Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе


,6 –дәріс. Жаңа еуропалық ғылым – ғылым тарихының классикалық кезеңі



бет11/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
5,6 –дәріс. Жаңа еуропалық ғылым – ғылым тарихының классикалық кезеңі.


Өзекті ұғымдар: детерминизм, механицизм, қозғалыс, байланыс.
Жаңаеуропалық ғылым –ғылым тарихының классикалық кезеңі
Жаңа дәуірде архаикалық антикалық және ортағасырлық космософияның құрсауы сөгіліп, абстрактілі – теориялық ізденістер мен қолөнерлік техникалық икемділіктерді біріктіретін ғылыми танымның тың формасы пісіп жетіледі.
Классикалық ғылымның қалыптасуы осы дәуірдің еншісінде. Оның онтологиялық негіздері: теологиялық ұстанымды жоққа шығару: біржақты детерминизм: механицизм. Гносеологиялық негіздері: зерттеудің объективті методтары байқау, экспериментті қолдану, нысанның математикалық моделі, теорияның дедуктивті – аксиоматикалық әдіспен құрылуы.
Классикалық ғылымның әлеуметтік негіздері: пәндік ұйымдастырылу, ғылыми және білім беретін оқу орындарының, яғни зерттеу лабораторияларының, институттардың, академиялық және инженерлік қауымдастықтардың құрылуы, политехникалық және жаратылыстану – ғылыми кафедралардың ашылуы, ғылыми журналдардың шығарылуы, қоғамның ғылымның дамуы қажеттігін түсінуі, өндіріс пен ғылымның өзара байланысының күшеюі.
Бірінші ғылым төңкерісінің салдарын ұғыну және оны негіздеу жаңа дәуірде іске асады.
Бірінші ғылыми төңкеріс XV – XVI ғасырлардың аяғында болып, әлемнің космологиялық үлгісі өзгеріске ұшырады.
Н.Коперниктің гелиоцентрлік ілімі Аристотель идеяларына негізделген әлемнің діни үлгісін жоққа шығарды. Бұл үлгі жердің әлемнің ортасында тұрғандығын жариялап, адамның әлемнің ең жоғарғы мақсаты екендігіне баса көңіл аударған еді. Коперник ілімі жердің ерекше статусын жоққа шығарып, оның басқалар сияқты күнді айналып тұратын қатардағы планета болмысын растады.
Жаңа дәуірде ғылыми білімнің дамуы Ф.Бэкон, Р.Декарт, И.Ньютон, Г.Лейбниц, К.Линней есімдерімен тығыз байланысты.
Атақты «Жаңа органон» трактатының авторы Ф.Бэкон табиғатты танып білуде ғылымның ерекше рөлін атай отырып, оны дамытудың алғы шарттарын белгіледі. Осы уақытқа дейін орын алған қөзқарастарға сын көзімен қарап, ақыл – ойды оны тұмандататын идолдардан тазалауды ұсынды. Ғылым жетістіктерін түсіндіруде аясы тар Аристотель силлогистикасын индуктивтік теориямен алмастыруға күш салды.
Ф.Бэконның пікірінше, табиғатты тек материяны зерттеу арқылы түсінуге болады. Материяның ең бастапқы қасиеті – қозғалыс, ол материяның кеңістіктегі орын ауыстыру қабілеті мен оның ішкі белсенділігін бейнелейді деп есептеді.
Декарт материя мен қозғалыстың өзара байланысын түсіндіре отырып, жаратылыстану ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Декарт рефлекс ұғымын ғылымға алғаш рет енгізді, аналитикалық геометрияның негізін салды, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңын ұсынып, күш импульсі ұғымын қалыптастырды. Декарт аспан денелерінің пайда болуы мен қозғалысын материя бөлшектерінің құйылма қозғалысымен түсіндірді.
Исаак Ньютон (1643-1727) өзінің «Натуралді философияның математикалық бастаулары» деп аталатын негізгі еңбегінде әлемді математика тұрғысынан зерттеді. Абсолютті кеңістік, уақыт, салмақ, күш, жылдамдық ұғымдарын енгізіп, денелердің қозғалыс заңдылықтарын ашты, физика ғылымын дамытты. Оның идеялары XX ғасырдағы ірі жаңалықтарға дейін еркін үстемдік етті.
И.Ньютон классикалық механиканың негізін қалады, оның негізгі үш заңын ашты, әлемнің тартылыс заңының формуласын ұсынды, жарықтың корпускулды және толқынды табиғаты туралы болжам жасады. Ньютонның механикасы дедуктивті ғылыми тоерияның классикалық түрі болып есептелінеді.
Әлемнің механикалық үлгісі табиғаттың көптеген құбылыстарын түсіндіруде үлкен рөл атқарды. Галилей, Ньютон, Лейбниц, Декарт әлемнің біртұтас үлгісін ұсынды, олар бүкіл әлемдегі барлық қозғалыстар мен қасиеттерді біріктіретін натурфилософиялық жүйелер жасады.
Әлемнің механикалық әлем үлгісінің негізінде метафизикалық көзқарас жатыр. Оларға табиғат құбылыстарын жеке-жеке іздестіру тән еді. Осындай пікірдің айқын көрінісі швед ғалымы Карл Линнейдің «Табиғат жүйесі» деген еңбегі болды. Мұнда өсімдіктер, жануарлар әлемінің классификациясы берілді. Оларды құрылымының күрделене түсуіне қарай ретпен орналастырып, біраз күрделі мәліметтерге қол жеткізген ғалым түрлердің өзгеріске ұшырауына ешқандай мән бермеді. Түрлер өзгермейді, оны құдай жаратты, солай бола беруі тиіс деп есептеді ол.
Неміс философы Канттың «Аспанның жалпы табиғи тарихы мен теориясы» деген еңбегінде жаратылыстануға диалектика идеялары ене бастайды. Оның болжамы бойынша, күн әлемдік кеңістікті толтырып тұрған алғашқы, формасы тұманды массадан пайда болған. Кейін 40 жылдан соң француз математигі мен астрономы Л.Лаплас Канттың идеяларын толықтыратын, одан әрі тереңдететін идеялар ұсынды. Кант пен Лапластың гипотезасы 100 жылдай өмір сүрді.
ХІХ ғасырда диалектикалық идеялар геология мен биологияға да ене бастайды. Француз ғалымы Ж.Кювьенің катастрофизм, күйреу теориясын Ч.Лайелдің геологиялық эволюция теориясы алмастырды. Лайель жер бетіндегі геологиялық тарихты көрсету үшін катастрофа – күйреу теориясына жүгінбей-ақ жердің ұзақ уақыт бойы өмір сүріп келе жатқандығын мойындау жеткілікті деп есептеді.
Екінші ғылыми төңкеріс классикалық механика мен тәжірибелі жаратылыстану ғылымдарының дамуымен тығыз байланысты. Оның нәтижесінде әлемнің механикалық үлгісі қалыптасты. Бұл – дүниетанымның жоғарғы шыңы – И.Ньютонның «натуралды философияның математикалық бастаулары» деп аталатың кітапта баяндалған әлем үлгісі.
Гипотетикалық физикаға негізделген Р.Декарттың әлем үлгісіне сын көзімен қараған И.Ньютон «Болжамдар ойлап таппаймын» деген екен. Оның ғылыми әдісі – бұл принциптер немесе аксиомалар физикасы. Олар тәжірибеден логикалық жолмен алынбаса да, тікелей тәжірибемен дәлелденді.
Ньютон космологиясы әлемдік тартылыс заңы мен қозғалыстың үш механикалық заңына сүйенеді.
Өзінің теориясының математикалық аппаратын пайдалана отырып, Ньютон Кеплердің заңдарын түсіндірді, ай мен комета қозғалысының теориясын жасады. Жердің жасанды серігінің ториясын ұсынды.
Готфрид Вильгельм Лейбниц, (нем. Gottfried Wilhelm Leibniz (1646-1716) - неміс философы және ғалымы, жаңа заман философиясының рационолистік дәстүрінің жалғастырушысы. Ол болмыстың мәнін ашуға талпынды. Оның пікірінше, болмыс ұсак ерекше рухани бөлшектер - монадалардан тұрады. Монадалар - болмыстың алғашкы элементтері, атомдар. Лейбниц өткен философияның маңызды нәтижелерін жаңа ғылыми білімдерімен өзі ұсынған методологиямен сәйкестендіруге талпынды.
Ғылымның одан әрі дамуы механикалық дүниетанымның біржақтылығы мен әлсіздігін көрсете бастады.
Әлемнің механикалық үлгісінің тігісі екі жақтан сөгіле бастады. Бір жағынан, электр мен магнит өрісін жан-жағынан зерттей бастаған физика ғылымының тың жаңалықтары, екінші жағынан, биология мен теологиядағы жаңа зерттеулер.
М.Фарадей (1791-1867) мен Д.Максвелл (1831-1979) ғылыми еңбектерінің нәтижесінде материя тек зат түрінде ғана емес, сонымен қатар, электрлі магнитті өріс түрінде де өмір сүретіні анықталды. Мұның өзі механикалық әлем үлгісінің жеткіліксіздігін көрсетті. Ағылшын геологы Ч.Лайель (1797-1875), француз биологтары Ж.Б.Ламарк (1744-1829) және К.Кювье (1769-1832) жүргізген зерттеу жұмыстары да механикалық әлем үлгісінің әлсіздігін одан әрі дәлелдеді.
Ч.Лайель «Геология негіздері» тақырыпты өзінің негізгі еңбегінде жер бетінде ұдайы және үнемі өзгерістер болып жататыны жөнінде пікір қорытты. Жер планетасы пайда болып, миллиондаған жылдар балқу, қайнау, ысу, суу, суға айналу, мұзға айналу, тасқа айналу, бұзылып-жарылып қайта қалыпқа құйылу сияқты күрделі сатылардан өткен. Лайель мұны тікелей айтпаған, бірақ оның зерттеу бағыты осындай өзгерістерге меңзеген. Биологияның іргелі принциптерін геологияға да қолданды, кейін ғалымның осы ізденісі биологияға да ықпал етті. Жоғары тіршілік иесінің принциптерін төмендегі түрге пайдаланды.
1858 жылы 1 июльде Линней қоғамының кезекті мәжілісінде Дарвин қолжазбасының үзінділері және Альфред Уоллестің очеркі тыңдалған. Бұл екі ғалым эволюция себептері туралы ұқсас пікірлерге әрқайсысы өз жолымен келген.
Эволюциялық теория қазіргі биологияның негізі болып саналады. Оның пайда болуы өмір туралы ғылымдарға мағына берді. Дарвин мен Уоллеске дейін өмір туралы әртүрлі сипаттағы пікірлер жинақталған еді. Оларды біріктіріп, бір арнаға түсіру өте қиын болатын.
Ал эволюциялық көзқарас өмірді түсіндірудің негізгі кілтін ашты, сонымен қатар олардың табиғи себептерін түсіндірді.
Дарвиннің биологиядағы революциясына бастау болған идеялар геологияда пісіп жетілген. Эволюция теориясының алдында ғана көп жылғы геологиялық зерттеулердің нәтижесінде Жердің жасының жүз миллиондаған жылға созылғандығы туралы белгілі болды.
«Түрлердің шығуы» тақырыпты көлемді еңбекті жазып, эволюциялық дамудың себебін түсіндірген Ч.Дарвин геологиямен, палеонтологиямен, зоологиямен, антропологиямен, ботаникамен, өсімдік физиологиясымен айналысқан. Теориялық және практикалық білімдерінің кеңдігі және жан-жақтылығы Ч.Дарвинге эволюция теориясын дәлелдеп, дамытып, оны басқаларға ұғындыруға мүмкіндік берді.
Неміс дәрігері Ю.Р.Майер (1814-1878) химиялық, жылу және механикалық, энергияның ұқсастығын және олардың бір-бірімен ауыса алатындығын көрсетті. Дат инженері Л.А.Кольдий (1815-1888) 1859 жылы жұмыс пен жылу арасындағы байланысты көрсетті, ал Г.Гельмгольц (1821-1844) осыған сүйене отырып, мәңгі қозғаушының жоқ екендігін дәлелдеді.
Химияның дамуында Д.И.Менделеев ашқан (1834-1907) химиялық элементтердің периодтық заңының маңызы өте зор болды.
Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың біртұтас эволюциясы туралы концепция жасады. Оның пікірінше, сыртқы дүние әсерімен жануарлар мен өсімдіктердің бәрі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.
Эволюция принципін тірі табиғаттың жалпы принцип ретінде жариялаған Ж.Б.Ламарк оның себебін түсіндірмейді.
Ж.Кювьенің Ж.Ламарктан айырмашылығы, жер қыртыстарындағы өзгерістерді катастрофа арқылы түсіндіре отырып, түрдің өзгеруін құптаған жоқ. Жер қыртыстарындағы өзгерістерді Кювье материктердің көтерілуімен, төмен түсуімен, су тасқындарымен, қабаттардың бір-бірінен ажырасуымен тікелей байланыстырған. Осындай катастрофалар нәтижесінде жаңа өсімдіктер мен жан-жануарлар пайда болған. Катастрофалардың себебін ол түсіндірмеген.
ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында жаратылыстануда кеңінен тараған ойлаудың метафизикалық әдісі жойылып, жаңа үрдістерге бетбұрыс басталды. Бұған ықпал еткен үш жаңалық болды. Олар – ағзалық теорияның қалыптасуы, энергияның сақталу және бір-біріне айналуы және эволюция теориясы.
1838-1839 жылдары неміс ғалымдары М.Шлейден мен Т.Шванн тұжырымдаған ағза теориясы барлық тіршілік иелерінің біртұтастығын және өсімдіктер мен жануарлардың ортақ түпнегіздерінің бар екендігін дәлелдеді.
ХІХ ғасырдың 40 жылдары Ю.Майер, Д.Джоуль, Э.Ленц бұрын жеке-жеке қарастырылып келген жылу, жарық, электр, магниттік қуаттардың өзара байланысын және олардың бір-біріне өту мүмкіндіктері жоғары екендігін айқын көрсетті.
Биология мен геологиядағы эволюциялық идеялар механикалық үлгіні жоққа шығарды. Бұған физика ғылымындағы Ш.Кулон (1736-1806) ашқан электрдегі теріс зарядтардың бір-біріне тартылуы туралы заңы, ағылшын ғалымы М.Фарадейдің (1791-1867) электромагнитті өрістің математикалық теориясын жасауы да үлкен әсер етті.
Классикалық ғылым табиғатта кең таралған екі физикалық күшті, яғни тартылыс және электрлі-магнит күшін зерттеді. Әлемнің механикалық, физикалық және электрлі-магниттік үлгісі және термодинамикаға негізделген энергия концепциялары классикалық ғылымның өзекті қорытындылары болып табылады.
Механикалық әлем үлгісінің негізгі белгілері:
1.Бүкіл әлем абсолютті кеңістік пен уақытта қозғалатын,бөлінбейтін, тұрақты кішкене бөлшектердің жиынтығы, олар бір-бірімен тартылыс күшімен байланысқан.
2.Кез-келген оқиға, құбылыс классикалық механиканың заңына бағынышты.
3.Механикалық әлем үлгісінде барлық заттар мен құбылыстар бөлінбейтін кішкене бөлшек атомдардың жиынтығынан тұрады.
4.Атомдардың және заттардың қозғалысы – абсолютті кеңістікте абсолютті уақыттың ыңғайымен орын ауыстыру. Кеңістік пен уақыт заттар мен құбылыстар күйлерден тыс, олар ар-бері қозғалатын алаң.
5.Табиғат әрбір жеке бөлшектері қатаң себеп-салдарлық байланыстағы алып машина іспетті.
6.Механикалық әлем үлгісінің маңызды ерекшелігі – редукция негізінде жаратылыстану білімдерін жинақтау ғылыми-зерттеу бағдарламасына сүйенуі.
Механикалық әлем үлгісі ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Қоғам мен өркениеттің жедел қарқынмен дамуына байланысты ғылымның тың салалары, болмыстың бұрын қалтарыста қалып, елеусіз болып келген қабаттары ашыла бастады. Мұндай күрделі өзгерістер механикалық әлем үлгісінің тігісін сөге бастады. ХІХ ғасырдың ортасында ол өзінің әмбебаптық тұғырынан айрылды.
Механикалық әлем үлгісін механицизм ұғымымен қатар қоюға болмайды. Алқашқысы жаратылыстану ғылымдары жасаған табиғаттың сұлбасын бейнелесе, ал екіншісі методологиялық ұстанымды білдіреді.
Механицизм дегеніміз – механикалық әлем үлгісінің белгілері мен принциптерін абсолютке айналдырып, оның көмегімен барлық құбылыстарды түсіндіруге ұмтылыс, яғни механицизм – бұл редукционизмнің шектен шыққан, тұрпайы түрі.
Редукционизм – жоғары ұйымдастырылған түрлерді төменгі түрлердің заңдылықтарымен түсіндіруге тырысатын методологиялық ұстаным. Мысалы, биологиялық құбылыстарды физиканың және динамиканың заңдарымен түсіндіруге ұмтылыс.
Күрделіні қарапайымға айналдыру кейбір жағдайларда пайдалы болатыны рас. Биологияда физика мен химия әдістерін қолдануға болады. Бірақ мұндай жеке мүмкіндіктерді абсолютке айналдырып, жалпылауға болмайды. Өйткені, әлем құрылымының әрбір деңгейінің өзіндік табиғаты, заңдылықтары бар.
Мұны әр уақытта назарда ұстау керек. ХІХ ғасырда механика жаратылыстану ғылымдарының синонимі болды. Максвеллдің элетрлі-магниттік құбылыстардың математикалық формалуларын жариялауы – механикалық әлем үлігсі өрісінің таяздығын дәлелдеді.
Осы дәуірде классикалық емес ғылым қалыптасады. Оның негізгі белгілері: релятивизм, индетерминизм, білімнің гипотетикалық, ықтималды сипаты.
ХХ ғасырдың басында ғалымдар қол жеткізген көптеген тың жаңалықтар ғылымның классикалық үлгісінің аясына сыймады. Мысалы, кішкене жылдамдыққа негізделген механика электромагниттік құбылысын түсіндіре алмайды. Жарықтың жылдамдығына сәйкес үлкен жылдамдықпен қозғалатын құбылыстарды түсіндіру релятивистік физиканы тудырады.
Релятивизм ғылымдағы әрбір мағыналық белгінің, өлшемдік өзіндік шамасымен өрісі бар екендігіне мән береді. Заттар мен құбылыстар дамыған сайын оның әрбір даму деңгейіне сай ұғымдық өлшемдер қолданылуы керек.
Яғни, ғалым өзі білетін, игерген ғылыми қағидалардан басқа да мүмкіндіктер бар екенін әр уақытта есепке алуы керек.
Жаңа еуропалық ғылымды дамытқан ғалымдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет