Суицидтік әрекеттерге ұшыруадың мынадай факторлары бар: 1. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі; 2. Әлеуметтік қолайсыздық. яғни, әлеуметтік шеттілуі, оқшаулану; • Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу; • Келешекке деген жоспардың болмауы; • Өз күйзеліс жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану. 1. Отбасындағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера • Жұмыссыздық, кедейшілік ( материалдық жағдайдың жетіспеуі); • Жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық; • Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімлікдің болмауы (өзара жиі конфликт, ұрыс-керіс); • Отбасында елеусіз қалуы (жалғыздықты сезіну) т.б. Өзіндік «менінің» төмендегі немесе жоғарлы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.
Адам әр уақытта өмір қағидаларына мойынсұна бермейді. Өзін-өзі өлтірушілер арасында өмірдің мәнін іздеп, оны таппағандар жиі кездеседі. Өмір сүру жауапкершілігінен қашып, суицидтік іс-әрекеттің шырмауына жүрген жандарды қалай анықтай аламыз? • Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш, монотонды дауыс; • Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы; • Іс-шарасыздық, қарым-қатынастан қашқақтау.
Психикалық бұзылыстар көріністері:• Жылауықтық; • Ауыздың кебуі; • Тахикардия; • Демнің жетпеуі; • Бас аурудың жиілігі; • Дене салмағының түсуі; • Тәбеттің қашуы; • Кеуденің ауырлығы.
Демонстрациялық мінез-құлық көріністері:• Өз-өзіне қол жұмсау қорқыту; • Қан тамырларын кесу; • Дәрі-дәрмек ішу; • Өзіне назар салуды талап ету.
Адамның түйсігі өте нәзік демекші, суицидтің жоғарыда аталғандай көріністері байқалған жандармен сөйлескенде, қарым-қатынас жасау барысында сауысқандай сақ болу керек. Өйткені әлденелердің онын «апатты жағдайда» тұрған көңіліне зақым келтіру мүмкін екендігін ескерейік. Суицидиалдық әрекет мүмкін болған жағдайда, оны жалғыз қалдырмаған дұрыс. Оны қинаған ойларды ашып алғаннан соң, оған үміт беріп, қиындықты шешу жолдарын айтқан дұрыс. Оларға бір эмоцияның жетегінде кетпеуге көмек беріп, қиындықтар уақытша, өтпелі екенін түсіндіруіміз керек. Оны ешкіммен салыстырмаңыз, сенің іс-әрекетің ұят деп айтудан аулақ болыңыз. Саналы адам жоқ қоғам, қанатынан айырылған құстай. Жағымсыз себептердің адамдардың ойларын дауылдай әр жаққа ұшырып әкететіні рас қой. Өмір онсызда күрмеуге келмейтін жіптей қысқа. Өлімде аңсамау керектігін түсінейік.
Сонымен, суицид немесе өзіне-өзі қол жұмсау, адамда ауыр хал немесе қауіпті жағдайлар туғанда, жан дүниесіндегі күйзелістерде, шамадан, шыдамнан тыс ашулағанда пайда болады. Қоғамда өлім жайындағы тыйым салынған тақырыптар қатарында мазасыздану, алаңдау, кернеу сезімдері туындайды.
Жеткіншектік кезеңдегі суицид бұл көмекке шақыру, жан айқайы, өзінің ситуациясына өзгелердің назарын аудартуға тырысу. Бұл жерде шынайы өлім тілегі болмайды, өлім туралы ойлары анық емес, инфантильді түрде болады. Жеткіншектік кездегі суицидті мінез-құлық өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігімен байланысты болады.
Жеткіншектік кезеңдегі тағы бір суицидке әкелетін мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етуші келесі фатор – нашақорлық. Есірткі препараттарын қолдану тұлғаның өзінің іс-әрекетін мотивациялық тұрғыдан қадағалауын әлсіретеді, депрессия күйін күшейте түседі немесе психоздың пайда болуына себепші болады.