру жағынан көбірек көңіл аударады. Қазіргі кезеңде орын алған есеп шығару әдістемесі негізінен «не істеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді, ал қалай істеу керек (есепті қалай оқудағы, ондағы қойылған шарттарды қалай анықтау, қалай талдау, тексеру т.б.) деген сұрақтарға жауап жеткілікті дәрежеде ашылмайды. Әрине есеп шығарудың дәстүрлі әдістемесіндегі ұйымдастырушы алгоритмде, оқушыда есепті өздігінен шығарудың бірліктерімен дағдыларын дамытуда белгілі роль атқарады. Себебі бұл кезде алгоритмді оқушыға көрсетіп қолданатын және сол арқылы есепті шығаратын оқытушы. Зерделі оқушылар оқытушының іс-әрекетін бақылай отырып,есеп шығарудың жеке элементтерін жадында сақтайды және өзіндік жұмыстарда қолданады.Бірақ олардың басым көпшілігі есеп шығарудың жалпы әдістерін меңгере алмайды. Айта кету керек, оқытушылардың да оқыту үйрету, деңгейлері әртүрлі.
Сондықтан есеп шығарудың дәстүрлі әдістемесіне толықтырулар енгізіп,оның негізгі қағидаларын анықтай алмайынша орта мектептегі жағдай түзелмейді.
Біздің ойымызша, физикалық есептерді шығару әдістерін жетілдіру,ұйымдастырушы алгоритмнің үйрету функциясын күшейту бағытында жүргізілуі тиіс. Бұл бағыттада физика курсының әртүрлі тақырыптары бойынша есеп шығарудың тақырыптық алгаритімі енгізілген. Оларда есеп шығаруға үйрету қызметтері нақтырақ айқындалған.
29,30 лекция. Физиканы оқыту әдістемесі курстарында жалпы физиканың практикалық сабақтарында физика есептерін үйрету жолына алған білімі мен қабілетін қорытындылау, толықтыру.
Физиканы оқыту әдістемесі есеп шығару процесінде үйретуден гөрі ұйымдастыру жағынан көбірек көңіл аударады. Қазіргі кезеңде орын алған есеп шығару әдістемесі негізінен «не істеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді, ал қалай істеу керек (есепті қалай оқудағы, ондағы қойылған шарттарды қалай анықтау, қалай талдау, тексеру т.б.) деген сұрақтарға жауап жеткілікті дәрежеде ашылмайды. Әрине есеп шығарудың дәстүрлі әдістемесіндегі ұйымдастырушы алгоритмде, оқушыда есепті өздігінен шығарудың бірліктерімен дағдыларын дамытуда белгілі роль атқарады. Себебі бұл кезде алгоритмді оқушыға көрсетіп қолданатын және сол арқылы есепті шығаратын оқытушы. Зерделі оқушылар оқытушының іс-әрекетін бақылай отырып,есеп шығарудың жеке элементтерін жадында сақтайды және өзіндік жұмыстарда қолданады.Бірақ олардың басым көпшілігі есеп шығарудың жалпы әдістерін меңгере алмайды. Айта кету керек, оқытушылардың да оқыту үйрету, деңгейлері әртүрлі.
Сондықтан есеп шығарудың дәстүрлі әдістемесіне толықтырулар енгізіп,оның негізгі қағидаларын анықтай алмайынша орта мектептегі жағдай түзелмейді.
Біздің ойымызша, физикалық есептерді шығару әдістерін жетілдіру,ұйымдастырушы алгоритмнің үйрету функциясын күшейту бағытында жүргізілуі тиіс. Бұл бағыттада физика курсының әртүрлі тақырыптары бойынша есеп шығарудың тақырыптық алгаритімі енгізілген. Оларда есеп шығаруға үйрету қызметтері нақтырақ айқындалған. Мысалы,есептің мазмұнын талдау қалай жүргізілуі тиіс екендігі(қандай қозғалыс екендігін анықтау, қандай күштер әсер ететіндігін анықтау және т.б.көрсетілген) бірақ бұл камандалық түрде жүзеге асырылуы тиіс тақырыптық алгоритмді мектептер қабылдамады. Себебі есеп шығарудың алгоритімдік әдісіде «не істеу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысты. Сондықтан оқушының ойлау қабілетін радционалды дамытуға бағытталған, бұл алгоритімдік оқыту процесінде үйрету функциясын күшейту керектігі туындайды. Бұл мәселені дұрыс шешу, қазіргі кезеңдегі оқыту алдына қойылған міндеттерді жүзеге асырумен тығыз байланысты.
Денелердің физикалық қасиеттері, олардың қандай зат екендігін немесе қандай заттан жасалғандығын, яғни құрамын білдіретін сөздермен білдіреді. Мысалы мыс, азот, шыны, темір, су, болат шардалайы сым және т.б. Бірақ есепті талдау және оны шығару үшін жүйеде жүретін физикалық құбылыстар мен, оны құрайтын денелердің қасиеттері айқындайтын сөздерді білу жеткіліксіз. Физикалық құбылыстар нақты физикалық шарттарда жүреді және олар есептің физикалық мәнін құрайды. Осы физикалық шарттар әрбір нақты жағдайларда, қандай сөздермен сипатталатынын есептерден қысқаша үзінділер келтіру арқылы анықтап көрейлік:
1. Жіпке ілінген дене тепе-теңдікте тұр.
2.Дене бастапқыда бірқалыпты, соңынан бірқалыпты үдемелі қозғалады.
3.Дене белгілі бір биіктіктен еркін құлайды.
4.Газ изотермиалық ұлғайады. 3.Екі дене серпінді соқтығысады. Осы келтірілген мысалдағы нақты физикалық шарттар мыналар:
1.Дененің тепе-теңдік шарты.
2.Дененің бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалушарты.
3.Дененің белгілі бір биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлау шарты.
4.Газдың тұрақты температурада ұлғайу және сығылу шарты.
3.Денелердің серпімді соқтығысу шарты.
Физикалық теориада бұл физикалық шарттардың нақты шешімдері бар. Олай болса кез-келген физикалық есепте оның жасырын түрдегі шешімі беріліп қойылады. Мұнан физикалық ұғым және заңдылықтар тіліне аударылған. Физикалық шарттарды білдіретін сөздерді «есепті шығару элементтері» ретінде қарауға болады.
Күрделі есептің шешімі бірнеше қарапайым есеп тердің шешімінен құралады: а) бірнеше физикалық құбылыстар;
б) бірнеше денені қамтитын физикалық құбылыс;
в) берілген жүйе күйлері үшін бірнеше шарттар қарастырылады. Біріншіден қарапайым есептердің саны физикалық құбылыстардың санымен, екіншіден денелердің саны мен, ал үшіншіден берілген жүйе күйлері табылатын шарттардың санымен анықталады. Осыған байланысты жоғарыда енгізілген «есепті шығару элементтері» ұғымын кеңейту мүмкіндігі туады. Енді бұл ұғымға есептің физикалық шартын білдіретін сөздер ғана емес, соған эквивалентті қатынастарды барлық қарапайым есептерде өзінің сан мәнін сақтайтын, физикалық шамалар мен есепті талдау үрдісінде пайда болатын қатынастарды жатқызуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет