Егер геометриялық фигуралар беттестіру арқылы уйлесетін болса, олар тең фигуралар деп аталады.Кесіндіні қақ бөлетін, ягни тең екі кесіндіге бөлетін нукте кесіндінің ортасы деп аталады. Бұрьштарды өлшеу үшін транспортир пайдаланылады.
Оқушы геометриялық фигураларды тани білуі керек. Оларды бір-бірінен ажырата алу үшін олардың қасиеттерін білуі тиісті. 2-сыныпта көпбұрыштармен және олардың қасиеттерін оқыту жүйесімен таныстыру.
Сынық сызықпен таныстыру, сынық сызық-буындардан тұратын сызық, мұндағы әр буын-кесінді.
Көпбұрыштың, үшбұрыштың, төртбұрыштың, бесбұрыштың және т.б. барлық түрлерін жалпылау. Барлық аталған геометриялық фигуралардың негізгі ерекшелігі - бұрыштары көп. Көпбұрыш-бұрышы көп фигура. Көпбұрыш тұйықталған сынық сызықтан құралған фигура. Бұрыштарының санына қарай көпбұрыштың әрбір түрін ең жақын тегі мен түрлік ерекшелігі арқылы анықтау. Үшбұрыш бұрыштары үшеу болатын көпбұрыш. Төртбұрыш бұрыштары төртеу болатын көпбұрыш. Тік және тік емес бұрышты тани білу. Тік төртбұрыш барлық бұрыштары тік болатын көпбұрыш. Тік төртбұрыштардың қасиеттері:
1-қасиеті. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең, практикалық жұмыс барысында бір-біріне қарсы орналасады.
2-қасиеті. Тік төртбұрыштың диагоналдары тең.- оқушылармен біріге отырып, шығаруға болады: диагональ – тік төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштарын қосатын кесінді. Диагоналдың ұзындықтарын өлшеу және нәтижелерін салыстыру арқылы қорытынды шығару. Шаршы және оның қасиеттерін ұғымдарын қалыптастыру (2-сынып). Барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрышты бөліп алу. Шаршы-барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш. Төртбұрыштың түрлерін ажырата білу. Бұрыштардың әртүрлерін ажырату. /2-сынып/. Бұрыштарды көрсету: тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш. Тік бұрыштың моделін пайдаланып, бұрыштарды салыстыру: сүйір бұрыш- тік бұрыштан кіші; доғал бұрыш- тік бұрыштан үлкен.
Көпбұрыштың периметрі ұғымын қалыптастыра білу: көпбұрыштың қабырғалары кесінділер және кесінділер ұзындықтарының қосындысын табу алгоритмін қайталау. Периметр ұғымын: үшбұрыштың, төртбұрыштың барлық қабырғаларын өлшеу және олардың барлық қабырғаларының қосындысын табу арқылы енгізу, анықтама: көпбұрыштың периметрі деп оның барлық қабырғаларының қосындысын айтады.
Төртінші сыныпта көпбұрыштың периметрі буындарының кесінлердің барлық ұзындықтарының қосындысы болатын тұйықталған сынық сызықтың ұзындығы ретінде ұғым кеңейтіледі.
Екінші сыныпта практикалық жұмыстың нәтижесінде оқушылар барлық қабырғаларының қосындысы ретіндегі тік төртбұрыш пен шаршының периметрін табады. Мұнда тәсілдері қарастырылмайды, өйткені көбейту әлі өтілген жоқ.
Үшінші сыныпта геометриялық фигуралардыңпериметрн өрнек құру арқылы жазуға үйрету жүзеге асырылады. Күрделі геометиялық фигуралардың периметрін табу.
Геометриялық фигураларды “қолмен”, “көз мөлшермен” сызығы бар қағазда салуғ а үйрету. Сызғыштың көмегімен көпбұрыштарды еркін өлшеммен салу. Геометриялық фигураларды латын алфавитінің бас әріптерімен А,В,С,.. белгейміз. А және С нүктелерін белгіле. Егер осы нүктелерді кесіндімен қосса, онда АС және СА кесінділері шығады. Белгіленуіне сәйкес кесінділерді оқөу және жазу. Фигураларды дұрыс оқуға үйрету кез келген бағытта белгіленуі бойынша ретімен әріптерді атау. Бұрыштарды дұрыс жазу және оқуды көрсету: төбесіндегі әріп ортасында жазылады және оқылады. < СОЕ немесе < ЕОС .
Кесінділерді салу тәсілдері мен кезеңдері және басқа геометриялық фигуралардан оларды ажырата білу: Үшбұрыш және төртбұрыштың бұрыштары бар, төбелері нүктелер, қабырғалары кесінділер екендігі туралы ұғым беріледі. Шартты өлшеуіштің көмегімен кеісндінің ұзындығын өлшеу қарастырылады /1-сынып/, осы жерде бір кесіндінің ұзындығы әртүрлі шартты өлшеуіштің көмегімен өлшенеді және әртүрлінәтижелер алынады; Екі кеісндінің ұштарын қосу арқылы екі тәсілмен жаңа кесінді шығарып алу ұсынылады. Кесіндіні әртүрлі тәсілдермен тең екі бөлікке бөлуге үйрету.
Салу құралы-циркульмен шеңбер салу арнайы қолданыатын құралмен таныстыру/4-сынып/. Оның элементтерімен таныстыру О нүктесі шеңбердің центрі. ОА шеңбердің радиусы.
Трнспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеуге және салуға үйрету. Бұрыштарды өлшеу үшін қолднылатын жңа құрал транспортир: жарты дөңгелекке ұқсас; онда 0-ден 180-ге дейін бөлігі бар; Әр бөлік 1 градус –бұрышты өлшеу бірлігін білдіреді. Бұрыштың төбесін транспортирдің ортасынағы белгіге, ал оның бір қабырғасын 0 бөлігіне сәйкестендіріп қояды да, екінші қабырғасы қай бөлікке сәйкес келетінін анықтау- бұл бұрыштың градуспен берілген өлшемі болады. Бұрыштың жаңа түрі жазық бұрышпен таныстыру. Жазық бұрыш сүйір және доғал бұрыштан тұруы мүмкін. Жазық бұрыш 180-қа тең және оның қабырғалары нүктемен екі сәулеге бөлінген түзу сызықтан тұрады.
Градустың 1/60 - бөлігі минут, ал ми нуттың 1/60 бөлігі секунд деп аталады.
Үшбүрыш. Бір түзудің бойыңда жатпайтын кез келген үш нүктені кесінділермен қосқанда пайда болатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атайды. Белгіленген үш нүкте үшбұрыштың төбелері, ал кесінділер — қабыргалары деп
аталады. Төбелері А, В, С және қабырғалары АВ, ВС, және СА. Үшбұрышты былай белгілейдіз: АВС ("АВС үшбұрышы"). Дәл осы үшбұрышты А, В, С әріптерін басқаша ретпен жазып табелгілеуге болады: ВСА, СВА және т.с.с.
Үшбұрыш ВАС, СВА және АСВ берілген, АВС үшбұрышыиың бұрыштары деп аталады.
Үшбұрыштың үш қабырғасы ұзындықтарының қосыңдысын оның периметрі деп атайды.
Екі фигура, атап айтқанда екі үшбұрыш, өзара беттестіргенде бір-біріне дәл келсе, олар тең фигуралар (үшбұрыштар) деп аталады.
Егер екі үшбұрыш тең болса, онда бір үшбұрыштың элементтері (яғни қабырғалары мен бұрыштары) екінші үшбұрыштың сөйкес элементтерімен тең болады. Тең үшбұрыштардың сәйкес қабыргаларына қарама-қарсы тең бүрыштары жатады және керсінше: сәйкес тең бұрыштарга қарама-қарсы тең қабыргалар жатады.
АВ, ЕҒ — хордалар, СД — диаметр
Радиусы г, центрі О болатын шеңбвр
Берілген нүкте шеңбердің центрі, ал центрді шеңбердің кез келген нүктесімен қосатын кесінді шеңбердің радиусы деп аталады Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп аталады. АВ және ЕҒ кесінділері - шеңбердің хордалары, СД кесіндісі шеңбердің диаметрі. Шеңбердің диаметрі оның радиусынан екі есе үлкен болады. Шеңбердің центрі кез келген диаметрдің ортасы болып табылады. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі бөлікке бөледі. Осы бөліктердің өрқайсысы шеңбердің доғасы деп аталады.
.
Шеңбермен шектелген жазықтық бөлігі дөңгелек деп аталады.
АВ, ВС, СВ, ..., ЕҒ,ҒА кесінділерімен бір түзудің бойында жатпайтын фигура көпбурыш деп аталады. А, В, С, ...Е, Ғ нүктелері көпбұрыштың төбелері, ал АВ, ВС, СД, ЕҒ, ҒА кесінділері қабырғалары деп аталады. Барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы көпбұрыштың периметрі деп аталады.
К өпбұрыштың бір қабырғасындағы екі төбесі көршілес төбелер . деп аталады. Көршілес емес кез келген екі төбені қосатын кесінді көпбұрыштың диагоналі деп аталады.