Лекция Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыстар»


Суицидті мінез-құлыққа бейім жеткіншектерге тән ішкі қобалжу сипаттамалары



бет8/9
Дата03.12.2023
өлшемі44,53 Kb.
#134157
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
BMKUKLNZLVLH14112023195909

Суицидті мінез-құлыққа бейім жеткіншектерге тән ішкі қобалжу сипаттамалары:
• Үмітсіздік, тығырыққа тірелу сезімдерінің болуы. Бұл жағдайда жеткіншектер проблемаларының шешімдерін табуға қабілетсіз болады. • Әлсіздік, өзінің жеке өмірінің құбылыстарын бағдарлай алмауы. Оның өмірін басқа адамдар мен түрлі жағдайяттар бағыттап отырады. • Жалғыздық пен оқшаулану сезімі: «Маған ешкім көмектеспейді, мені ешкім түсінуге қабілетсіз» • Толымсыздық, мәнсіздік сезімі; • Жеткіншектер арасындағы қарама-қайшылықтар, өлуге деген тілек пайда болады, бірақ бұл көмекке шақыру әрекеті болуы мүмкін. • Сезімдердің, көңіл-күйдің тез ауыспалдығы. • Апатия, қызығушылықтарының жоғалуы. Уақытты бос, еш пайдасыз өткізуі, депрессия, ерік-жігердің төмендеуі; • Ағымдағы қызметтің атқару мен іс-әрекетті жоспарлауға қабілетсіздік. Шынайы өмірден қашып аутистикалық қиялдар әлеміне өту. • Дау-жанжалдарға қарсы тұрудың төмен деңгейі, түрткісіз агрессияның күшейюі, сәтсіздіктерге жоғары сезімталдықпен күшті реакция таныту.
Жеткіншектік кезеңде суицид мінез-құлық белгілері көрінген балалармен психологиялық профилактикалық жұмыстар мен коррециялық жұмыстарды үйлесімді жағдайда жүргізу керек.
Біздің кеудемізде жанымыз болғанымен оны өз еркімізбен қиюға хақымыз жоқ. Өмір Аллаһтың адамдарға берген аманаты. Шариғат заңдары адамдарға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ол туралы хадисте: «Егер кісі өзін өлтіру үшін нені қолданса, қиямет күні сонымен азапталады» деген Ислам дінінде жасаушылардың күнәсі адам өмірінен де ауыр.
Оқытудың техникалық құралдары: слайдтар, презентациялар, ноутбук, телефон, кампьютер
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасын талдаңыз
Жеткіншектік шаққа өтуде баланың басында болатын жаңа құрылымдарды талқылаңыз
Жеткіншек пен ересектің тартыс-таласының себептерін мысал келтіре отырып талдаңыз
Орта деңгей:
1. Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторына тоқталыңыз
2. Психикалық дамудың қозғаушы күштерін жіктеңіз
3. Жеткіншектік кезеңдегі дағдарыс туралы айтыңыз
Жеңіл деңгей:
1. Жеткіншек пен ересектің өзара қарым-қатынастары туралы айтыңыз
2 Жеткіншек организмінің қайта құрылуы.сипаттама беріңіз
3. Өтпелі кезеңге сипаттама беріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет