Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе



бет20/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
ҒТФ., лек.жинағы (1)

Арнайы теориялар қоғамдық сананың нысандарының өмір сүруінің, дамуының мәні мен құрылымын, заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, жыныс социологиясы, отбасы социологиясы, этнос социологиясы, білім социологиясы.
Салалық теориялар экономика, саясат, мәдениетке қатысты әлеуметтік құбылыстардың заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, еңбек социологиясы, саясат социологиясы, басқару социологиясы т.т.б.
Онтологиялық тұрғыдан барлық социологиялық теориялар үш түрге бөлінеді: 1) әлеуметтік даму немесе динамика теориялары; 2) әлеуметтік әрекет теориялары; 3) әлеуметтік өзара әрекет теориясы.
Теорияның бірнеше аса маңызды ерекшеліктері бар. Бұлар теорияның барлық түріне тән және оның сапалық, болмыстық қасиетін анықтайды:
- теория дегеніміз біртұтас, бір-бірімен терең байланысқан, өзара кіріккен, біте қайнасқан, дәлелденген ғылыми тұжырымдардың жиынтығы;
- теория үшін оған кіретін тұжырымдарды дәлелдеу, негіздеу өте маңызды. Дәлелдеу жоқ болса, теория да жоқ;
- теориялық білім көп құбылыстарды түсіндіруге, олар туралы білімдерді үздіксіз тереңдетуге, дамытуға тиіс;
- теория дегеніміз – бұл дайын, қалыптасқан білім, яғни жалаң нәтиже емес, оның құрамында дамып, кеңейіп отыратын ұғымдар да бар. Сонымен қатар, осы теорияның өзінің қалыптасуы мен дамуы да қарастырылуы қажет.
Теорияның негізгі функциялары:
1.Біріктіру функциясы – жекелеген дәлелденген ғылыми тұжырымдарды біріктіріп, біртұтастыққа, жүйеге айналдыру;
2.Түсіндіру функциясы – нақты құбылыстың себептік және басқа да байланыстарын анықтап, іргелі заңдылықтары мен қасиеттерін жан-жақты түсіндіру;
3.Методологиялық функция – теорияның негізінде зерттеу әрекетінің көптеген методтары, жолдары мен тәсілдерінің анықталынуы;
4.Болжау функциясы – белгілі құбылыстардың қазіргі жағдайын жан-жақты түсіндіру арқылы оның болашағын да анықтауға болатындығы;
5.Практикалық функция – кез келген теорияның өміршеңділігі, пәрменділігі оның өмірдегі іс-әрекетке басшы, негіз бола алу мүмкіндігімен өлшенетіндігі, ол – адамдарға қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерінде дұрыс жол сілтеп отырса өзінің негізгі функциясын орындайды деген сөз.
Кез-келген теория, тіпті өте абстрактілі болса да түптеп келгенде адамдардың практикалық қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасауға тиіс.
Дәлелденген білімдердің белгілі бір жүйедегі жинағы ретінде теория практикалық іс-әрекеттің бағытын анықтайды, оның рухани реттеушісі болады.
Теория нақты өмірдегі қажеттіліке айналу үшін оның бірінеше маңызды белгілері болуы керек.
1.Теория шындық пен практикалық іс-әрекеттің бір саласының дәленденген, пәрменді бейнеленуі ретінде белсенді, шығармашылық іс-әрекетке негіз болады.
2.Теория адамдардың сана сезімінің маңызды элементіне айналған жағдайда ғана шешуші күш рөлін атқара алады.
Ғылыми зерттеудің эмпириялық және теориялық деңгейінің ұқсастығы және айырмашылықтары бар.
Біріншіден, екеуі де бір ғылыми зерттеудің әртүрлі кезеңдері болғандықтан, ақыр аяғында бір мақсатты орындауға бағытталған.
Екіншіден, теориялық білімдер эмпириялық білімдерге сүйенеді, олар теорияның іргетасын қалайды.
Үшіншіден, эмпириялық білімді анықтау үшін арнайы теориялық дайындық қажет. Мұның бәрі эмпирия мен теорияның бір-бірімен ұқсастығын олардың ажырамас бірлігі мен тұтастығын көрсетеді.
Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да бар.
Біріншіден, эмпириялық және теориялық білімдер әртүрлі ғылыми тілде, яғни эмпириялық білім байқау, теориялық білім абстрактілі, идеалды тілде беріледі.
Екіншіден, олар зерттеу нысандарының әртүрлілігімен ерекшеленеді: эмпириялық білімнің нысаны – заттар мен құбылыстар, ал теориялық білімнің нысаны – идеалданған, абстрактілі нәтижелер: геометриялық нүкте, сызық, адамның идеалды типі т.т.
Үшіншіден, теория заттар мен құбылыстардың тұрақты, өзгермейтін, ішкі, іргелі заңдылықтарын, ал эмпирия тұрақсыз, сыртқы, өткінші қасиеттерді анықтайды. Эмпириялық білім тек баяндайды, сипаттайды, өлшейді, ал теориялық білім түсіндіреді, ұғындырады және болжайды.
Төртіншіден, эмпириялық білім практикамен тікелей байланыстан туындайды, ал теориялық білім практикамен әртүрлі операциялық салдарлар арқылы жанама байланысады.
Бесіншіден, әмпирия мен теорияны тану жолы да әртүрлі. Теорияны тану, оның мәнін түсіну – эмпириялық білімге қарағанда әлдеқайда күрделі және ұзақ процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет