Қарапайым білім
|
Ғылыми білім
|
Мағыналық айырмашылықтары
|
Құбылыстың көзге көрінетін сыртқы қабаттарындағы белгілерін ашады
|
Құбылыстық ішкі қабатарындағы көрінбейтін құбылыстарды ашады
|
Обьектінің нақты қасиеттерін, белгілерін анықтап, олардың жиынтығын көрсетеді
|
Обьектінің белгілері мен қасиеттерін жүйелеп көрсетеді
|
Мағынасы мен тереңдігі жағынан
|
Бөлшектердің, байланыстардың, белгілердің қатар орналасқандығын анықтағандықтан, олардың қайсысы өте маңызды, қайсысы маңызды емес екендігін оқшаулау қиынға түседі
|
Белгілердің маңызды, маңызды еместігін айқындап, олардың иерархиялық байланысын орнатады, сонымен қатар олардың тек координациялық қана емес, субординациялық қатынастарын да көрсетеді
|
Көбінесе жекелеген қасиеттерге назар аударып, оны жалпылауға, ортақ байланыстарды көрсетуге ұмтылмайды
|
Жалпының маңыздылығына ерекше көңіл бөлінетіндіктен, оны анықтау алдыңғы қатарға шығады
|
Заңдылықтарды анықтап, заңды тұрақтандыруға тырыспағандықтан жиынтық білім болып қала береді
|
Заңды, теорияны, гипотезаны анықтап, білімді ғылыми білім жүйесіне айналдырады
|
Себеп-салдарлық байланысты анықтамай функционалды тәуелділікті көрсетумен ғана шектелгендіктен, белгісіздікті түсіндіру үшін тылсым күштерге ұмтылуға жол ашылады
|
Себеп-салдарлық байланыстардың жалпылық қасиеті анықталғандықтан құбылыстардың тылсым күшпен түсіндірілуі жоққа шығарылады
|
Құбылыстар мен заттардың даму процесінің сақталып, салыстырмалы біткен статистикасы туралы мәлімет беретіндіктен, олардың даму үрдісі мен шығуын түсіндірмейді. Сондықтан қарапайым білім жай болжам немесе көрініс күйінде ғана қалып, ғылыми прогноз жасау деңгейіне көтеріле алмайды.
|
Ғылыми білім заттар мен құбылыстардың статискасын ғана емес, динамикасын да жан-жақты алып көрсетіп оның шығу тегін, тарихи мен логикасын да анықтай алады. Мұның өзі ғылыми білімнің прогностикалық мүмкіндігін көрсетеді.
|
|