2) Қалдық реактивтерді, жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды жою ұсыныстары 1. Көлемі 0,5л аспайтын жеңіл тұтанатын сұйықтықтардың қалдықтарын айына бір рет ашық далада немесе арнайы өрт сақтау органдарымен келісілген орында жандырады. Сұйықтықты металл немесе фарфорлы 1л ыдысқа құйып, қазылған шұңқырға орналастырады. Мұғалім ыдыстан арақашықтығы алшақ және жел арты жағынан соғатын жағдайды таңдау керек. Ұзындығы 1,5м кем емес металдан жасалған прутты ыдыспен жалғастырып соңғы жағын жағады. Міндетті түрде қолғап және қорғағыш көзілдірік киіп жұмыс жасау қажет.
2. Сулы ерітінділердің қалдықтарын көлемі 3л ауызы жабылатын ыдысқа жинайды. Қалдық сұйық ерітінділер ыдыстың 4/5 көлеміндей жиналғанда оның рН тексеріледі, қажет болған жағдайда сұйықтықтың рН= 7-7,5 болғанша қатты күйдегі калий немесе натрий гидроксидімен немесе карбонаттарымен бейтараптайды. Сұйқтықты суды ағыза отырып су құбырына құйады. Мұны лаборант немесе мұғаллім жасауы керек.
3. көлемі 0,05л көп емес жеңіл тұтанатын сұйықтықты немесе органикалық реактивтерді төгіп алған жағдайда кабинеттегі оттарды (спиртовка, газ жанарғыларын) сөндіріп, терезе есіктерді ашып желдендіру қажет. Ал, егер 0,1л дей сұйықтық құйылса, онда оқушыларды кабинеттен шығарып, жалындарды өшіріп, электр жүйесінің қондырғысы өшіріледі. Төгілген сұйықтыққа құрғақ құмды немесе опилканы себеді де, ылғалды адсорбентті ағаш қалақшамен жабылатын тараға салып, сол күні залалсыздандырылады.
4. Литий, натрий, кальцийдің зертханалықжұмыстан кейінгі қалдықтарын жою үшін оларды сиымдылығы 0,6л химиялық стаканға мұздай су құйып, оған біртіндеп металл қалдықтарын ерітеді. Пайда болған гидроксид ерітінділерін қалдық химиялық ерітінділерді бейтараптау мақсатында пайдаланылады. Кальций гидроксидінің ерітіндісі – ізбес суы, СО2 газын анықтауда қолданылады.
3) Химия кабинетіндегі аптечка Химия кабинетінде медикаменттерінің тізімі бар медициналық аптечка болуы қажет. Препараттардың сыртындағы нөмер тізімдеменің нөмеріне сәйкес келу керек. Аптечканың сыртында немесе жанында алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері мен жақын емдеу орталығының телефон нөмірі жазылған инструкция ілінеді. Жыл бойы препараттардың сақталу мерзімі жүйелі түрде тексерілуі қажет. Аптечкада болатын алғашқы медициналық көмек көрсету препараттарының тізімі:
1. Стерильді бинт, бір данасы.
2. Стерильденбеген бинт, бір данасы.
3. Стерильді орамалша(салфетка), бір дана.
4. Тампон ішіндегі гигроскопиялық мақта, 50г.
5. Жара бетіне мақтаны қоюыға арналған қысқыш (пинцет).
6. Жараларды өңдеуге арналған БФ-6 клейі, бір флакон, 25-50мл.
7. Иод ерітіндісі, 25-50мл.
8. Массалық үлесі 3%-тік сутегі пероксиді, қанды тоқтататын зат ретінде пайдаланылатын зат, 50мл.
9. Түйіршік, ұнтақ немесе таблетка түріндегі активтелген көмір («Карболен»).Улану кезінде 4-6 таблеткасы беріледі (асқазанды жуар алдында және жуудан кейін).
10. Массалық үлесі 10% - тік аммиак ерітіндісі. Талып қалғанда және бром буымен уланғанда мақтаға сеуіп иіскетеді.
11. Массалық үлесі 30%-тік альбуцид (натрий сульфацилі), 10-20мл, жууғаннан соң 2-3 тамшыдан көзге тамызады. Бөлме температурасында сақтау мерзімі 3 апта.
12. Этил спирті, 30-50мл. Күйген жерді өңдеуде және теріден бром тамшыларын кетіру үшін пайдаланылады.
13. Глицерин, 20-30 мл. Күйген жердің ауырғанын басу үшін пайдаланылады.
14. Массалық үлесі 2%-тік натрий гидрокарбонатының судағы ерітіндісі, 200-250мл. Қышқылмен күйген жерді нейтралдауда қолданылады.
15. Магний оксиді, алмагель өлшенген түрінде.
16. Массалық үлесі 2%-тік лимон немесе бор қышқылының судағы ерітіндісі, 200-250мл. Көз немесе сілті тиген теріні өңдеуде пайдаланылады. Жуғыш түріндегі ыдыста сақтау қажет(14,15 ерітінділерді аптечка ішінде салмаса да болады).
17. Альбуцидті көзге тамшылатуға арналған пипеткалар, 3 дана.
18. Қанды тоқтатуға арналған резиналы жгут.
19. Лейкопластырь; бактерицидті лейкопластырь.