Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


«Ақтабан шұбырынды» жылдар



бет19/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
«Ақтабан шұбырынды» жылдар

1723 жылы Цинь билеушілерімен бітім шартын жасап, шығыстағы тылын қауіпсіздендірген жоңғарлар казақ хаңдығын бір жолата талқаңдау үшін қазақ жеріне шешуші жорығын бастайды. Алдағы соғысқа мұқият әзірленген және қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдалана білген жоңғарлар. 1723 жылы ерте көктемде казақ жеріне жасаған ең ауыр, жойқын жорыктарының бірін бастайды. Ауыр кыстан шыққан қазақтар бұл уақытта жоңғар әскерлерінің ірі жорығын күтпеген еді. Қапыда қалған қазақ ауылдары қырғынға ұшырайды, тірі қалғаңдары мал-мүлкін тастап қашады. Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең басталады. Жоңғарлардың бұл шапқыншылығы халық ауызында «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деген атпен қалады. Бұдан кейінгі шапқыншылықтарда әбден әлсіреген, берекесі кетіп, алауыздық күшейген қазақтардың жоңғарларға қарсылық көрсетуге шамалары келмейді.

Жекелеген ерлік ұрыстар шайқас тағдырын шеше алмайды. Ер азаматтары түгелге жуық қырылған панасыз жұрт адам айтқысыз шығынға ұшырайды. Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық өзендерінен өткен кезде де талай адам өледі, мал-күйсіз қалғандар аштықтан да қырылады. Осы жылдары миллионға жуық халық қырғынға ұшырайды. Түркістан, Сауран, Ташкент қалаларынан және бүкіл Оңтүстік өңірден айрылған қазақтар Сырдариядан өтіп Мауереннахр жеріне беттейді, бірақ оларды Бұқар хандығы талайды. Беті қайтқан жұрт Арқаға қайырылады, одан да тұрақ таба алмай, Жем мен Жайыққа жетіп әрең тоқтайды.

Жайық бойында жоңғар шапқыншылығынан босып келген қазақтардың санының көптігі сонша, тіпті Қалмақ хандығы тағдырының өзі екі талай күйде қалады. Олар Еділдің сол жағалауындағы өздерінің жайлауларын қорғау үшін Ресей үкіметінен әскери көмек сұрауға мәжбүр болады. Қалмақтар Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарын патша әскерлерінің көмегімен ғана сақтап қалады. «Ақтабан шұбырынды жылдар» қазақ халқына кұрып кету қаупін туғызды. Бұндай қатерден аман қалудың бірден бір жолы жауға ұйымдасып тойтарыс беру, елді біріктіру, бар күшті жоңғар шапкыншылығына қарсы жұмылдыру еді. Осындай өте - мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда көрегеңдік танытып қол жинап жауға тойтарыс беруді ұйымдастыруда халық батырларының еңбегі зор болды. 1726 жылы Тайлақ пен Саурық батырлар бастаған Орта Жүз бен Кіші Жүздің біріккен әскерлері Бұланты өзенінің маңында жауға елеулі тойтарыс береді. Бұл жеңіс қазақ халкына жауды жеңу жолындағы күресте бірігудің қажет екендігін өте-мөте айқын түсіндіріп, 1727 жылы Шымкент маңындағы Ордабасыда үш жүз өкіддерінің бас қосқан жиыны өтеді. Жиында қаралған басты мәселе күшті біріктіру, жауға тойтарыс беру болды. Сұлтандар арасыңдағы алауыздыққа қарамастан қазақ жасақтарының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланады.

1729 жылы Балқаш көлінен оңтүстікке таман Итішпес деген шағын көлдің маңыңда қазақ жасақтары жоңғарларға күйрете соққы береді. «Аңырақай шайқасы» деген атпен белгілі болған бұл жеңіс үш жүз қазақтарының өзара бірігіп қимылдауының нәтижесінде келді. Елді саяси біріктіру мәселесі қайта қойылды. Осы кезде Болат хан дүние салады. Хан сайлауында ірі сұлтандар мен жүздер арасындагы алауыздықтың жойылмағандығы көрінді. Қиын жағдайда бас біріктіріп ортақ жеңіске жеткен сұлтандар ат кұйрығын кесісіп айырылысады. Әбілмәмбет хан Түркістанға кетсе, Әбілқайыр мен Сәмеке хандар Ресей шекараларына қарай кетеді. 1730 жылдан бастап қазақ хандығы іс жүзіңде бірнеше билікке бөлінеді. Үлкен хан болудан дәмеленген Орта Жүзден Сәмеке де, Кіші Жүзден Әбілқайыр да көпшілік қолдауына ие бола алмады. Үлкен хан атағына 1739 жылы ғана Әбілмәмбет ие болады, бірақ ол бүкіл елді біріктіре алмайды. Жоңғар басқыншыларының шапкыншылык жылдары қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өміріне ұзақ уакытқа терең із қалдырып, казақ тарихына «алапат ауыр жылдар» болып енді. Миллионға жуық адамынан айырылған қазақтар мал-мүлкінен және шұрайлы мал жайылымдарынан да уақытша айырылды. Көшіп қонудың ғасырлар бойы қалыптасқан жолдары бұзылды, егіншілік мәдениетінің ошақтары құртылды, оңтүстікте қалалар қиратылды, халық басына ауыр күн туды. Бұл туралы Мұхамеджан Тынышпаев былай деп жазады. «Бұл тарихи Ақтабан шұбырындының нақ өзі еді. Ел аштықтан жүдеп-жадап, коңыз теріп, кұрт-құмырсқа жеді, түрлі шөптерді (жаужұмыр, алғыр, қозықұйрық, қайыңның қабығы т.с.) талғау етті». Халық өміріңдегі ауыр заман - сол бір алапат кезеңді жырлайтын «Елім-ай» өлеңіңде көрініс тапқан.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман, қай заман, қысқан заман,

Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Каңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай болар ма тағызаман.

Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,

Көздің жасын көл қылып ағызамын.

Жоңғар шапқыншылығының «алапат ауыр жылдарында» қазақтардың Бұқарамен және Хиуамен қатынастары шиеленісті. Босып келген халық Бұқараны, Самарқанды және оның жергілікті халқын күйзелтті. Академик В.В.Бартольдтың пікірінше, Самарқанның тұрғыңдары жеті жыл бойы (1723-1730) қалаға келмей қойған. Хиуа хандығында да шамамен сол жылдары бүкіл елді мекендер, қоныстар бос қалған, ал Хиуаның өзіңде бар болғаны 40 үйдей ғана қалыпты. Батыска қарай ығысқан қазақгар, сонымен бірге, түрікмендермен де қақтығысуға мәжбүр болды.

Бұланты өзені мен Анырақай шайқастарындағы жеңіске қарамастан Жоңғар хаңдығы әлі де күшті еді. Олардың жаңа шабуылының қаупі жойылмады. Қазақ жеріне баскыншылық саясат ұстаған қоң тайшы Ғалдан Цереннің билік басына келуі де мұндай шабуылдың қаупін одан әрі күшейтті. Осы кездегі билік үшін басталған өзара талас та түпкілікті жеңістің ауылын алыстата түсті. Біртұтас казақ хандығы бірнеше билікке бөлінді. Жеңістен үмітін үзген Жолбарыс хан мен Төле би жоңғарлардың билігін мойындауға мәжбүр болса, Кіші Жүз ханы Ресей бодандығы туралы әңгіме қозғады. Орта Жүздің көп бөлігіне билігін жүргізіп отырған Әбілмәмбет хан да Ресейден қорғаныш іздеді. Жоңғар шапқыншылығының ауыр зардаптары Қазақ хандығының Ресей бодандығын қабылдауының ең басты себебі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет