Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе


Ғылыми танымның теориялық деңгейі



бет19/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Ғылыми танымның теориялық деңгейі ұғымдардың, теориялардың, заңдар мен ойлау операцияларының кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді. Мұнда сезімдік таным бағынышты рөл атқарады.
Құбылыстар мен процестер олардың әмбебап ішкі байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынын зерттелетін болғандықтан эмпириялық мәліметтер топталады, қорытындыланады.
Теориялық білім сананың конструктивті бөлігі - ақылдың іс-əрекетінің нəтижесі. В.С. Швыревтің пікірінше, ақылдың қызметі сананың сыртқы жағына емес, яғни сыртқы болмысқа емес, сананың ішкі, өзіндік мазмұнын ашуға бағытталады.
Ғалым өзі іздеген ақиқатты үнемі ойлайды, толғанады, торығады, тіпті қажет уақытында сары уайымға салынып кетуі де мүмкін. Осындай аса үлкен жауапкершіліктің, ізденімпаздықтың, ұдайы еңбектенудің нәтижесінде ғылыми теориялар пайда болады. Ой түбінде жататын таза мінсіз асыл сөз ғылыми теорияға барабар.
Ғылыми теория – ғылыми білімнің ең жоғарғы деңгейі. Оған жету өте қиын. Кез келген ғалым оған бірден көтеріле алмаған.
Көрнекті испан ойшылы Х.Ортега и Гассет атап көрсеткендей, ғылым дегеніміз – бұл, ең алдымен, зерттеу, яғни мәселені қою, оны шешу жолын анықтау. Зерттеу дегеніміз – ақиқатты анықтау, яғни осы уақытқа дейін орын алған кемшіліктерден арылу.
Ғылым – бұл адам жасаған, дүниеге келтірген заттардың ішіндегі ең қымбаттысы, жоғарысы. Сондықтан, ол білім беретін кез-келген университеттен жоғары. Ғылым – бұл шығармашылық, өте терең және тылсым шығармашылық. Ол өзіне кез келген адамды жақындатпайды. Төкпе тілді, оралымды өткір ойларды, тұтас та жүйелі проблемалық мәселелер мен қоғам қажетіне ауадай керек өміршең материалдарды түп етектен қалай ұстауды жақсы білетін дарын иесі ғана ғылымның түбіне жете алады.Ұлы жаңалықтардың бәрі алдымен болжам ретінде көрініс берген. Мысалы, Д.И.Менделеев ашқан периодикалық заң, Дарвиннің эволюциялық теориясы гипотезалық кезеңнен өткен.
Ғылыми білімнің жоғарғы формасы – теория. Ол шындықтың жалпы заңдылықтары мен іргелі байланыстарын түсіндіреді. Білімнің бұл түрінің мысалы ретінде И.Ньютонның классикалық механикасын, Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясын, А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясын алуға болады.
Теорияның құрылымдық жүйесінің негізгі элементтері:
- бастапқы негіздері – іргелі ұғымдар, принциптер, заңдар, теңдеулер, аксиомалар;
- идеалды нысандар – зерттелетін нысандардың негізгі қасиеттері мен байланыстарын көрсететін абстрактілі модель «абсолютті қара дене», «идеалды газ»;
- теорияның логикасы, яғни білімнің өзгеруі мен құрылымын түсіндіруге бағытталған белгілі ережелер мен дәлелдеу тәсілінің жиынтығы;
- философиялық ұстанымдар, әлеуметтік – мәдени және құндылық факторлар;
- теорияның негіздерінен туындайтын заңдар мен тұжырымдардың жиынтығы.
Теорияның қалыптасуында идеалды нысан өте үлкен рөл атқарады, өйткені осы нысанды жасаудың өзі кез келген теорияның туындауының маңызды кезеңі болып табылады.
Идеалды нысандардың көп жақты болуына сәйкес теориялардың да түрлері көп және жан-жақты. Нысандардың сипаты мен табиғатына қарай теориялар баяндау, математикалық, дедуктивті және индуктивтік, іргелі және қолданбалы, формальды және мағыналы, ашық және жабық, түсіндіруші және баяндаушы, яғни феноменологиялық, физикалық, химиялық, социологиялық, психологиялық, болып бөлінеді.
Классикалық емес ғылымның қазіргі деңгейіне теориялардың күрделенуі мен абстрактіленуі және математиканың кең қолдануы тән.
Қазіргі ғылымда есептеу математикасының маңызы тез қарқында өсіп, ол жеке дербес салаға айналып үлгерді. Ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды құралы математикалық модельдеу болып отыр.
Теорияның жалпы құрылымы әр түрлі теорияда өзінің ерекшелігімен анықталуы мүмкін. Математикалық теориялар – өте жоғары деңгейде абстрактілі. Олардың қалыптасуында аксиоматикалық және гипотеотика – дедуктивтік методтар үлкен рөл атқарады.
Көптеген математикалық теориялар бірнеше негізгі немесе туындаушы құрылымдардың бірігуі, кірігуі нәтижесінде қалыптасады. Соңғы кездерде ойын теориясы, ақпарат теориясы, дискретті математика, дұрыс басқару теориясы сияқты жаңа математикалық теориялар қалыптасты.
Теорияның нәтижесіне сүйенетін физика, химия, биология, социология, тарих ғылымдарының теорияларын феноменологиялық және феноменологиялық емес деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
Теориялардың феноменологиялық деп аталуының басты себебі, олар тәжірибеде байқалған қасиеттер мен өлшемдерді баяндайды, бірақ заттың, құбылыстың осы қасиеті мен өлшемі қайдан шыққанын түсіндіре алмайды, Көптеген психологиялық, педагогикалық, социологиялық теориялар осы сипатта дамиды. Бұлар зерттеліп отырған нысанды талдамайды, сондықтан күрделі абстрактілі нысандарды пайдаланбайды.
Феноменологиялық теориялар зерттеліп отырған нысанға қатысты фактілерді жинақтайды, реттейді, алғашқы топтама жасайды. Мұндай теориялармен ғалымдар кез келген ғылымның алғашқы деңгейімен жұмыс істей бастағанда кездесіп отырады, өйткені барлық ғылымда эмпириялық, фактологиялық зерттеу қабаты бар.
Ғылыми танымның даму барысында феноменологиялық теориялар бірте-бірте ығысып, феноменологиялық емес теориялармен алмастырылады. Себебі, мәліметтерді жинақтау, топтаудан, баяндаудан кейін оны түсіндіру процесі өзінен-өзі туындап отырады. Түсіндіру баяндаудан тереңірек болғандықтан, бұл жерде эмпириялық фактілермен қатар өте абстрактілі ұғымдар да енгізіледі.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың теориясының құрылымдық ерекшеліктері бар. Көрнекті американ социологы Роберт Мертонның еңбектері жарияланғаннан бері әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің үш негізгі деңгейі бөлініп жүр, яғни теорияның да үш типі бар.
Бірінші – жалпы социологиялық теория. Әлеуметтік болмыстың жалпы заңдылықтары мен даму ерекшеліктерінің мәні мен біртұтастығын анықтайды. Абстрактілі – жинақтауды, талдауды қамтамасыз етеді. Жалпы социологиялық теорияның методологиялық негізі – әлеуметтік философия.
Екінші деңгей – жеке социологиялық теориялар, олар жалпы социологиялық теорияларға негізделеді. Зерттеу объектілерінің сипатына қарай бұл теориялар арнайы және салалық болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет