Лекция. Физикалық есептердің маңызы және классификациясы


Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі



бет2/31
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120175
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
1.2 Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі

Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің мынадай түрлері кездеседі:


1. Арифметикалық тәсілде есептер математикалық тендеулер құрылмай, арифметикалық амалдардың жәрдемімен, сұрақтар қою арқылы шығарылады. Бұл тәсіл, мысалы, жылу мөлшерін анықтауда көп қолданылады.
2. Алгебралық тәсіл физикалық формулалардың негізінде математикалық теңдеулер құру арқылы есептер шығарғанда қолданылады. Мұндай есептер физиканың әр тарауында көп-ақ. Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады.
3. Геометриялық тәсіл физикалык есептерді шығаруда фигуралардың геометриялык және тригонометриялық қасиеттерін қолдану қажет болған жағдайда пайдаланылады. Мұндай тәсіл кинематика, статика, электростатика, фотометрия, геометриялық оптика тарауларына есептер шығаруда көп қолданылады.
1. Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарылғаңда, олардың жауаптары, түрлі графиктерді талдау негізінде алынады.
2. Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудін негізінде шешіледі.
3. Аналитикалық тәсілде есептің мазмұны жеке қарапайым элементтерге жіктеліп, жан-жақты талданып, соның негізінде табуға қажетті шаманы бірден анықтаудың заңдылықтары қарастырылады (жалпыдан жекеге көшу). Бұл "өгізді тікелей мүйізден ұстаумен" бара-бар тіке төте жол. Яғни есептің жауабына қатысты формуланы бірден тауып аламыз да, ол арқылы есепті басқа теріс жолдарға бұлтандатпай, оған берілген мәндерді қойып есептейміз. Бізді бірден есептің мақсатына жетелейді. Мұндай тәсілді кластағы оқушылардың білім дәрежесі (логикалық ойлауы мен математикалық ебдейлігі) жоғары болған жағдайда қолдану тиімді, әйтпесе, күрделі физикалық құбылыстарды дұрыс талдап, оған қатысты формулаларды түрлендіріп, керекті ең соңғы теңдеуді шығарып алу балаларға қиынға соғады.
4. Синтетикаялық тәсілмен (жекеден жалпыға көшу) шығарғанда, есептің берілгендері бойынша қандай шамаларды алдымен табуға болса, соны ретімен анықтап, ең ақырында ғана есептің шешуіне жетеміз. Бұл тәсілдің әдістемелік қолайлылығы, берілген сан мәңдері арқылы алғашында мүмкін болған шамаларды оңай анықтап, есептің жауабына бірте-бірте келеміз, яғни ғылымдағы "қателесу және байқап көру" әдісіне ұқсас. Бірак, бұл жол бізді әрқашан қажетті ақырғы формулаға алып келе бермей, кейде тіпті оқушыларды басқа теңдеулерге "алып қашып" кетуі де мүмкін. Есепті шешудегі аралық кезеқдерді дұрыс талдай білуді талап етеді. Сондықтан да, аналитикалық тәсілді жоғары, ал синтетикалық амалды төменгі кластарда пайдаланған әдістемелік жағынан тиімді деп есептелінеді.
Мектептің соңғы базистік оқу жоспары бойынша 7-9-сыныптарда (бірінші басқышта) физика мен астрономияны біріктіріп оқыту нұсқасы ұсынылып отырғандығы белгілі. Негізгі мектепте (7-9-сыныптарда) жаңаша құрылған "Физика мен астрономия" курсының барлық тарауларында да әр сыныпта астрономия элементтерін физикамен байланыстыра оқыту көзделуде. Мұндай курстың материалдары негізінен мынадай жүйеде түзілген: материяның бірлігі, табиғат құбылыстарының физикалық қасиеттері, астрономиялық түсініктер, алардың техника мен өмірде қолданылуы. Әлемнің біртұтастығы мен материяның бірлігі деген әдіснамалық ұстаным (принцип) оның басты өзегі ретінде алынады. Өйткені күллі әлем материядан тұрады, ал материяның өзі негізінен зат пен өріс түрінде көрініс береді. Барлық физиканың мазмұны зат, өріс, жарық туралы ілімге шоғырланған.
3,4 лекция.Кинематиканың негізгі ұғымдарын әдістемелік тұрғыда талдау.
Физика – материя қозғалысының ең қарапайым формалары туралы және оларға сай келетін жалпы табиғат заңдары туралы ғылым. Физика зерттейтін материя қозғалысының формалары (механикалық, жылулық, электрлік, магниттік және т.б.), материя қозғалысының күрделірек формаларының (химиялық, биологиялық және т.б.) құраушылары болып табылады, сондықтан физика басқа жаратылыстану ғылымдарының (астрономия, биология, химия, геология және т.б.) негізі болып табылады.
Физика инженерлерді дайындаудың іргелі негізі, техниканың жаңа салаларын жасау үшін база болып табылыды.
Өзінің негізінде физика – экспериментальды ғылым: оның заңдары тәжірибе жүзінде анықталған ақиқаттарға сүйенеді. Эксперименталь ақиқаттарды жалпылау нәтижесінде физикалық заңдар анықталады. Физикалық заңдар дегеніміз физикалық шамалардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын, табиғатта бар орнықты қайталанатын объективті заңдылықтар.
Физикалық шамалар арасындағы сандық қатынастарды анықтау үшін оларды өлшеу керек, яғни оларды сәйкес эталондармен салыстыру қажет. Ол үшін бірліктер жүйесі енгізіледі, ол физикалық шамалардың негізгі бірліктерін постулаттайды және оның негізінде басқа физикалық шамалардың бірліктерін анықтайды, олар туынды бірліктер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет