Лекция Химиялық реактивтер мен қондырғыларды орналастыру және оларды сақтаудың техника қауіпсіздік ережелері Лекцияның жоспары


) Химия кабинетіндегі өрт қауіпсідігінің ережелері



бет4/4
Дата16.02.2023
өлшемі36,85 Kb.
#68371
түріЛекция
1   2   3   4
5) Химия кабинетіндегі өрт қауіпсідігінің ережелері
Көптеген химиялық тәжірибелер қыздыруды қажет етеді. Кез-келген қыздырғыш қондырғыларды пайдалану барысында, өрттен сақтану үшін техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керек;
Қыздыру арқылы жүргізілетін химиялық тәжірибелерді оқушылар жасағанда, спирт болмаса, спирттің орнына құрғақ жанғыш заттың таблеткасы ұсынылады.
Таблетканы оқушыларға берер алдында оларды қолданудың ережелерін, әсіресе өшіру тәсілін айту қажет;
Құрғақ жанғыш таблетканы сіріңкемен жағады, ал өшіру үшін спиртовканың қалпақшасын немесе керамикалық тигельмен оттың бетін жауып өшіреді. Толық жанбаған таблетка жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оны толық жандыру керек немесе ауа сорғыш шкафка апару қажет;
Химия кабинетінде болуы тиіс өрт сөндіретін заттар келесілер:
- көбікті өртсөндіргіштер (ОХП - 10, ОХВП – 10 түрлері), ұнтақты өртсөндіргіштер ОП -1 ("Момент–1", "Спутник", "Момент–2", ОП–2Б).
- сиымдылығы 0,05м3 тең, күрегі және 2 килограмдай құрғақ құмы бар беті жабылатынқорапша; қорапшаның орнына 4-6 кг құм сиятындай, металл ыдыстарын пайдалануға болады.
- өлшемі 1,2х1,8 және 0,5х0,5 м.өрт сөндіргіш мата
Химия кабинетінде өрт пайда болған жағдайда:
-жеңіл тұтанатын сұйықтықты және электр өткізгіштікті құммен, өртсөндіргіш матамен, ұнтақты өртсөндіргіш құралмен сөндіруге болады;
- тоғы жоқ сымды сумен өшіруге болады;
- сорғыш шкафта өрт пайда болса, вентиляторды өшіріп, өрт сөндіргіш құралдармен отты сөндіру;
6) Демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу барысында сақталатын техника қауіпсіздігінің ережелері
Мұғалім демонстрациялық тәжірибені жүргізу үшін алдын – ала демонстрациялық тәжірибеде жүргізілетін барлық процестерді жақсылап қарастырып, келесі шарттарды ескеру керек:
- Реактивтерді және қондырғының жұмысқа дайындығын тексеру;
- арнай қорғау құралдарының барын тексеру (қорғағыш экран, көзілдірік, қорғағыш қолғап және т.б.);
- тәжірибеге қажеті жоқ заттардың барлығын мұғалімнің столынан алу;
- егер, мұғалім бірінші рет тәжірибені жүргізетін болса, онда ол оқушылар жоқ кезде, лаборанттың көмегімен тәжірибені алдын-ала жасауы қажет;
- әрқашанда нейтралдаушы заттары мен алғашқы көмекке арналған аптечкасы дайын болуы керек;
- тәжірибені жүргізу кезінде жарқыл, қатты дыбыстар және т.б. шығатын болса, онда оқушылар қорқып қалмас үшін және жүйке жүйесіне әсер етпеу үшін мұғалім алдын-ала бұл жөнінде оқушыларға ескерту керек;
- ерітінді дайындау кезінде тығыздығы жоғары сұйықтықты тығыздығы төмен сұйықтыққа құю керек;
- қатты, майда ұнтақты заттарды қалақшамен немесе пробиркамен алу керек;
- сұйықтықтарды құйғанда, ыдысын еңкейткенде этикеткасы жоғарыда орналасуы керек;
Ескерту! Оқушылардың денсаулығына зиянды заттармен тек мұғалімнің өзі тәжірибе жасау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет