Лекция Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыстар»


Жеткіншек шақтағы дау-дамайдың әсерінен пайда болатын суицид



бет6/9
Дата03.12.2023
өлшемі44,53 Kb.
#134157
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
BMKUKLNZLVLH14112023195909

Жеткіншек шақтағы дау-дамайдың әсерінен пайда болатын суицид.

Суицид (лат.: sui caedere — өзін өлтіру) — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады.


Қазіргі таңда, Қазақстанды алаңдатып отырған жәйт бұл, жеткіншек балалардың суицид ауруына көптеп душар болуы. Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл - қыздардың арасында кездеседі.
Жеткіншек кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жеткіншектер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді.
Міне, осы жағдайлардың барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екендігін және оның не үшін қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог – психикалық тұрғыдан сау адамдарға кеңес беріп кезіккн мұқтаждықтан шығуға көмектеседі. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет. Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, жеткіншек шақтағы жастарға, оқушыларға кез-келген жағдай жайменен түсіндіру қажет. Және ата-ана өз балаларының жағдайларына жеткіншек шағында көбірек көңіл бөлуі қажет.
Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Кейбіреулерінде суицид тұқым қуалайтын ауру болып саналады.
Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем-дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті суицидолог, психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жүргізіп, арнайы жұмыстар жүргізіледі.
Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да батырады
Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған оқиғасы туралы жиі естуге болады. Аталарымыздың ғасырдан бері келе жатқан «құдай өзі берген жанын өзі ғана ала алады» деген ежелгі қағидасына қарсы шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, қоштасуының сыры неде? Медициналық - психологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда, оның сыры да, себептері де көп көрінеді. Ал, жалпы адамның өзіне өзі қол жұмсауы ғылымда «Суицид» деп аталады. Суицид - ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Психологиялық сөздікте суицид-ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп. Өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденді. «Сәуір - ең қатыгез ай»- деген американ ақыны Томас Эллиот. Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен 120% жоғары болатын көрінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет