1
|
2
|
3
|
Антуан Анри Беккерель
(1832-1908) -
француз физигі
|
|
Уран тұзының өзігінен сәуле шашатынын ашқан
|
В.К.Рентген
(1845-1923) -
француз ғалымы
|
|
Катодты сәулелерді зерттеу барысында өзі Х-сәуле деп анықтаған, кейіннен рентген сәулелері деп аталған электро-магнитті толқындарды ашқан
|
Джозеф Джон Томсон
(1856-1940) -
ағылшын физигі
|
|
Электронды ашты
|
Пьер Кюри, (1859-1906)
Мария Склодовская Кюри
(1867-1934)
|
|
Радиобелсенділік ұғымын ашқан, полоний мен радийдің қасиеттерін баяндаған
|
Макс Планк (1858-1947) неміс физигі
|
«Физикалық әлем» үлгісінің бірлігі: м.Прогресс, 1965
|
Квант теориясының авторы
|
Эрнест Резерфорд (1871-1937) - ағылшын физигі
|
|
Атомның планетарлық моделін ұсынған
|
Фредерик Содди (1877-1956) – ағылшын химигі
|
|
Радиоактивті бөлуді химиялық бөлшектердің бірінен біріне айналу процесі деп бағалаған.
|
Альберт Эйнштейн (1879-1955) неміс-американ физигі
|
«Физиканың эволюциясы» «Салыстырмалы теория». Петроград, 1922
|
Жекем және жалпы салыстырмалы теорияны жасаған
|
Нильс Бор (1885-1962) дат физигі
|
Атомдық физика және адами таным. М., 1961
|
28 жасында атомның квантты теориясын ұсынған, толықтыру принципінің авторы
|
Луи де Броиль (1892-1987) -француз ғалымы
|
«Ғылымның сүрлеуімен». М., 1962
«Физикадағы революция». М.,1963
|
Материяның толқынды қасиеттерін анықтаған
|
Эрнест Шредингер (1887-1901) австрия физигі
|
«Физика тұрғысынан өмір дегеніміз не?»
|
Толқынды механиканың негізгі теңдеуін шешті
|
Паули (1900-1958)
|
Физикалық очерктер – М.:1975
|
1925 жылы 25 жасында өзінің атындағы принципті жариялады, 1929 жылы 29 жасында В.Гейзенберг және Шерзанмен бірігіп релятивті квантты өрістің негізін қалады
|
Вернер Гейзенберг (1901-1976)
|
«Физика мен философия». «Бөлік және бүтін». М.1989
«Горизонттан арғы қадамдар». М. 1987
|
Белгісіздік принципін ұсынған, 1925 жылы 24 жасында матрицалық механиканы, 1977 жылы 26 жасында белгісіздіктер арақатынасы теориясын жасады
|
Жак Моно (1910-1976) француз биохимигі, микробиологы
|
«Кездейсоқтық пен қажеттілік» (1970)
|
Бактериялардың өсуі, бактериалды ферменттердің жойылуы туралы еңбек жазған. 1965 жылы Нобель сыйлығын алған
|
Дэвид Бом (1917-1994) ағылшын ғалым
|
«Қазіргі физикадағы себептілік пен кездейсоқтық». М.1959
«Ұжымдық өзгерістердің жалпы теориясы». М.1964
|
Квантық физиканы кеңейте қарастыруға үндейді, тылсым өлшемдер туралы идея ұсынған
|
Лайнус Полинг (1901-1994) американ ғалымы
|
|
С витаминінің маңызын анықтады
|
Ханс, Айзенк (1916-1997) ағылшын психологы
|
«Тұлғаның құрылымы» (1999), «Тұлғаны қалай өлшеуге болады», 2000
|
60-70 жылдары интеллект мәселесін зерттеді, невроз теориясын жасаушыларды бірі
|
Карл Поппер (1902-1994) ағылшын философы, математигі
|
«Ғылыми ашылымның логикасы» (1934), «Ғылыми танымның өсуі мен логикасы». М 1993
|
Ғылыми білімнің негізінде оның өсуінің гипотетикалық дедуктивті моделі жатуы керек. Ғылыми болжам ұсынылған сайын оның болашақта терістеу мүмкіндігі үнемі есте болуы тиіс. Ол фальсификация принципінде көрініс табады
|
Стивен Тулмин (1922-1997) американ философы
|
«Адами ұғыну». М.1984
|
Эволюциялық эпистемологияны дамытты, ғылымның негізіне «табиғи тәртіп» идеалдарын қояды
|
Имре Лакатос (1922-1974) ағылшын ғалымы
|
«Ғылыми-методологиялық бағдарламаның фальсификациясы мен методологиясы». М.1995
|
Ғылым дамуының негізгі моделі мықты өзек пен қорғау белдеуінен тұратын зерттеу бағдарламасы деп есептейді
|
Пол Карл Фейерабенд (1924-1994) австрия ғалымы
|
«Ғылым методологиясынан таңдаулы еңбектер» М.,1986
|
Ғылымда жалпыға ортақ норма мен ереже жоқ. Ғалымдар іс жүзінде әр түрлі методтарды қолданады. Сондықтан методологиялық плюрализм болғаны тиімді
|
Мишель Фуко (1926-1984) француз ғалымы
|
«Білім археологиясы» Киев, 1996
«Ақиқатқа ерік» М. 1996
«Өмір: тәжірибе мен ғылым», «Философия сұрақтары», 1993. №5
|
Философияның бастамасы – дискурсивті практика. Дискурс дегеніміз – ұғымдар төңірегінде ойлану. Дискурстың мысалы әрнәрсе төңірегінде белгілі бір уақытта қалыптасқан жүйелі білім, яғни эпистема
|
Томас Кези (1922-1995) американ физигі, философы
|
«Ғылыми революциялардың құрылымы». М.1977
|
Ғылымның өсіп, дамуының негізінде парадигма жатыр. Оған әлеуметтік-психологиялық, этикалық ережелер, қалыптар кіреді. Қабылданған парадигма аясында дамып отыратын қалыпты ғылым оның күйреуімен күрт тоқтап қалуы да мүмкін. Бұл ғылыми революцияларды тудырады.
|
Эдуард Уилсон (1929) американның этномологы, экологы
|
«Құмырсқалар» 1959, «Социобиология: жаңа синтез» 1975
|
Құмырсқалардың тіршілік ету ерекшеліктерін, экологиясын зерттеді, «Адам мен жануар тәртібінің биологиялық негіздерін» зерттеген.
|
Роберт Мертон (1910-2004) ағылшын ғалымы
|
«Ғалымның амбиваленттілігі». М.1965
|
Ғылыми этос ұғымын енгізіп, ғылым социологиясының негізін қалаған
|
Классикалық емес ғылымға салыстырмалылық, дискреттілік, кванттау, ықтималдылық толықтыру парадигмалары тән. Ал классикалық емес ғылымның қазіргі дәуірінде қалыптасу мен ұйымдастыру мәселелері аса маңызды. Оның белгілері физикалық, биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастырудың жалпы принциптерін түсіндіретін синергетикада көрініс береді.