Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Тақырыбы: XVII және XVIII ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайы, қалалар және мәдениеті



бет18/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
Тақырыбы: XVII және XVIII ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік -экономикалық және саяси жағдайы, қалалар және мәдениеті.


  1. XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы

  2. Қазақ-жоңғар қатынастары

1. Есім хан (1598—1628) билігі кезіндегі қазақ хандығының тарихы өте күрделі жағдайда өтті. Шайбан әулетінің орнын басқан Бұқар хандығының жаңа әміршілері Ташкентті қайтарып алуға тырысты. Шығыста ойрат тайпалары бой көтере бастады. Қазақ хандығының ішкі жағдайында да алауыздықтар көбейіп жекелеген ірі қазақ сұлтандары іс жүзінде Есім ханға тәуелсіз болды. Солардың ішіңде әсіресе, Жалым сұлтанның ұлы Тұрсын ханның дәмесі зор еді. Ол Ташкентте отырш өзін хан деп жариялады. Ол билігінің дербестігін көрсету мақсатыңда өз ақшасын да шығарды, халықтан алым мен жер салығын жинады. Бұқар ханы Иманқұл Тұрсын ханның қазақ хандығынан бөлініп шығу саясатын қолдап оған көмек де көрсетті.

1603 жылы Бұқар хандығының әскерлері Ташкентті қайтарып алуға тырысты. Бірақ олар қазақ жасақтарынан Айғыр-Жар деген жерде болған шайқаста ауыр жеңіліске ұшырап, Самарқанға шегінеді. Бұқар әскерлерін Самарқанға дейін өкшелей қуған қазақ әскерлері қаланы бірнеше күн қоршап кейін қайтады. 1607 жылы бұқарлықтар Ташкентті аз ғана уақытқа алады және көп ұзамай Есім хан Ташкентті өзіне қайтарады. Бірақ Бұқар хандығымен болған соғыс мұнымен тоқтамайды. 1612 жылы Иманқұл хан Сырдария бойындағы бірнеше қалаларды тонап Қаратауға дейін жетеді және Ташкентке өзінің ұлын билеуші етіп қояды. Иманқұл хан Ташкенттен кетісімен қала халқы көтеріліс жасап, оның ұлы Ескендірді өлтіреді. Бұған жауап ретінде Иманқұл хан қанды қырғын жасайды. Бұл кезде қазақтың екі ханы Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қатынастар бірте-бірте шиеленісіп, әскери қақтығысқа дейін барады. Тұрсын хан Бұқар ханымен одақтасып Ташкентке берік орнығады және Әндижан, Түркістан, Сауран қалаларын басып алады. Күшейіп алған Тұрсын хан енді Бұқар хандығына қарсы соғыс жариялайды, бірақ түпкі нәтижеге жете алмайды.

1627 жылы Есім хан ойраттарға қарсы жорыққа аттанғанда Тұрсын хан бар әскерімен Түркістанды жаулайды. Қарусыз халықты қырғынға ұшыратып Есім ханның үй-ішін, әйелдері мен жас балаларын тұтқындап Ташкентке әкетеді. Жорықтан қайтып келе жатқан Есім ханның алдын Сайрам маңында торуылдайды. Уақытылы хабар тиген Есім хан Тұрсын хан әскерлерін талқандайды. Қашып Ташкентті паналаған Тұрсын ханды өзінің жақтастары тұтқындап, Есім ханның қолына береді. 1628 жылдың күзіңде Есім хан да қайтыс болады, сүйегі Түркістандағы Қожа –Ахмет- Йассауи ғимаратына қойылады.

Есім ханнан кейін хан тағына оның ұлы Жәңгір отырады. Бұл кезде қазак хандығының ішкі және сыртқы жағдайы нашарлай түседі. Бұқар хандығы Ташкент пен Сыр бойындағы қалалар үшін күресін тоқтатпайды, шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар маза бермейді. Бар билігін ойраттармен күресте өткізген Жәңгір ханға ішкі жағдайды тұрақтандыру да оңай тимейді.

1635 жылы жаңа мемлекет болып құрылған жоңғар хандығы қазақ хандығының шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына үлкен қауіп төндіреді. Цинь империясының ығыстыруынан жаңа жайылымдар мен қоныстар іздеген олар қазақ жеріне жорықтар ұйымдастыруын күшейте түседі. XVII ғасырдың 20-жыддарында ақ ойраттардың үлкен тобы Тобыл, Есіл, Ертіс бойында көшіп қонып жүрді және Іле, Талас бойында малдарын қыстатуға қалып отырды. Осы жылдары Бұқар хандығының әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды Сырдарияның төменгі бойынан ығыстыра бастайды. Дұшпандық әрекетте болса да Бұқар әміршісін Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте одақтасу қажеттігіне көзін жеткізеді.

Жәңгірдің жоңғарларға қарсы алғашқы шайқасы 1635 жылы болады, бірақ бұл шайқас қазақтар үшін сәтсіз аяқталып, жеңіліске ұшырайды, Жәнгір ханның өзі тұтқынға түсіп қалады. Жәңгір ханның тұтқыннан қалай босанғандығы туралы деректер жоқ. 1643 жылы Жәңгір хан бастаған қазактың 600 ер жүрек сарбазы жоңғарлардың елу мындық әскеріне тойтарыс береді. Алғаш рет отты қаруды пайдаланған қазақтар Орбұлақ маңыңдағы тар шатқалда ойраттардың екпіңді шабуылына төтеп беріп, мыңдаған жау сарбазын жер жастандырады. Осы кезде Самарқаннан шыққан Жалаңтөс батыр бастаған қазақ әскерлері де көмекке келіп жетеді. Он мыңдай әскерінен айырылған Батыр қоңтайшы ауыр жеңілістен есеңгіреп кейін қайтады.

Ресейден отты қару сатып алған жоңғарлар 1652 жылы Жетісу жеріне тағы да басып кіреді. Осы шайқастардың бірінде Жәңгір хан қаза табады. 60-жыддары қазақ-жоңғар қақтығыстары біршама азайғанымен Ғалдан-Бошақтық оңтайшы кезінде ол қайтадан күшейе түседі. 1681,1683-84 жылдары жоңғарлар Шу өзенінен бері өтіп Сайрамды алады, Ферғана алқабын тонайды. 1697 жылы Цеван Рабтан билік басына келгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынастары күрт шиеленіседі. 1698 жылы Цеван Рабтан қалың қолымен қазақ жеріне басып кіріп, бүкіл Оңтүстік Қазакстанды жаулайды. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте өшуінің басты себептерінің бірі болды, сауда жолдарының байланысы үзілді, шаруашылыққа зор зиянын тигізді. Күшейіп келе жатқан жоңғар шапқыншылығы елді біріктірудің кажеттігін түсіндірді.



2. Қазақ-жоңгар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы

XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басыңда Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы елге айналды. Оның ең басты себебі қазақ жүздері арасыңда тұрақты экономикалық және саяси байланыстар нашар болды. Әсіресе, Ұлы Жүздің, Кіші Жүзбен және Орта Жүзбен байланысы бұл кезде әлі дұрыс қалыптаспаған еді. Басқа елдермен сауда - экономикалык байланыстардың нашар болуы, натуралды шаруашылықтың үстемдігі, ішкі рыноктың дұрыс жолға қойылмауы, онтүстіктегі қалалардың кұлдырауы осының бәрі қазақ жерлерін бір орталыққа бағынатын мемлекетке біріктіруге және елдің бытыраңқылығын жоюға мүмкіндік бермеді. Сыртқы жағдайдың ауыр болуы да елдің бытыраңқылығын күшейте түсті. Жекелеген ірі сұлтандар іс жүзінде хан билігінен тәуелсіз болды, олардың өзара қырқысуы мен бақталасы елді барған сайын кеулеп ыдырата түсті. Түрлі әулетті топтар өзара бақталас болып билік үшін, жақсы жайылым-дарды басып алу үшін және өздерінің билігін нығайту үшін өзара күресті. Олардың өзара тартысы мен қырқысуларын бұқар және жоңғар билеушілері де үнемі ушықтырып отырды.

Тәуке хан (1680—1715) билік еткен алғашқы он жылдарда қазақ хандығы біршама нығайды. Қазақтардың қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын біршама бәсендетті. Бірақ 1697 жылы билік басына Цеван Рабтан келгеннен кейін жоңғарлардың шапқыншылығы жойқын күшпен қайта басталды. Крңтайшы Цеван Рабтан орыс елшісі И.Унковскийге «өз билігі басталғаннан бері қарақал-пақтармен одақтасқан қазақ еліне толассыз соғыс жүргізіп жатырмын» деген мәлімет береді.

XVII ғасырдың аяғыңдағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі екі ел арасындағы соғыс жан-жалдарының жаңа кезеңін бастап қазақ хандығына елеулі қатер төндірді. Тәуке ханның өзара тартыстарды тыйып, жүздер арасындағы тыныштықты қалпына келтіруі ұзаққа созылмады. Бір жерден екінші жерге үнемі көшіп-қонып жүру жекелеген тайпалар мен рулардың арасыңдағы тұрақты байланыстардың дамуын тежеді. Көшпелі өмір салты және патриархаттық - рулық тұрмыс елдің саяси жағынан бытыраңқы болуын тездетті, қазақ қоғамы өз алдына оқшауланған және бытыраңқы рулар тобына ыдырады, бұлардың басшылары басқалардың үстемдігін мойындағысы келмеді. Олардың өзара тартысы мен алауыздығын сыртқы жаулар одан әрі өршітіп, өздерінің тонаушылық, шапқыншылық әрекеттерін жүзеге асыруда тиімді пайдалана білді. Осылардың салдарынан елдің бірігу мүмкіндігі шектеле түсті. Жоңғарлардың батысқа, қазақ жеріне қарай жасаған жорықтарының басты себептерінің бірі жайылымдар үшін тартыс еді. Экстенсивті мал шаруашылығы мен айналысатын көшпелілер мал өсіру өндірісі үшін қажет аумақты үнемі кеңейтіп отыруға мәжбүр болды. Жоңғар билеушілерін қазақ елінің ұлан-байтақ құнарлы жерлерімен бірге оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары да қызықтырды. Бүл аймақты жоңғар қоң тайшылары сауда-қолөнер орталықтары ғана емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық аймақ, Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен қосатын сауда жолдары өтетін аумақ ретіңде де қарастырды.

XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қазақ хандықтары мен жоңғар қоң тайшылары арасыңдағы қақтығыс бірте-бірте шиеленіскен және қан төгісті күреске айналды. Қазақтар жиі-жиі жеңіліске ұшырап, жоңғар әскерлерінің тонауына душар болды. Адамдары мен мал-мүлкін айдап әкеткен жоңғарлар кейде түгелдей бір рулар мен ауылдарды қырып кетіп отырды. Қазақтардың осы кездегі ауыр жағдайын Ш.Уәлиханов былай деп сипаттады: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап әкетіп, тұтас үйлерін тұтқынға әкетіп отырды».

Жоңғарлардың қазақ жеріне бағытталған ірі жорықтарының бірі 1710— 1711 жылдары жасалды. Осы кезде 1710 жылы Тәуке хан Қарақұмда бүкіл қазақ жүздері өкілдерінің жиналысына шақырды. Үш жүздің басы қосылған бұл жиыңда елді біріктіру, жоңғарларға қарсы батыл тойтарыс беру мәселесі қаралды. Жиынға қатысушылар қасық қаны қалғанша бірін-бірі қорғауда күш біріктіруге ұйғарды. Ант беріскеннен кейін «жұрттың бәрі дұға оқып, құрбандыққа шалынған ақбоз аттың етін жеп өз одақтарының бұзылмайтындығына сендірді». Жиында қазақ жасақтарының қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайлаңды.

Қара құм жиынында бас қосып, күш біріктірген қазақ әскерлері біршама уақыт табысқа жетеді. Ата қоныстарын қайтарған қазақ жасақшылары жоңғар жеріне де басып кіріп, көптеген олжа тауып, тұтқын айдап әкеледі. Бірақ бұл табыстар ұзаққа созылмайды, 1713 жылдың өзінде-ақ жоңғарлар жаңа шапқыншылық әрекеттер жасай бастайды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болады. Өзара келісімге келеалмаған сұлтаңдар. Тәуке ханның інісі Қайып сұлтанды хан көтереді. Хандықтан бірден-бір үміткер Әбілқайыр қазақ сұлтандарының кіші бұтағынан тарайды деген желеумен хандыққа сайланбай қалады. Осы хан сайлауынан бастап Әбілқайыр өзін тәуелсіз санап, хан билігін мойындағысы келмейді. Оның бұл дербес әрекеті 1717 жылы Аягөз маңында болған жоңғар-қазақ әскерлерінің шайқасында айқын көрінеді. Шешуші сәтте Қайып ханмен өзара ымыраға келе алмай, ұрыс даласын тастап шығады. Қазақтар ауыр жеңіліске ұшырайды.

1718 жылы жоңғарлар жаңа жорық жасап, қазак әскерлерін Арыс, Беген, Шаян өзендерінің бойында тағы да жеңіп, бүкіл Оңтүстік өңірді тонайды. Осы жылы Қайып хан да дүние салады. Хан сайлауыңда ірі сұлтандар және жүздер арасыңда ірі алауыздықтың бар екеңдігі айқын аңғарылады. Әбілқайырдың хан билігіне келуін жақтырмаған ірі сұлтандар тобы Тәуке ханның ел билеуге қабілеті жоқ дарынсыз ұлы Болатты хан тағына көтереді. Елдегі ауыр жағдайды бағалай білмеген Болат хан елді біріктіре алмайды. Ташкентте Жолбарыс ақ киізге отырып хан тағына келсе, Кіші Жүзде Әбілқайыр, Орта Жүзде Сәмеке хан болып сайланып, елдің бытыраңкылығы одан әрі күшейе түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет